Сабақ тақырыбы Кіріспе сабақ : Ежелгі Қазақстанға саяхат



бет129/134
Дата22.11.2019
өлшемі7,85 Mb.
#52279
түріСабақ
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134
Байланысты:
5 сынып ҚМЖ сатып алынған-2 (3)





Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты



Мұғалімнің аты-жөні: Өтегенова С.К

Күні: 30.04.2018ж

СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.1.1.2 – Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпатын анықтау



Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Сарматтардың саяси тарихы


Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.



Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


1-топ:

«Бақыт» вагоны



2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны



3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны



Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)



Зерттеу сұрағы: Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты қалай өзгерді?

Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы

10 минут




Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.


Антропология деген не?


Толық мақаласы: Антропология

Халықтың шығу тегін зерттеуде антропологиялық деректердің мөні зор. Антропология — адам ағзасының белгілі бір географиялық ортада, белгілі бір уақыт шеңберінде езгеруін, осы өзгерістердің неден, қалай болатыны заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Зерттеу объектісі биологиялық түрлердің бірі адам болғандықтан және зерттеу әдістері биологиялық төсілдерге сүйенетіндіктен, антропология биология ғылымына жатады.

Адам баласы жанды тіршілік иелері ішіндегі тарихты жасаушы әлеуметтік белсенді организм болғандықтан, антропологияның тарихи антропология деп аталатын саласы биология және тарих ғылымдарының әдіс-төсілдерін пайдаланады, ал зерттеу нәтижесі кәбінесе тарихқа қатысты болады.

Антропология ғылымын үш сатыға бөлу қалыптасқан:



  1. Адам морфологиясы;

  2. Адам баласының шығу тегін зерттейтін сала (антропогенез);

  3. Нәсілдерді зерттейтін сала (расогенез).

Халықтың арғы шығу тегін зерттеуде антропологияның нәсілдік ұқсастықтарды, өзгешеліктерді зерттейтін салаларының маңызы зор.

Адамдардың белгілі бір географиялық аймаққа бейімделуімен, шығу тегіндегі белгілі бір ортақтастығымен қалыптасатын ұқсастықты нәсіл немесе антропологиялық түр-сипат деп атайды. Антропологиялық түр-сипат халық боп бірігу барысында қалыптасады.


Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың түр-сипаты


Толық мақаласы: Қола дәуірі

Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1 -мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалармекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуроиеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны дөңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас.

Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны қусырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимоватындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден андрондық тұрпатты көруге болады.

Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы


Толық мақаласы: Темір дәуірі

Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дәңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады.

Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропеоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайкыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.

Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау. Б.з.д. V—III ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас сүйектері Жетісу сақтарынікіне ұқсас, оларда да монғолоидтік сипат бар.

Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың есептеуінше, сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар басым болды. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет. Өткен ғасырдың 40—50-жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Г.Ф.Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О.Исмағұловтардың деректері бұл өңірдің антропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті.

Түсіндіру.

Топтық, жеке жұмыс жүргізу.

Дәптермен жұмыс.



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар



Сергіту сәті

2 минут


«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Ой қорытыу

БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет