Сабақ тақырыбы: «Математика»


Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында математиканы оқыту



бет4/4
Дата18.12.2022
өлшемі42,74 Kb.
#163179
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Матем 8-15
1 вариант РК бак рус, !17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз, 5 жиынтық спецификасы, downloadnpaapp
Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында математиканы оқыту.
Қазіргі уақытта ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие, сапалы білім беру болып табылады. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыруымыз шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет. Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен көбінесе ойын әдістерін қолданып жұмыс жасаған тиімді. Математика сабақтарындағы ойынның негізгі міндеті - оқушының есептеу дағдыларын қалыптастырып жетілдіру, баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыру. Осы мақсатта өз тәжірибемнен математика пәнінен 5- инклюзивті класта ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» тарауын қайталауға қолдануға болатын жетістік картасын ұсынып отырмын.
15 дәріс.
Дуальды оқыту жүйесі арқылы бастауыш сыныпта математиканы оқытудың мүмкіндіктері.
Дуальды оқыту жүйесі арқылы бастауыш сыныпта математиканы оқытудың мүмкіндіктері- Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз-теорияны өндіріспен ұштастыра сапалы оқу жүйесін қалыптастырып оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген.
Дуальды жүйенің басты мақсаты: бәсекеге түсе алатын мамандығы бар, кәсібін нақты таңдаған, жұмысқа орналаса алатын және өзінің кәсіби білімін жоғарылатуға ұмтылған жас тұлғаны өсіру.
Дуальды жүйенің технологиясы: Кәсіби оқытуды үйретудін ынтасын көтеру. Білім беру процесінің тиімділігін көтеру. Кәсіби білім сапасының деңгейін толығымен көтеру. Бүгінгі нарық талабына сәйкес келетін маман даярлау.
19.Бастауыш сынып математика сабақтарында дидактикалық құралдарды пайдалану- Бастауыш сыныптағы математика сабағында дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында қолданудың әдістемесі, теориялық-әдіснамалық нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:
1 Психология мен педагогикада ойындарды қолдану теориясы мен практикасы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу жөнінде толықтай баяндалған. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым білім беру барысында дидактикалық ойындар ұғымы пайда болған. Бірақта төменгі сыныптарда әртүрлі пәндерді (соның ішінде математиканы) оқытуда олар өздерінің толықтай қолданысын таппаған. Бұл сыныптарда дидактикалық ойындардың ролі мен атқаратын қызметтері анықталмаған және де оларды сабақта қолданудың әдістемесі жасалмаған.
2 Жоғарыда айтылғанға орай зерттеу барысында бастауыш сыныптағы математика сабағында дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайы анықталды. Бастауыш сынып оқушылары үшін дидактикалық ойын есептерін орынды түрде меңгерілетін материалдардың сипатына қарай қолданудың қажеттілігі дәлелденіп, психологиялық-педагогикалық негізі анықталды.
3 Оқушылардың ой-өрісін дамытуда дидактикалық ойын есептерін қолданудың әдіс-тәсілдері анықталып, олар теория тұрғысынан негізделді. Сонымен қатар, ұлттық және дидактикалық ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытудағы атқаратын қызметінің ерекшеліктері айқындалды.
4 Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойын есептерінің математикалық мазмұны ашылып және оларды қолданудың мақсаты анықталды. Сонымен қатар дидактикалық ойын есептерін сабақ барысындақолданғанда дайындықтары әртүрлі оқушылардың ой-өрісін дамытудың ерекшеліктері анықталып, сипатталды.5 Бұл зерттеу жұмысының жалғасы бастауыш сыныптағы математикадан басқа да пәндердің әрбір тақырыбына байланысты ұлттық және дидактикалық ойындардың жүйесін құрастырып, оларды қолданудың әдістемесін жасау қажет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет