Сабақ тақырыбы Қандай әдемі балапан ! Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



Дата23.11.2022
өлшемі121,08 Kb.
#159560
түріСабақ
Байланысты:
3-сынып Асанова Ашық сабақ
ТҮСТЕР СЕРГІТУУ, Магниттік мектеп, М. Шоқай. Түркістанның қилы тағдырыpы. pdf, М. Шоқай. Түркістанның қилы тағдырыpы. pdf

«Бекітемін»
Директордың ОІЖО: Мұхамеди Ж.Ж.



Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:



I. Жанды табиғат

Педагогтің аты-жөні:

Асанова Диана Маратовна

Күні

26.09.2022

Сынып: 3 «б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қандай әдемі балапан !

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
3.​2.​2.​1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары 

Оқушылардың барлығы: тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша сөйлейді
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлемдеді толықтырады, тірек сөздер негізінде сөйлейді, сөздерді дұрыс байланыстырады
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа сәйкес тақпақ шығарады, мәтін құрайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 
7 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Үй тапсырмасын арнайы бағдарлама көмегі арқылы сұрау.

Wordwall бағдарламасы

Сабақтың ортасы
35 минут 

 Жаңа сөздерді суретті сөздік, мағыналас сөздер арқылы меңгерту

балапан ұя салады
мекендейді- тұрады, тіршілік етеді
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру
Сары балапан. Сары балапан өте сүйкімді.
Орманда мекендеу(тіршілік ету, тұру). Аңдар орманда мекендейді.
(Ө) Тыңдалым
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді 2 рет тыңдайды
Тыңдалым мәтіні
Құстар жанды табиғатқа жатады. Олар жоғары ұшады. Құстар ұяларын ағаштың басына, үйдің шатырына, қораның төбесіне салады. Құстың балапаны ұяда өседі. Құстар- біздің досымыз.
Суреттер мен сөйлемдерді сызық арқылы сәйкестендіреді. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазады.
Керекті сөздер: қарлығаш, ұясы, ұяда, қарлығаш



Бұл- қарлығаштың ... .





... жоғары ұшады.





... үйдің шатырына ұя салады.





Құстың балапаны ... өседі.





Қатар отырған көршілер жұмыстарымен ауысады. Бір-бірін тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен тексереді.


(МК, Ж) Оқылым. Диалогты рөлге бөліп оқиды.
Сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдерге сәйкес интонациямен оқуды еске түсіру.
-Қандай әдемі балапан! Бұл ненің балапаны?
-Бұл- тоқылдақтың балапаны.
-Тоқылдақ қайда мекендейді?
-Тоқылдақ орманда мекендейді.
-Тоқылдақ ұясын қайда салады?
-Ол ұясын ағаштың басына салады.
-Тоқылдақты неге «орман дәрігері» деп атайды?
-Себебі ол ағаштарды қорғайды.
1-2 жұптың жауаптары тыңдап, комментарий айту арқылы бағалау («Өте тамаша оқыдың», «Жарайсың!», «Сөздерді дұрыс оқыдың»).
Сергіту сәті Қараокемен «Қарлығаш» әнін айту
Айтылым. Өздеріне ұнайтын балапанның суретін салады және оны сипаттайды.
Қажетті сөздер: сүйкімді, әдемі, жұмсақ, кішкентай, салады, құстың, өседі, ұя салады
Дескриптор:

  • Тақырып бойынша сурет салады.

  • Сурет бойынша сипаттау мәтінін жазады.

  • Тірек сөздерді орынды қолданады.


Оқушылар тыңдалым тапсырмасын орындайды.

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!


Оқулық
Оқулық

Сабақтың соңы
3 минут

Рефлексия «Сауал» әдісі: Кері байланыс 
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін 
Сауалдарға жауап беру арқылы арқылы жеткізеді.
Сен бүгін сабақтан не үйрендің?
Бүгінгі сабақ барысы бойынша нені тағы білгің келеді?




Үй тапсырмасы: 5-тапсырма, 27-бет
Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет