Сабақ тақырыбы: Бақылау жүргізу және оның нәтижесін зерттеу міндеттерін шешуде қолдану Модуль /пән атауы



бет4/4
Дата06.02.2023
өлшемі30,72 Kb.
#167589
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Бақылау жүргізу және оның нәтижесін зерттеу, міндеттерін шешуде қолдану
Шамшетова Индира 1-топ математика, 6 сынып БЖБ теңсіздік, 77777, ҒПЗӘ бағдарлама
ЭкспериментЭксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық экспериментгерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі — экспериментті, екіншісі — бақылау объектісі деп аталады. Эксперименттік объектіде, мысалы, эксперимент зерттеушінің ғылыми жаэба ұсынбасы бойынша, ал бақылау объектісінде — әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкес жүргізіледі. Мектеп жағдайында бір топ оқушыларды немесе толық сынып ұжымын, мектептен тыс жағдайда өндірістік звено немесе бригаданы эксперимент объектісі етіп, ал екінші бір топ оқушылардың немесе толық сынып ұжымын, сол сияқты өндірістік звеноны немесе бригаданы объектісі етіп алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспериментті және бақылау топтарындағы, сыныптардағы, бригадалардағы оқушылардың сан және сапа жағынан теңдестіріліп алынған жөн.
Сонымен бірге мұғалімдердің қабілетінің, білімі мен стажының да шамалас болғаны шарт.
Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы эксперимент деп атайды.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиет терде экспернменттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі — табиғи эксперимент — бұл сыныпты, бүкіл ұжымда оқу тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді.
Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. Мұны жасампаз эксперимент деп атайды.
Экспериментті жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін лабораториялық зксперимент деп атайды.
Әрбір эксперименттің мақсаты зерттелетін тақырыптық сипаты мен мазмұнына, ал мерзімі — мақсатына байланысты.
Эксперимент басқа ғылыми-зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже береді. Бірақ эксперименттің барысында ғылыми материалдарды толықтырып жннақтау үшін бақылау, әңгіме, құжатгармен танысу сияқты зерттеу әдістері де қолданылады. Сонымен бірге, зерттеу барысында техникалық құралдардың да кеңінен пайдаланылғаны жөн.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде математикалық және кибернетикалық зерттеу әдістерін пайдалану мәселелері сөз етіле бастады. Бұл әдістерді қолданудың кейбір тәсілдері. Ительсонның кітабында көрсетілген. Математикалық және кибернетикалық әдістер техника мен жаратылыстану ғылымдарында кеңінен қолданыла бастады. Осы әдістерге сүйеніп, кибернетиканың математикалық статистиканың, ықтималдықтартеориясының жетістіктерін педагогикалық зерттеулерде пайдалануға болады, бірақ педагогикалық ғылымда бұл әдістерді қолдану мәселелері әлі өз дәрежесінде шешілген жоқ. Өйткені, педагогикалық құбылыстардан, сапалық өзгерістері мен өзара сандық байланыстарын арнайы өлшеу арқылы анықтау өте күрделі проблемалардың бірі. Мысалы, оқушылардың сабақ процесіндегі қабілетін, белсенділігін немесе құлықтық сапасы (патриотизм мен и нтернационалиэм, адалдық пен шындық) сияқты педагогикалық құбылыстарды өлшеуге болар ма еді? Әрине, бұл сұраққа бірден болады деп жауап беру мүмкін емес. Себебі, баланың іс-әрекеті. мінез құлқын, оның әлі де толық танылмағаны психикасына байланысты.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардың төл ісі болмай, барлық мұғалімдердің игілігіне айналуы қажет, Мұғалім өз жұмысында зерттеу әдістерін ғылыми негізде меңгеріп, социология және психология ғылимдарының әдістерімен ұштастырып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін жан-жақты зерттей алатын болады.


Сұрақтар:
1. Бақылау түрлері.
2. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері
3. Эксперимент зерттеу әдісіне түсінік беру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет