Сабақ тақырыбы: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі. 1 сабақ


ІV.Саралау тәсілі: Тапсырма. (Деңгейлік тапсырмалар). «Қарқын» әдісі



бет8/8
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#89452
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
19matem201820

ІV.Саралау тәсілі: Тапсырма. (Деңгейлік тапсырмалар). «Қарқын» әдісі.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану.
1 топ. №10.4А (1). Бірмүшені стандарт түрінде жаз.
1,8a5b7a10 = 1,8a15b7
№10.12В(2). Бірмүшені екінші бірмүшенің квадраты түрінде жаз.
100m8n4 = (10m4n2)2
№10.14С (1). Өрнектің мәнін тап.
егер 5x2y3=8 болса, онда 45x2y3 =9·5x2y3 =9 ·8 =72
2 топ. №10.4A (3). Бірмүшені стандарт түрінде жаз.
2,8xt5(-0,5x2t) = -1,4 x3t6
№10.12В (4). Бірмүшені екінші бірмүшенің квадраты түрінде жаз.
3,24m4p14 = (1,8m2p7)2
№10.14С(3). Өрнектің мәнін тап.
25x4y6 = (5x2y3)2 =82=64
Дескриптор:
- Бірмүшенің стандарт түрін жазалады;
- Бірмүшені екінші бірмүшенің квадраты түрінде жазады;
- Өрнекті түрлендіреді, мәнін таба алады.
ҚБ: « +», « -» , әдісі бойынша өзін-өзі бағалау. (есептің шығару жолы интербелсенді тақтада көрсетіледі).


Қосымша тапсырма:
Өрнектің мәнін табыңдар.
-4a2b2c2 ·6a4c3, мұндағы a=1, b=-1, c= 2
Дискриптор:
-Бірмүшені бірмүшеге көбейте алады;
-бірмүшені табады;
- өрнектің мәнін қояды, есептей алады;
- шешімін жазады.


Сергіту сәті: Стикер арқылы бірмүшелер құрастыру арқылы оқушылар жұптасады.  ,   ,  ,  , а3, b-5, xy2, z7.
ІV. Саралау тәсілі: «Ойлан-жұптас-бөліс» жұптық жұмыс.
Дифференциялық тапсырма.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
1. Терезе тіктөртбұрышты үш бөліктен тұрады. Суретте көрсетілген өлшемдерін пайдаланып, әрбір бөлігінің және терезенің жалпы ауданын табыңыз:





Дескриптор:
а) берілген суреттегі тіктөртбұрыштың бірінші бөлігінің ауданын дұрыс есептейді;
б) берілген суреттегі тіктөртбұрыштың екінші бөлігінің ауданын дұрыс есептейді;
в) берілген суреттегі тіктөртбұрыштыңшінші бөлігінің ауданын дұрыс есептейді;
г) берілген суреттегі тіктөртбұрыштың жалпы ауданын дұрыс есептейді.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі.
Мұғалім оқушыларды қолдап, мадақтау арқылы бағалаймын.
V. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Бірмүшені және оның элементтерін анықтай біледі
• Бірмүшені стандарт түрде жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі. Білу. Түсіну. Қолдану
Интербелсенді тақта арқылы тексеріледі.

Тапсырма

Коэффициенті

дәрежесі



-3

4

-1/3

6

2

7

Дескриптор:
а) берілген өрнектегі бірнеше тең көбейткіштерді топтастыра біледі;
б) санды өрнектердің көбейтіндісін есептейді;
в) тең көбейткіштерді дәрежеге шығара біледі;
г) алынған бірмүшенің коэффициентін жазады;
д) алынған бірмүшенің дәрежесін көрсетеді.
ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы бағалау жүргізіледі
Мұғалім оқушылардың өзара бағалау жүргізіледі.

А.Е.Әбілқасымова Алгебра-7. Алматы «Мектеп»,2017.-76 бет.


Bilimland.kz












Сабақтың соңы
3 минут



Рефлексия
Оқушыларға оқу мақсаттары жазылған кестені толтыру ұсынылады. Оқушылар әр оқу мақсатын қандай дәрежеде игергендігі туралы мәліметті жазады және түсіндіреді.
Мақсаты: Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігін бағалау
Ойлау дағдыларының деңгейі: Жинақтау
Оқушының өзін – өзі бағалау парағы:

Оқу мақсаты

Оқу мақсатын толық игердім

Оқу мақсаты бойынша әлі де жұмыстану қажет

Оқу мақсаттарына жете алмадым

7.2.1.2. Бірмүше ұғымын біледі, бірмүшені стандарт түрде жаза алады, оның коэффициенті мен дәрежесін анықтай алады.










7.2.1.3. Бірмүшелерге амалдар орындай алады.










Бағалау: Мұғалім оқушылардың жетістігін құптайды, қажет болған жағдайда кеңес береді.
Үйге тапсырма : №10.6 (1,3). №10.10 (2,4)

А.Әбілқасымова Алгебра-7. Алматы «Мектеп» 2017.-77 бет.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды топпен, жұппен отырғызғанда қабілеті жоғары оқушылар қасындағы құрбысына көмектесе алатындай мүмкіндік жасаймын. Оқушылар жеке, жұптық, топтық зерттеулермен, деңгейлік тапсырмалармен жұмыстанады. Сабақты өткізу барысында саралау әдістері «Менің құрбым», «Жіктеу», «Ойлан-жұптас-бөліс», «Жасырын сөз», «Дереккөздер», «Қарлы кесек», «Қарқын» әдістерін қолдандым.

Оқушылардың дұрыс жауаптарына қолдау жасай отырып, мадақтау, қажет болғанда түзету енгізу. Дескрипторлар арқылы оқушылардың өзін -өзі бағалауын және бірін- бірі бағалауын жүзеге асыру. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауда:
«Екі жұлдыз, бір тілек»; «Жарайсың!»; «+», «-»; «Бас бармақ», «Қол шапалақтау», «От шашу» бағалауларын қолдандым



Бөлме температурасының қалыпты болуын қадағалып отырады. Сынып іші таза, желдетілген.
Сабақ ортасында сергіту жаттығулары орындалады.
Орындықта дұрыс отыруы қадағаланады.
Интерактивті тақтаны қолдануда қауіпсіздік техника ережелері сақталады.



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1. Топтық жұмыс.
2.Жеке жұмыс.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет