Сабақ тақырыбы Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары Оқу мақсаттары



бет2/2
Дата18.01.2020
өлшемі87,14 Kb.
#56093
түріСабақ
1   2
Байланысты:
8кл
11 тест б, 11 сынып 07.04, К.Роберт- Богатый ребенок, умный ребенок, К.Роберт- Богатый ребенок, умный ребенок, К.Роберт- Богатый ребенок, умный ребенок, инклюзив 9 пр

Жоғарыдан бір қолмен беру.Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.

Бір қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.
Қағып алу – баскетболшының допқа ие болуына себепші болатын тәсіл. Жақсы қағып алып басқа тәсілдерді тиімді орындауға әсер етеді. Қағып алуға дайындық қағып алудан кейінгі тәсілдің бастапқы жағдайында келтіретіндей допқа ие болуды қамтамасыз етуі керек. Екі қолымен қағып алу. Қағып алу үшін қолын екі жақтан допқа ұмсыну керек, нәтижесінде доп ұшып келетіндей жарты сфера жасалады.
Допты орнында тұрып бір қолымен қағып алу. Қолына доп тиісімен допты қысып ұстап, не денесіне жақындатуы не келесі әдісті қолдана алатындай бағытта қозғауы керек. Қолды бүгу- доптың ұшу жылдамдығының амортизациясы қызметін қамтамасыз етеді. Доп қолға тигенде қатты соғылмауы керек, сондықтан қолды ертерек бүгу керек. Бір қолмен допты қағып алу, екінші қолмен допты қағып алуға мүмкіндік жоқ болғанда немесе қағып алғаннан кейін бір қолмен тәсіл жасау керек болғанда қолданылады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • Жаттығуларды орындау кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады;

  • Жоғарыдан бір қолмен допты дұрыс береді;

  • Бір қолмен төменнен допты дұрыс береді.


Сұраңыз: Жаттығулар орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар.
Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.html
Баскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Y
https://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26s
https://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjI

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti
Баскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26s
https://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4
Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.html


Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин



Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:



Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдылары.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын барлық білім алушылар қолдануын біледі деп жоспарлап отырмын.
Қабілеті жоғары оқушыларға ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдану бойынша сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

Оқуды бақылау

Сұрақтар мен жауаптар

Өзін-өзі бағалау

Білім алушыларды рефлексиялау арқылы



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары тақырыпқа сай қойылған. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Сабақ 40 мин қамтыды. Ауытқулар байқалмады. Оқушылардың белсенділігі жрғары болды.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Оқушылар баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін білді және сақтады;

2:Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдана алды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Сабақты жақсартуға қимыл – қозғалыстың көптігі тиімді әсер етті.
2:Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті сақтай алу оңды әсерін тигізді.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет