Сабақ тақырыбы: «Денсаулық бірінші байлық»


Оқушылар сұраққа бірден жауап береді



бет2/3
Дата01.11.2022
өлшемі19,25 Kb.
#155993
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Бірінші байлық- денсаулық

Оқушылар сұраққа бірден жауап береді:
- Адамға денсаулық керек пе? (Иә)
- Жемістерді жумай жеуге болады ма? (Жоқ)
- Қоршаған орта денсаулыққа әсер етеді ме? (Иә)
- Сендер кір – қожалақ балаларсыңдар ма? (Жоқ)
- Жаяу жүрген денсаулыққа пайдалы ма? (Иә)
ҚБ: «Комментарий» әдісі арқылы бағаланады.
2. «Пазл» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар сабақ тақырыбымен байланысты суреттер арқылы топқа бөлінеді. Топқа бөліну кезінде сабақ тақырыбы туралы оқушылардың алғашқы ұғымы қалыптасады.
ІІ. Таныстырылым.
1. Оқу мақсатымен танысады. А 4 парағына оқу мақсаты жазылып, тақтаға ілінеді. Сыныпта оқушылардың көбі визуал болғандықтан оқу мақсатын көзбен көріп, оқығандары жақсы болады.
2. Сабақ мақсатын аныктайды. Мұғалімнің жетекші сұрағы: - Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыңдар? Оқушылар оқу мақсаты бойынша сабақ мақсатын анықтайды және тақтаға жазады.

1 – тапсырма Тыңдалым алды жұмыс. Қызығушылықты ояту. «Сұрақ – жауап» әдісі арқылы оқушылар талқылауға арналған сұрақтарға жауап береді. Осы тапсырманы орындау барсында оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады. Сөйлеу әрекеті дамиды. Қойылатын сұрақтар:
1. Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
2. Денсаулық туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
3. «Денсаулық – зор байлық» деген сөздерді қалай түсінесіз?
4. Қоршаған орта біздің денсаулығымызға қалай әсер етеді?
Саралау: Оқушылардың ойлау деңгейлерін ескере отырып, талқылауға арналған сұрақтар жеңіл – орташа – күрделі болып құрастырылған.
Тыңдалым үстіндегі жұмыс. Мұғалімнің ескертуі: Факті мен көзқарасты ажырату үшін оқушылардан «Факт» және «Көзқарас» не екендігін сұрап алу. Анықтамаларын тақтаға шығару. Мұғалім мәтінді 3 рет оқиды, оқушылар мұқият тыңдайды. Тыңдау барысында «Ажырату кестесі» әдісі арқылы оқушылар факті мен көзқарасты ажыратып, кестені толтырып отырады.
Факт Көзқарас
Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушылардың тыңдалым және ойлау дағдылары қалыптасады.
Денсаулық және қоршаған орта.
Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады. Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде – қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық – химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қарап отырғанымда, қоршаған ортаның ластануы санитарлық – гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады. Қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығының төмендеуіне әкеліп соғады деп ойлаймын. (Оқушылардың деңгейлері мен қажеттіліктеріне сәйкес мәтін өңделді.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет