Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер


Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру



бет52/60
Дата11.10.2023
өлшемі1,7 Mb.
#184683
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
Байланысты:
3 сынып қмж кан

Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Гимнастикалық таяқшамен жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. 1. Таяқшаның екі ұшыннан ұстап жоғары көтеріп оңға, солға жантаю. Шынтақты түзу ұстау. 2.Таяқшаны алдыға созып жартылай және толық отыру жаттығулары. Кеудені түзу ұстау. 3. Таяқшаны желкеге, белге қойып оңға, солға бұрылу. Өкшені қозғамау. 4. Таяқшаны жоғары көтеру, төмен еңкейю, қолды алдыға созып отыру, тұру.5. Таяқшадан аттап өтіп, қолды жібермей арқадан айналдырып әкелу.
Арнайы жаттығулар. Қозғалмалы әрекеттерді құруға арналған бұлшық еттерді, буындарды қыздыру жаттығуларын қайталату.Жекелей және жұппен жүгіруге аналған арнайы жаттығуларды қайталау.




Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы
30 минут


Оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушылар өз топтары арасында төмендегі жайттарды талқылап, ұсыныстар жасау үшін топтарға тапсырма беріліп, уақыт белгіленеді: бірінші топ сабақта орындау үшін таңдалған іс-әрекет түріне байланысты бұлшық еттердің барлық тобына жаттығу жасауы қажет, ал екінші топ сабақтың негізгі бөлігінде дене қозғалыстарынан кейін ағзаны қалпына келутіруге арналған жаттығулар кешенін жасайтын болатын. Сабақ соңында орындаған іс-әрекет түрлерінің нәтижесін және қандай бағытта әлі жаттығу керек екендігін талқылаңыздар. Оқушыларға орындалған жұмыс сапасын бағалауды ұсыну.
«Допқа тигіз». Ойыншылар екі топқа бөлініп, волейбол алаңындағы қарама-қарсы бүйір сызықтарға сап түзіп тұрады (бір-бірінен шамамен 18-20м арақашықтықта). Алаң ортасына волейбол добы қойылады. Қандай да бір (жеребе бойынша таңдалған) топ ойыншыларына теннис добы немесе басқа да бір шағын доп беріледі. Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар волейбол добын қарсылас топқа қарай домалату үшін оған берілген доптарды лақтыра бастайды. Басқа топтың ойыншылары лақтырылған доптарды жинайды және сигнал бойынша волейбол доптарына кері итеру үшін лақтырады. Осылайша, топтар доптарды кезекпен мұғалімнің анықтауы бойынша бірнеше рет лақтырады. Ойын 8-10 минутка созылады. Допты қарсы тұрған топ сызығынан асырып домалатқан топ жеңіске жетеді.
Сынып екі командаға бөлінеді. Әр командада капитан таңдалады. Ол қарсыласының алаңының соңында белгіленген дөңгелекке тұрады. Бір команданың ойыншылар допты өз капитанына лақтырады, ал басқа команданың ойыншылары оны ұстап алып, өз капитанына береді. Ойынға белгілі бір уақыт беріледі. Допты өз капитанына көп ретін берген команда жеңімпаз болады.

Мұғалімге ысқырық, гимнастикалық маттар, фишкалар, нығыздалған доптар, кегльдер.


Үлкен, бос кеңістік.
Мұғалімге ысқырық, фишкалар, теннис доптары, кегльдер.
Ысқырық
Доп





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет