Сабақ тақырыбы: «Математика»


Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс



бет2/4
Дата18.12.2022
өлшемі42,74 Kb.
#163179
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Матем 8-15
1 вариант РК бак рус, !17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз, 5 жиынтық спецификасы, downloadnpaapp
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс
Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.


Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты:
• Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
• Оқыту тәжірибесінде жеті модульді ықпалдастыру;
• Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;
• Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;
• Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;
• Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;
• Барлық оқушыларды қамтуға бағытталған статегиялық жоспарлау.

Оқу мақсаты мен оның нәтижелері
Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:


Сіздің ойыңызша, оқушылардың нені білуге тиіс?

Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?

Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.


Оқу нәтижелері:
• оқушыға бағытталуы тиіс;
• белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
• оқушының оқу үлгеріміне тұрғысынан жазылуы керек.
Сабақтың орта мерзімді жоспары (ОМЖ) құрылып алғаннан кейін , жұмыстың белсенді формалары, оқушы әрекетін бағалау, күтілетін нәтижені қалай анықтаймыз бәрі белгілі болады. Сабақтың қысқа мерзімді жоспарын ОМЖ-ны басшылыққа ала отырып құрамыз. Ұсынылып отырған ҚМЖ үлгісінде бағдарламаның жеті модулі қамтылған екі кестеден тұрады, бірінші кестеде сабақтың тақырыбы, мақсаты, сілтемелер, оқу нәтижесі, негізгі идеялар, қолданылатын материалдар, оқыту формасы, технология, әдістері көрсетіліп жазылады.



  1. Бағдарламадағы оқу мақсаттарының жүйесі

Оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі - бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
4. Оқытудың міндеттеріне:
1) тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі - бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
2) бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс - әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т. б.), өзін - өзі бақылау және өзін - өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
3) оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын - ала мақсатты дайындықты жүргізу;
4) оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысынқалыптастыру;
5) стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
9 дәріске зертханалық сабақ тақырыбы:

  1. Қысқа мерзімді жоспар құру.

Қазіргі таңда, мұғалімдер үшін ең маңыздысы болып отырған мәселе – XXI ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды? Мектепте мұғалім көшбасшылығы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасында мазмұны осы екі мәселені шешуге бағытталған. Біз өзімізге «Өзгеріс не үшін қажет?», неліктен?, қалай істейміз?, одан кейін сыныпта не істеуіміз керек? Деген сұрақтарды алға тарта отырып, қарастыратын болсақ онда ең алдымен теориялық білімімізді тереңдетуден, толықтырудан басталады.
Ия, сабақтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік — тақырыптық» жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Қысқа мерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады».
Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы (ҰМЖ) негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынады. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі міндет. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін. Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру. Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (40 минуттан кейін) үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта (40 минут барысында) не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды.
Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім ҰМЖ-да оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды (оқу мақсатын толығымен немесе бір бөлігін) таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс (алайда барлығы да мұнда КТЖ-ға байланысты: күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілсе, бір сабақта да сонша мақсат болады). Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндірууге болады.
Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс деп есептелінеді. Алайда сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмайды. Дегенмен оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз да керек. «Оқушылардың басым бөлігі» мен «кейбір оқушылардың» сабақта қандай нәтижеге жететіндігін көрсету-көрсетпеуді әрбір мектеп өздігімен шешу керек деп ойлаймын. Ол үшін мектепте ҚМЖ құрастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, содан кейін «ҚМЖ құрастыру ережесі» қабылданып, ереже педагогикалық кеңесте бекітілсе, бүкіл мектептің бір сарын мен ыңғайда жұмыс жасауы үшін жағдай жасалынатындығы хақ.

№11 дәріске зертханалық сабақ тақырыбы:



  1. Критериалды бағалаудың ерекшеліктері

2. Қалыптастырушы бағалаудың маңызы.
3. Жиынтық бағалаудың маңызы.
4. Дескриптор құру.
5. Үлгілік сабақ өткізу.
Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек.
Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек.

Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.


Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі заманда оқушылардың белсенді танымдық және шығармашылық қызметі сұранысқа ие болу керек. Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуда екі альтернативтік мәселені шешіп алу керек:
1) «Ұйқыдағы» оқушыларды ояту керек, яғни ортақ мақсатқа жету үшін белсенділігі жоғары оқушылардың арқасында белсенділігі төмен оқушыларды оқу процесіне тарту керек.
2) Заманауи қоғамның шынайы проблемаларын шешуге тарту арқылы дарынды оқушылардың әлеуетін барынша ашу керек.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын педагогикалық технологияларды қолдану әдістері:
· «Қорғаныс парағы»
· «Сенім кредиті»
· «Білім беру стратегиясы»
· «Ризамын-риза емеспін»
· «Зияткерлік сергіту»
· «Кездейсоқтық ойыны»
· «Мені сипатта»
· «Өрмекші торы»
Бұл әдіс-тәсілдерді барлық сабақта тиімді қолдануға болады.
Менің бүгінгі тоқталғым келіп отырған тақырыбым — сабақта критериалды бағалаудың тиімділігі.
Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде; оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда көмек көрсетуде; сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда; оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды.
Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын барлық тұстарды бағалауды талап етеді.
Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады, әрі дәлел ретінде кеңінен қолданылады. Түптеп келгенде, бұл мектептен тыс агенттіктер әзірлеген қандай да бір бағалаудың әдістеріне қарағанда, мұғалімнің оқушылар жұмысын айтарлықтай мұқият бағалау қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл бағалау сенімділігін (бағалаудың сырттай әзірлеген әдістеріне қарағанда, айтарлықтай көп ақпарат ұсынады), бағалаудың дұрыстылығын да (дәлелдеудің жеткілікті ауқымын ) қамтамасыз етеді.
Ақпарат дұрыстығының сапасы мен оңтайлы сенімділігі бірігіп, бағалау үрдісіне кепілдік беріп, сенімділігін арттырады.
Бағалау сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды мәселелерді жоюға мүмкіндік береді.
Сыныпта жиынтық бағалау жүйесін әзірлеуде, бағалау нәтижелерін пайдалану әдістерін ескергені өте маңызды: мақсатты түрде пайдалану немесе фактілерге негізделген бағалау (кейде мақсатсыз) ретінде пайдалану.
Критериалды бағалау жүйесі:
· оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалау;
· әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау;
· оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;
· оқыту сапасын жақсарту;
· оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.
12 дәріске зертханалық сабақ тақырыбы:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет