Сабақ тақырыбы: Желтоқсан құрбандары Сабақ мақсаты


Жүргізуші: Г.В. Колбин – ол кім? Қайдан келген? - деген сұрақ туындайды. Тарихшы



бет3/11
Дата06.02.2022
өлшемі60,5 Kb.
#64379
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жүргізуші: Г.В. Колбин – ол кім? Қайдан келген? - деген сұрақ туындайды.
Тарихшы: Колбин Г.В. жайлы тарихи анықтама береді.
Колбин Геннадий Васильевич (7.5.1927, Свердлов облысы Нижний Тагил қаласы – 19.1.1998, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер. Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы (1986 – 89). Нижний Тагил Тау металлургия техникумын (1947), Урал политехникалық институтын (1955) бітірген. 1947 – 54 ж. және 1957 – 58 ж. Нижний Тагилдегі қорғаныс кәсіпорнында конструктор - технолог, технология бюроның бастығы, бас инженердің орынбасары, 1956 – 57 ж. Урал политехникалық институтында аспирант болды. 1959 – 70 ж. Нижний Тагилдегі Ленин ауданында екінші, бірінші хатшықалалық партия ұйымының екінші, бірінші хатшысы, 1970 – 75 ж. Свердловск облысы партия комитетінің үшінші, екінші хатшысы, 1975 – 83 ж. Грузия Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы, 1983 – 86 ж. Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. 1986 – 89 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы, 1989 – 90 ж. КСРО Халықтық Бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Колбин Қазақстанда Д.А. Қонаевтың орнына келді. Оның билігі кезіндегі қысымда қазақтардың ұлттық санасы көтеріліп, 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі мен 1989 ж. Жаңаөзен оқиғасы белең алды. Қазақтар республикадағы жетекші ұлтқа айнала бастады. Колбин жергілікті халықтың саяси белсенділігін төмендету үшін жазалау шараларын күшейтті (Қылмыстық жауапкершілікке тарту, жұмыстан, оқудан шығару, тағы басқалар). Бірақ бұл шаралар еш нәтиже бермеді. Қазақстандағы саяси жағдайдың одан әрі у шығуынан қауіптенген КОКП ОК К - ді Мәскеуге алдыртып, орнына Н.Назарбаевты қоюға мәжбүр болды. Екі рет Ленин, Октябрь революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Саясаттанушы: 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ?
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналуы жайлы мәліметтер береді. Желтоқсанға қатысушылардың естеліктері оқылады.
Қосымша мағлұмат: Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фунзеден-100, Ташкенттен-300, Челябіден-203, Новосибирскіден-203, Свердловскіден-225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Оны біз төмендегі куәгерлердің сөзінен байқаймыз.

Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет