Сабақ тақырыбы: Желтоқсан құрбандары Сабақ мақсаты


-оқушы: Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай кинолар түсірілді? Сарапшы



бет11/11
Дата06.02.2022
өлшемі60,5 Kb.
#64379
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4-оқушы: Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай кинолар түсірілді?
Сарапшы: Желтоқсанның ащы шындығын айтатын бірнеше деректі фильмдер түсірілді. Талғат Теменовтың режиссерлығымен «Қызғыш құс» атты фильм өмірге келді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар жастарға айтар тілегіңіз қандай?
Тілектер: 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні, 17 желтоқсан-Демократиялық жаңару күні деп аталып өтіп жүр. Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл-қыздарды ұмытпайық. Тәуелсіздік туын биік ұстап, алға баса берейік!
Арнау:
А.Владимирова:

М. Шаханов. Төрт жыл кешіккен шындық


Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,


Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына деп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділесіз соққысынан құладың.

«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыптадың ұланым.


Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғаным
Керең болып қалды ма екен неге менің құлағым
Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған


Намысыңды жықпай өттіңнәубет, дүлей маусымнан.
Жасап қалған шақтарымды жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең.......


Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.
Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы


Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
М.Шаханов атамыздың «Төрт жыл кешіккен шындық» өлең жолдарымен аяқтағанымыз жөн болады. Өлең жолдар оқылғаннан кейін: Желтоқсан құрбандарын 1 минуттық тыныштықпен еске алынады.
Қорытынды: Желтоқсандық өрендер ұмытылмайды, ерліктері мәңгілік сақталады.
Желтоқсан оқиғасы біздің еліміздегі дүние жүзіне мойындатқан күн. Тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсаны - ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Алдағы келе жатқан тәуелсіз елдігіміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет