Сабақ тақырыбы: Алтын күз Өтілген күні



Pdf көрінісі
Дата21.11.2023
өлшемі104,99 Kb.
#192731
түріСабақ
Байланысты:
тарбие сагаты алтын куз 14.11 (копия)



Ашық сабақ 
тақырыбы: 
Алтын күз 
Өтілген күні: 
14.11.2023 жыл 
Мұғалім Т.А.Ә 
Төрехан Несібелі 
Ашық сабақ 
мақсаты: 
1.Балаларды күз мезгілінің ерекшелігімен таныстыру; 
2.Күздің жомарттығын көрсете отырып, байлығын бағалай білуге үйрету; 
3.Қоршаған ортаны қорғауға, еңбекке үйрету 
Ашық сабақ 
жоспары: 
І бөлім: Күз туралы мағлұмат. ( слайдтар ) 
ІІ бөлім: Білім сайысы. 
Мұғалім 
Балалар !Күз. Алтын күз.Жылдың осы бір маусымында мектептерде оқу 
басталады.Бау –бақша жемістері піседі.Мал семіртіліп ,күзде мал 
қыстататын қораны даярлайды. Бұл кезде:қарлығаш,тырна ,үйрек,қаздар 
жылы жаққа кетіп ,тек қысап қалатын құстар ғана қалады.Ағаш 
жапырақтары жерге түсе бастайды.Сондықтан да бұл мезгіл «Алтын күз» 
деп атаймын 
Мұғалім 
Өсімдік-өмір кілті бұрыннан Тіршілік те өсімдіктен құралған . Бар әлемде 
өсімдіксіз өмір жоқ Барлығы да содан барып тараған 
Мұғалім 
Жұмбақтар шешу 
( 2 командаға бөлу) 1. «Бидай» 2. « Мақта» Виктариналық сұрақтар. А) 
Қант қандай өсімдіктен алынады? Ә) Ең ірі жеміс?( асқабақ) Б) Көп ағаш 
өскен жерді қалай атайды?( орман) В) Сый-құрмет ретінде сыйланатын 
өсімдік?( гүл) Г) Су ақылы таралатын өсімдік?( жалбыз 
Мұғалім 
Күз белгісі не? 
-жапырақтар сарғаяды. 
-құстар қайтады 
-күн суытып, жаңбыр жауады: 
-жеміс-жидектер піседі. 
Астық жиналады. 
күзді неге береке дейміз? 
-күзде барлық жеміс-жидектер жиналады,егін пісіп,мал семіреді. 
күзді неге байлық дейміз? 
- піскен егін, жеміс-жидек дүкендерге түседі,семірген мал сойылып,ет 
көп болады,молшылық болады. 
Сайыс жоспары: 
І кезең: Таныстыру. 
ІІ кезең: Викториналық сұрақтар. 
ІІІ кезең: жұмбақ, ребустар.
ІҮ. Сергіту сәті. Фантастикалық суреттер салу; әңгіме құрастыру. 
Викториналық 
сұрақтар 
Бұл қай мезгіл? 
Көк те, жер де көкпеңбек
Салды бұлттар көкке өрнек. 
Аспан жерге көк, жасыл, 
Бояу нұрын төккен бе? 
(көктем)
Жасыл шалғын, жапырақ, 
Жасыл барлық атырап. 
Қыздырындық күнге біз, 
Жағажайда жатып ап. 
(жаз)
Жаз да жылдам өтіпті, 


Күн суытып кетіпті. 
Киейін деп сондықтан, 
Алып қойдым етікті. 
(күз)
Есік алды сырғанақ 
Боран жатыр қарды орап. 
Жауған қарға ақ мысық 
Терезеден тұр қарап.
 (қыс)
Мұғалім 
Астрономиялық тұрғыдан Күз – 90 күнге (24 қыркүйек – 22 желтоқсан), 
ал күнтізбелік тұрғыдан 91 күнге (1 қыркүйек — 30 қараша) созылады. 
Әдетте, қыркүйек, қазан, қараша Күз айлары болып есептеледі. Күзде күн 
суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың 
жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл 
құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді 
Мұғалім 
Күзде сонымен қатар көптеген мерекелер болады, ұстаздар мерекесі, 
қарттар мерекесі, білім күні. Соның алғашқысы – 1 қыркүйек білім күні. 
Бұл күні барлық жерде оқушылар мектепке барады. Аяулы ұстаздарымен, 
достарымен қауышады. Ұстаздар мерекесі де айтулы мерекелердің бірі. 
Бұл мерекені барлық жер жерде тойлайды. Біздің мектебімізде де 
тойланады. Ұстаздарға арнап көптеген іс шаралар өткіземіз, концерттер 
қоямыз. Күз-береке бастауы демекші, күзде адамдар жаздай еккен 
бақшаларынан қияр, қызанақ, пияз, картоп жинайды. Қысқа дайындалып 
үйлеріне ағаш, көмір, отындарын төгеді, малдарына қыста жейтін 
шөптерін түсіреді. Күз-молшылық мезгілі. Мен күз мезгілін жақсы 
көремін. Себебі айналаға қарасаң көзің тоймайды. 
Қорытынды 
Оқушылардың салған суреттерін тамашалау. Әр оқушы өзінің салған 
суреті туралы әңгімелейді. Күзді неліктен «Алтын күз» дейміз деген 
сұраққа жауап айтады. 
Пікір: 
_________________________________________________ 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет