Сабақ тақырыбы: Көктемгі өзгерістер. Дағды: Грамматика және жазылым



Дата30.01.2023
өлшемі133,81 Kb.
#166737
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ конспектісі Көктемгі өзгеріс 4 сынып


4 « АВГ» – сынып

Сабақ тақырыбы:

Көктемгі өзгерістер.




Дағды:



Грамматика және жазылым




Оқу мақсаттары:

4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және
нақтылау мақсатында сұрақтар құру
4.5.1.3. Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын
ауызекі және жазба тілде қолдану
4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша
тілде қолдану




Лексикалық минимум

Былтыр, тағы, табиғат оянады, жылғалардан су ағады




Алдыңғы білім

Халықтық болжам




Пән аралық байланыс

























Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Оқушыларға
психологиялық
ахуал туғызу



Мұғалім «Көңіл күйді анықтау» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға көктем мезгіліне байланысты суреттер көрсетіледі. Мұғалім «миға шабуыл» ретінде оқушыларға сұрақ қояды: «Бұл қай мезгіл? Табиғаттағы қандай өзгерістерді байқадыңдар?» Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мұғалім оқушыларға тақырыпты болжатады. Мұғалім сабақтың тақырыбын және мақсатын айтады.Сондай ақ оқулықтағы
«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада берілген сөйлемдерді оқушылар оқып шығады. Берілген сөйлемдердің көктем мезгіліне қатысты екендігін айтады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды.
Мадақтау сөздерімен бағалайды
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға суреттер арқылы жаңа сөздерді меңгертеді. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрайды.
«Сөйлесейік» айдарында оқушыларға жұпта талқылау үшін сұрақтар беріледі. Оқушылар жұптасып сұрақтарға жауап береді, талқылайды. Тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың а«Тыңдайық» айдарында оқушылар Бота Бисенованың «Көктем келді»
әнін 2 рет тыңдайды. Әнді тыңдамас бұрын мұғалім оқушыларға мұқият тыңдау керектігі туралы кеңес береді. Оқушылар әңді тыңдап болған соң, өлеңнің сөзі бойынша түсіп қалған сөздерді толықтырады, оқиды. Тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырма топта орындалады. Әр оқушыға әннің сөздері таратылады. Оқушыла тапсырма оқушыларды сергітіп, көңіл күйлерін көтеруге ықпал етеді
Тыңдалым мәтіні:
Әнді тыңда, толықтыр. (Дайын әнді салу. Соны тыңдап бос орындарды толтыр)
Оқушылар тыңдалым соңында тапсырманы жазбаша орындайды. «Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар өлеңді қайталап тыңдап, болып кеткен іс-әрекетті және енді болатын іс-әрекетті білдіретін сөздерді табады, кестені толтырады. Тапсырманы жұпта орындайды
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану мақсатын жүзеге асырады.
«Жаттығайық» айдарында оқушылар септік жалғауларын қайталау мақсатында сөздерге септік жалғауларын дұрыс жалғап жазулары керек. Әр топқа бірнеше сөйлемдер беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, ортаға шығып сөйлемдерін оқиды. Мұғалім оқушыларға кері байланыс орнатады.
«Жазайық» айдарымен берілген тапсырмада оқушыларға әр абзацты жалғастырып, көктем мезгілін сипаттайды.Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Сабақты меңгерсе алмаағашының алма-стикеріне, жақсы әсер алса, бәйтеректің жапырақ стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса, кактустің төртбұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс орнатады.

алмаағаш бәйтерек кактус





Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл- күйін сипаттайтын сурет (смайлик) т/б салады.







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет