Сабақ тақырыбы Ғылыми жаңалықтар (ашулар) мен технология. Жалғаулық шылаулар. Оқу мақсаты



бет10/11
Дата06.02.2022
өлшемі204,81 Kb.
#48609
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Оқылымның мәтіндері
«Әлемдегі мәдениет пен өнердің қаласы қайсы?» дегенде әркімнің әрқалай жауап беретіні белгілі. Еуропаның халқы әрбір ірі қаланы мәдени орталыққа балайды. Соңғы зерттеулер бойынша 2012 жылы кинотеатрлар мен көпшілікке арналған кітапханалар санынан Париж, мұражайлардан Лондон, кітап дүкендерінен Токио, ал театрлар саны жағынан Нью-Йорк алдыңғы қатарда тұр екен. Бұл мәліметтерді оқығанымызда Қазақстанда қанша кинотеатр, театр, кітап дүкендері мен мұражайлар бар деген ой келді. Қателеспесек, Алматыда көпшілікке арналған 21 кинотеатр, 4 ірі театр, бір опера және балет театры бар екен. Жалпы алғанда, елімізде 66 кинотеатр, 52 театр, 72 мұражай (17-сі мемориалды, 6-уы арнайы), саусақпен санарлық опера және балет театрлары (Алматы, Астана, Шымкент) бар. Кітап дүкендері туралы айтпасақ та, жақсы білесіздер. Мәдени кеңістік халықты парасаттылыққа, ұстамдылыққа, кемеңгерлікке тәрбиелейтіні мәлім. Сондай-ақ, шетелде мәдени орындар тек мәдени саланы дамыту үшін емес, экономика мен сауда-саттықты арттыру үшін де қажет. Яғни руханият, мәдени даму экономиканың көлеңкесінде қалмай, керісінше, оның ілгері жылжуына жағдай жасауда. Ішіңізден, осы сендер-ақ қазақты біреумен салыстырып, «Анау олай, мынау былай», – дегендеріңді қашан қоясыңдар десе де әркімнің өз еркі. Бірақ бұл ретте салыстырмау тағы мүмкін емес...
Қазақ музыкасы американдық музыканы еске түсіреді...
Сіз бірнеше жыл бойы Америкада тұрдыңыз. Халқын жақсы танып-білдіңіз. Олардың мәдени, ру­хани дүниеге жақындықтары қалай? Театр, опера, балет қойылымдарына жиі барып тұра ма? Мұндай мәдени орындарда олар өзін қалай ұстайды? Көрермендік мәдениеті қандай?
– Америкада кез келген әлеуметтік топтың, мейлі ол жас болсын, кәрі болсын, ұлтына, дініне, діліне қа­ра­мастан өзіндік мәдени және рухани қызығу­шы­лық­тары бар. Америка полиұлтты ел болғандықтан өнерге деген талғамы да әр түрлі болып келеді. Яғни алуан-алуан ағымдар мен мәдени ерекшеліктерге орай бейімделген. Мысалы, менің ең сүйікті композиторым Джордж Гершвиннің шығармашылығы – ға­жа­йып қара нәсілдік джаз, пуэрто-рикандық лирика мен дәстүрлі еврей музыкасының қосындысы. Гер­ш­вин нағыз американдық музыканы жазып, Амери­ка­ға кеңі­нен танылды. Ал американдық музыка өз ке­зегінде көп қырлы квинтэссенция болып табылады. 
Мысалы, Леонард Бернстайнның шығар­ма­шылығын алайық. Ол американдық бола тұра, адамзат баласына XIX ғасырдың австриялық композиторы Гюстав Малердің өнерін паш етті. Халық ара­сында баяғыда-ақ ұмытылған Малердің есімін қайта тірілтті. 
Негізі, музыканы бірден қабылдау оңай емес. Әсіресе, симфониялық және опералық музыканы түсіну қиын. Америкада да солай. Сондықтан жастар арасында көбінесе рок, поп және реп стиліндегі му­зыка аса танымал болса, орта буын өкілдері джазды сүйіп тыңдайды. Ал классиканы, әдеттегідей бі­­лімді, ауқатты адамдар тыңдауға әуес. Алмаз ШАРМАН, 
медицина ғылымдарының 
докторы, профессор

Сауалнама
Оқушының аты-жөні:

1.Мен музыканы не үшін тыңдаймын?









2. Музыка тыңдауға қанша уақыт жұмсайсың?



3.Музыка маған қалай әсер етеді?



4. Менің достарым қандай музыканы, қашан және не үшін тыңдайды?



5.Қазіргі жастар қандай әуендерді тыңдағанды ұнатады?

  1. Менің отбасымның музыкалық талғамы қалай ерекшеленеді?




7.Музыкада жаһанданудың әсері бар ма?


Өтілген күні:


Сыныбы:
Оқушының аты –жөні:
Бөлім: Музыка,өнер және әдебиет
Критерий: О6 Оқылым стратегияларының түрлері Ж12 Пунктуациялық нормалар
Сабақтың мақсаты ОМ1 Оқылым стратегияларының түрлерін анықтау: жан жақты талдап оқу (рөлі) арқылы зерттеу, комментарий жасау, іріктеу
ОМ2 Сөйлем мүшелері, жай сөйлем және құрмалас сөйлем түрлерін ажырата алады, тыныс белгілерін дұрыс қолдана отырып жазады

Оқыту мақсаты

Критерийлер

Дескрипторлар

Жетті

Талпынады

Қорытынды

жетті

талпынды


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет