Сабақ тақырыбы Көпжақ ұғымы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/5
Дата14.09.2023
өлшемі367,44 Kb.
#181027
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Көпжақ ұғымы
Алтын сақа тапсырмасы, 3-ex pisa (1)
Сабақ барысы

Сабақтыңкезеңдері

Сабақтаорындалатын іс-әрекеттер

Оқытуресурстары

Сабақтың басы:
5мин

Сабақтың ортасы


10 мин

5 мин


5 мин

5 мин

5 мин

5 мин

Ұйымдастыру. Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. Оқушыларды үш топқа бөлу:
1.Куб
2. Пирамида
3. Призма
Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу;


Көпжақ –беті саны шектеулі жазық көпбұрыштардан құралатын дене.
Көпжақтардың компоненттері
Жазықтық пен дөңес көпжақтың бетінің ортақ бөлігі жақ деп аталады.
Жақтардың қабырғалары- көпжақтың қырлары деп аталады
Жақтарының төбелері- көпжақтың төбелері деп аталады



Призма деп әр түрлі жазықтықтарда жататын және параллель көшіргенде бір- біріне келіп беттесетін екі көпбұрыштан және осы көпбұрыштардың сәйкес нүктелерін қосатын барлық кесінділерден тұратын көпжақты атайды
призманың құрам бөліктері:
Көпбұрыштар- призманың табандары деп аталады
Сәйкес төбелерді қосатын кесінділер призманың бүйір қырлары деп аталады.
Призманың биіктігі деп табандарының арақашықтығын айтады.
Призманың бір жағына тиісті емес екі төбесін қосатын кесіндіні призманың диагоналы деп атайды.



Призманың құрам бөліктерінің қасиеттері:
табандары тең
табандары параллель жазықтықтарда жатады
бүйір қырлары параллель және тең

призма түрлері:
Тік призма- бүйір қырлары табандарына перпендикуляр

Көлбеу призма- бүйір қырлары табандарына перпендикулар болмайды


Дұрыс призма- тік призманың табандары дұрыс көпбұрыш

Призманың табаны параллелограмм болса, онда ол параллелепипед деп аталады.


Параллелепипедтің қасиеттері:
Параллелепипедтің қарама- қарсы жатқан жақтары параллель және тең болады
Параллелепипедтің диогональдары бір нүктеде қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді

Параллелепипедтің түрлері:
Тік бұрышты параллелепипед- табаны тік төртбұрыш болатын тік параллелепипед.

Куб – барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед.

Пирамида- жазық көпбұрыштан, табан жазықтығында жатпайтын нүктеден және осы нүктенітабанының нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған көпжақ.
Пирамиданың бөлік құрамдары:
Жазық көпбұрыш- пирамиданың табаны
Табан жазықтығында жатпайтын нүкте- пирамиданың төбесі
Пирамиданың төбесін табанының нүктелерімен қосатын кесінділер –пирамиданың бүйір қырлары
Пирамиданың биіктігі деп пирамиданың төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикулярды атайды.

пирамиданың түрлері:
п-бұрышты – пирамиданың табаны n-бұрыш

Дұрыс пирамида – табаны дұрыс көпбұрыш болатын, ал төбесінен түсірілген биіктік табанының центріне дәл келетін

Қиық пирамида- пирамиданың табан жазықтығына параллель және оның бүйір қырларын жазықтықпен қиып өткенде пайда болған көпжақ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет