Сабақ тақырыбы Жазық және сфералық айналар



Дата01.05.2024
өлшемі180,81 Kb.
#201659
түріСабақ
Байланысты:
sabak-zhospary-1
Температура, Магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11 – ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ



Мектеп: НЗМ Талдыкорған қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Майкожанова А.А. Тулегенов Д.Т



Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазық және сфералық айналар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11. 6.2.2 - сфералық айнада сәуленің жолын салу және есептер шығаруда сфералық айнаның формуласын қолдану;



Сабақ мақсаттары




Жетістік критерийлері

  • сфералық айналарда кескін алу үшін сәулелердің жолын сызады;

  • сфералық айна көмегімен алынған кескінді сипаттайды және есептер шығарады.




Тілдік мақсаттар



Оқушылар орындайды:
физикалық процессті, заңдарды, теорияны, формуланы, алынған модельдерді, тұжырымдарды, тәжірибені сипаттау үшін пәндік лексиканы пайдалану.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қазақша

Ағылшынша

Орысша

Жарық cәулесi

Light rays

Луч света

Түскен сәуле

Incident ray

Падающий луч

Шағылған сәуле

Reflected ray

Отраженный луч

Түсу бұрышы

Angle of incidence

Угол падения

Шағылу бұрышы

Angle of reflection

Угол отражения

Бетке жүргiзiлген нормаль

Normal to surface

Нормаль к поверхности

Сфералық айна

spherical mirror

Сферическое зеркало

Дөңес сфералық айна

Convex mirror

Выпуклое сферическое зеркало

Ойыс сфералық айна

Concave mirror

Вогнутое сферическое зеркало

Шын кескін

Real image

Действительное изображение

Жалған кескін

Virtual image

Мнимое изображение

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы, сөз тіркестері:
Сфералық айналар - шағылдыратын беттері сфералық беттер (сфералық сегмент) болып келетін айналар. Сфералық айналар ойыс және дөңес болып бөлінеді.
Сфералық айнаның фокустық қашықтығы оның сфералық бетінің радиусының жартысына тең.

Құндылықтарды дарыту



Ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Жоспарланған жоқ.

Бастапқы білім



8-сынып жарықтың шағылуы. Жазық және сфералық айналар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
0-2 мин

2-5 мин


Ұйымдастыру.
Суретте қандай кескіндерді көріп тұрсындар? Бұл скульптура қайда орналасқан? Осы сұрақтарды аша отырып оқушылар өздері тақырыпты айқындайды.
Оқу мақсаты және сабақтың мақсаттарың оқушылармен бірлесе айқындау.



Слайд 1


Сабақтың ортасы
15-25 мин

25-40 мин


40-75 мин





Суретте қандай кескіндерді көріп тұрсындар?
Бұл айналардың бірінде кескін төңкерілген, ал екіншісінде тура. Неліктен?
Бұл кескіндердің қасиетін сипаттау үшін, біз сфералық айналарды және оларда кескін алуды үйренуіміз қажет.
Сфералық айналар - шағылдыратын беттері сфералық беттер (сфералық сегмент) болып келетін айналар.
Сфералық айналар ойыс (а) және дөңес (б) болып бөлінеді.

(D) АКТды қолдану:
1) http://www.youtube.com/watch?v=YtJNHN2xB6k
2) http://www.youtube.com/watch?v=YjFB6je1T9g
Р нүктесі- сфералық айнаның орта нүктесі (айна полюсы). С нүктесі- сфералық айнаның оптикалық центрі. R – сфералық айнаның радиусы. F нүктесі - сфералық айнаның фокусы. Ойыс айнада шын фокус (а), дөңес айнада жалған фокус (б). Сфералық айнаның оптикалық центрі және полюсы арқылы өтетін түзу (СP) сфералық айнаның бас оптикалық осі деп аталады.
Сфералық айнаның қолданылуын жалпы сыныппен талқылап өтеді.
Сфералық айнаның фокусы (FP=F):

Топпен жұмыс.


Зерттеу арқылы оқу.
Оқушыларға құрал-жабдықтар беріледі:
Сфералық айна, жарық көзі, постер, сызғыш.
(G) Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. Мұғалім тарапынан төрт тапсырма ұсынылады:
Тапсырма №1
Нәрсе ойыс айнадан екі еселенген фокустан үлкен (d>2F) болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаңыз.
Тапсырма №2
Нәрсе ойыс айнадан F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаңыз.
Тапсырма №3
Нәрсе ойыс айнадан d=2F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаңыз.
Тапсырма №4
Нәрсе ойыс айнадан d болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаңыз.

Топтар берілген плакаттарға кескіндерді жасайды.


Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды және бағалайды. Оқушыларғы қажет болған жағдайда көмек көрсетеді.
Соң тақтаға шығып әр бір топ өзінің тапсырмасын қорғайды.
Оқушылар тапсырмаларын қорғап болғаннан кейін жалпы қорытынды жасаймыз.

Жұппен жұмыс. Ағылшын тілінде екі есеп.


Өзін-өзі бағалау. Дайын марк схема бойынша оқушылар өздерін тексереді.
Сабақ бойынша қорытынды жүргізіледі.




Сабақтың соңы
75-80 мин


Кері байланыс: (ауызша түрде) Білдім... Түсіндім... Үйрендім... Кездескен қиындық...




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Топтық, жұптық жұмыс барысында қабілеті жоғары оқушы қасындағы оқушыға басқаны үйрет әдісі бойынша түсіндіреді

Топтық жұмыстағы оқушылардың орындаған тәжірибелері мен тапсырмалары. Өздік бағалау жұмысы.

Тәжірибе көрсету барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтану.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет