Сабақ тақырыбы Көпжақты бұрыш және геометриялық дене туралы түсінік беру



Дата19.12.2021
өлшемі52,78 Kb.
#103396
түріСабақ
Байланысты:
1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көпжақтар



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көпжақты бұрыш және геометриялық дене туралы түсінік беру


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.1- көпжақты бұрыш және геометриялық дене түсінігін қалыптастыру; олардың жазықтықтағы кескінін сала білу;


Сабақ мақсаты мен міндеттері

Оқушылар:

- көпжақты бұрыштарды және геометриялық денелерді таниды;

- оларды жазықтықта салады;


Бағалау критерийлері

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын сипаттай алады;

  • екіжақты бұрыштың анықтамасын біледі;

Құндылықтарды дарыту



  • оқушыларды өзін-өзі және топты бағалату арқылы азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру;

  • топтық және жұптық жұмыстарда проблемалық сұрақтарды талдата отырып ашықтыққа тәрбиелеу;

  • өз бетімен жеке жұмыс жасату арқылы өмір бойы білім алуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Математикалық статистика және қолданбалы математика, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Графикалық калькулятор көмегімен есептерді шығару, талдау, салыстыру

Бастапқы білім

Негізгі аксиомалар мен планиметрия теоремаларын, әртүрлі көпбұрыштардың қасиеттерін; үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін білу. Жазық көпбұрыштарда кесінділер мен бұрыштарды таба білу, есептерді шешу кезінде ұқсас фигуралардың қасиеттерін қолдана білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару.

  • Өткен білімдерін еске түсіру.

  • Үй тапсырмасын тексеру, талдау.

  • Түрткі сұрақтар қоя отырып бүгінгі сабақты алдыңғы сабақпен байланыстыру, оқушыларды мақсатын оқушылармен бірлесе отырып ашып алу.

Геометрия оқулығы. Шыныбеков Ә.

Сабақтың ортасы
15 минут

15 минут


15 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Екіжақты бұрыш және оның өлшемдері ұғымын, сызықтық бұрыш ұғымын енгізіңіз, содан кейін оқушыларды екі жазықтық арасындағы бұрыш ұғымына жетелеңіз. Қиылысушы екі түзу арасындағы бұрыш сияқты бұл бұрыш та 0-ден 90 градусқа дейінгі аралықта болады.


Екіжақты бұрыш деп ортақ бір түзумен шектелетін екі жарты жазықтықтан жасалған фигураны айтады. Жарты жазықтықтары – екіжақты бұрыштың жақтары

деп, ал оларды шектейтін түзуді қыры деп атайды.

Жақтары α және β, қыры a болатын екіжақты бұрышты αаβ деп белгілейді.

Ескерту. Кейде αаβ екіжақты бұрышы а ортақ шекаралық түзуге ие болатын α және β екі жарты жазықтығынан құралған деп те айтады.

Бір кітаптың екі бетімен жасалған, кубтың екі көршілес жақтарымен жасалған фигуралар – екіжақты бұрыш моделі.

Екіжақты бұрышты өлшеу үшін оның сызықтық бұрышы ұғымын енгіземіз. αаβ екіжақты бұрышының а қырына кездейсоқ О нүктесін белгілейміз және α мен β жақтарында О нүктесінен а қырына перпендикуляр ОА және ОВ сәулелерін жүргіземіз. Осы сәулелерден құралған АОВ бұрышы αаβекіжақты бұрышының сызықтық бұрышы деп аталады. және болғандықтан, АОВ жазықтығы а түзуіне перпендикуляр. Бұл екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы берілген екіжақты бұрыш пен оның қырына перпендикуляр жазықтықтың қиылысуы дегенді білдіреді.



Анықтама. Екіжақты бұрыштың өлшемі деп, оның сызықтық бұрышының өлшемін айтады.

Екіжақты бұрыш сүйір, тік және доғал болады, егер оның сызықтық бұрышы сәйкесінше сүйір, тік немесе доғал болса.





Анықтама. Қиылысатын екі жазықтық арасындағы бұрыш деп, олардың қиылысуынан пайда болған бұрыштардың кішісін айтады.

Параллель немесе беттесетін жазықтықтар арасындағы бұрыш нөлге тең деп қабылданады.




Оқушыларға дифференцияциялық тапсырмалар беріледі.

Өзара тексеруді ұйымдастыру. Қиындық тудырған тапсырманы сыныппен бірге талдау.



А деңгейі.ABCDA1B1C1D1 кубында ABC1 және ABC жазықтықтары арасындағы бұрышты табыңыз.



В деңгейі.ABCDA1B1C1D1 кубында ABC және ACD1жазықтықтары арасындағы бұрышты табыңыз.



С деңгейі.ABCDA1B1C1D1 кубында BA1C1және BA1D1 жазықтықтары арасындағы бұрышты табыңыз.



Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
№1. Ұзындығы 3,2 тең кесіндісі ABCD ромб жазықтығына (∠ADC - доғал) перпендикуляр. Ромб диагональдары 12 және 16 тең. Келесі жазықтықтар арасындығы бұрышты табыңыз: а) АВС және КВС;

[5]


Дескриптор: Білім алушы:

  • сызбаны дұрыс орындайды;

  • ромбтың ауданын табады;

  • ромбтың қабырғасын табу үшін Пифагор теоремасын қолданады;

  • ромбтың ауданын қолданып, биіктігін табады;

  • белгісіз бұрышты анықтайды






Сабақтың соңы

2 минут


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет


Үйге тапсырма: №1. Ұзындығы 3,2 тең кесіндісі ABCD ромб жазықтығына (∠ADC - доғал) перпендикуляр. Ромб диагональдары 12 және 16 тең. Келесі жазықтықтар арасындығы бұрышты табыңыз: ә) АKD және КDС;





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Жұптасып жұмыс жасау

Бағалау критерийін қолданып жұптық жұмысты және қалыптастырушы бағалау жұмысын жүргізу, ауызша бағалау, кері байланыс

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет