Сабақ тақырыбы Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы Сабақтың мақсаты


«Тарланым», «Арыстан одан кім өткен,,,», «Мұнар күн» өлеңдерін мәнерлеп оқытып, мазмұны мен мәнін ашқызу



бет2/4
Дата20.12.2022
өлшемі66,52 Kb.
#163454
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Maxamb

«Тарланым», «Арыстан одан кім өткен,,,», «Мұнар күн» өлеңдерін мәнерлеп оқытып, мазмұны мен мәнін ашқызу:
Махамбеттің Исатайды соншама дәріптеуінің негізгі түйіні — "қызғыштай болған есіл ердің” ерлігі жолдасты тастамайтындығын да ғана емес, сол ерлікті патшаға, ханға, билерге қарсы, еңбекші бұқараны жауыздардың қанды шеңгелінен босату үшін жұмсағандығында. Махамбет Исатайды халық үшін белдескен ер, батыр, ел басшысы, қамқоры етіп суреттейді. Исатай өліміне ақын қабырғасы қатты қайысады. Исатай қазасына байланысты өлеңдерінде де ақын оның бейнесін тереңдеп аша түседі. http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/8024-5_maxambet_otemisuly_munar_kun
Оқушылар тыңдайды. Алған әсерлерімен бөліседі.
"Мұнар күн” — Махамбеттің батыр өліміне арналған классикалық шығармаларының бірі.
Өлең "Мұнар да, мұнар, мұнар күн” деген жолмен басталады. Күн неге мұнар тартқан? Бойың мұздап кеткендей, "мұнар күн” бір сұмдықтың хабаршысындай, не боп қалды? "Буыршын мұздан тайған күн”. Жаңағы сезімің одан әрі ұлғаяды. Табаны бұдырлы буыршын мұзға тайса, ол — жақсылық емес. Ақын осындай поэтикалық қарама-қарсы өрнектер аркылы оқушысын алға жетелейді, оны үлкен бір оқиғаға әзірлейді, көңіліне қайғы бұлтын ұялатып, өзінің негізгі ойына алып келеді.
Махамбет Исатай қазасын бүкіл ел қазасы ретінде көрсетеді. Ақынның: "Ағайынның басы еді, алтын ердің қасы еді. Исатайды өлтіріп, қырсық та шалған біздің ел”, "серкесінен айырылып, сергелдең болған біздің ел” деуі де содан. Өйткені Исатай — ел басшысы. Исатай бейнесі ақын жырларында асқан көркемдікпен, шеберлікпен өрнектелген. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетте адам образын сомдауда Махамбет тамаша шеберлік танытқан.


Махамбет жырларының құрылысына, көркемдік ерекшелігіне талдау:
Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден гөрі, қимыл-әрекетті, алыс-жұлыс, жортуыл тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тәрізді.
Он бір буынды өлең Махамбетте біреу-ақ. "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай". Басқа өлеңдерінің бәрі де не 7 мен 8 буыннан, не таза 7 буын болып келеді.
Махамбет өлеңдерінде (11 буынды, қара өлең ұйқасымен келетін бір-ақ өлеңін есепке алмағанда) үш түрлі ұйқасты кездестіреміз: шұбыртпалы, кезекті, ерікті ұйқастар. Ақын көбінесе шұбыртпалы ұйқас пен ерікті ұйқасты көбірек қолданады. Өйткені бұл екі ұйқастың екеуі де ақынның айтайын деген ой-пікірін дәл беруге ыңғайлы, белгілі бір заңды өлшеуге бағынған шумақты, ұйқасты өлеңдерден шеңбері тарлық етпейтінге ұқсайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет