Сабақ тақырыбы: Бақылау жүргізу және оның нәтижесін зерттеу міндеттерін шешуде қолдану Модуль /пән атауы



бет2/4
Дата06.02.2023
өлшемі30,72 Kb.
#167589
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Бақылау жүргізу және оның нәтижесін зерттеу, міндеттерін шешуде қолдану
Шамшетова Индира 1-топ математика, 6 сынып БЖБ теңсіздік, 77777, ҒПЗӘ бағдарлама
4. Қажетті ресурстар
Лекциялар, кітаптар
1. Давыдов В.В. Білім берудің дамыған теориясы: монография. – М.: «ОПЦ ИНТОР». - 1996. - 542 б.
2. Лазарев В.С., Коноплина Н.В. Педагогикалық білім алудағы жетілдіру тәсілдері мен құрылымдық мазмұны // Педагогика. – 2000. - №
3. – С.2 7-34. 3. Лазарев В.С., Ставринова Н.Н. Зерттеу қызметіне болашақ педагогтарды дайындау: монография – Сургут: РИО СурГПУ, - 2007. – 171 б.
4. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. - Усть-Каменогорск. - 1999 Основные термины (генерируются автоматически): мена, Педагогика.
5. Сабақтың барысы
Студенттерді түгелдеу. Жаңа сабақты хабарлау. Мақсат, міндетін түсіндіру.

Қандайда да болсын ғылымның зерттейтін пәні ғана емес, алға қойып отырған міндеттерді шешуге көмектесетін зерттеу әдістері де болады.


Педагогикалық зерттеу әдістерін байыту мен дамыту ғылым дамуынын маңызды факторы болып табылады. Бір кездері зерттеу әдістері философиялық, әлеуметтік және ойша құрылымның негізінде жасалып, педагогикалық идеялар атақты ойшылдардың шығармашылық қызметінің нәтижесі ретінде көрінген. Алайда, теориялық қызметті практикалық іс-тәжірибемен ұштастырып жүргізуді ғалымдар дамыта түсті.
Жалпы педагогикалық зерттеу әдістерін бірнеше топқа бөледі:

  1. Жалпы.

  2. Жалпы ғылыми.

  3. Арнайы әдістер.

Педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз — жалпы құбылыстарды зерттеу мен әр түрлі ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған әдіс-тәсілдер мен операциялардың жиынтығы.
Жалпы әдіс – жалпы және әмбебап сипатқа ие болады. Сондықтан бұл әдіс әртүрлі ғылым салаларында қолданылады. Ғылыми тұжырымдау процесіне бағыт бере отырып, кез келген ғылыми зерттеу жұмысында әдіснамалық міндетті орындайды.
Жалпы әдіс 2-ге бөлінеді:
Жалпы ғылыми. Бұл барлық немесе бірқатар ғылым саласында қолданылатын әдістер. Оған эксперимент, математикалық әдістер және т.б. жатады. Арнайы нақты ғылыми.
Жалпы ғылыми әдіс — барлық немесе бір қатар ғылым саласында қолданылады. Бұған эксперимент және математикалық әдістер жатады.
Ғылыми зертеудің қисынына сәйкес бұл әдістерді нақты ғылыми мәселені зерттеу барысында қолданылатын реттілік бойынша қарастыру қажет, яғни ең алдымен әдеби қайнар көздерде:
– мәселенің каншылықты қарастырылғандығын анықтау;
– қиын және шешілмеген мәсслелерді бөліп алу;
– тәжірибе және практика нәтижелерімен танысу;
– өзгерістер енгізу;
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археалоглиялық деректерді пайдаланады. Эгнография ғылымы белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология — өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда оқу мен тәрбиенің мақсаты, міндеттерін және мазмұнын анықтау үшін педагогика сол формациядағы халыктардың мәдениеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы белгілі ғылымн еңбектер мен құжаттарды басшылыққа алады. Әсіресе, мұнда жинақталған материалдар алғашқы қауымдағы тәрбиенің шығуын және оның кейбір жақтарын дәлелдеуге көмектеседі.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады. Кибернетика — грек сөзі, бұл басқару өнері деген мағына береді. Кибернетика жас ғылым, ол XX ғасырдың 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика — күрделі машиналардардағы, тірі организмдегі және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибериетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
Педагогикалық әдебиет беттерінде кибернетикалық педагогика деген ұғым жиі жазылып жүр. Оның себебі — кибернетика бірте-бірте педагогикалық құбылыстарға еніп, оларды зерттеуде зор тірекке айнала бастады.
Педагогикалық процесс үнемі кері байланыс арқылы іске асырылады. Педагогикалық процесті ойдағыдай басқару және жетілдіру үшін кибернетиканың бағдарламалап оқыту теориясына сүйеніп, мектеп жұмысында оқыту және бақылау машиналарын, техникалық құралдарды кеңінен пайдалану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет