Сабақ тақырыбы Металдардың адам өміріндегі маңызы Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата09.04.2017
өлшемі0,5 Mb.
#13545
түріСабақ
1   2   3   4

Мыс.

Мыс көптеген минералдардың құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, алтын сары халькопирит CuFeS2, мыспен темірдің күрделі сульфиді және жасыл малахит Cu2(OH)2CO3, химиялық құрамы бойынша гидратталған мыс карбонаты http://bilimland.kz/index.php/kz/

Тірі ағзада, адамда мыс, темір тәрізді қан құрамында кездеседі. Мыс элементі аз болса жануарларда анемия, өсімдіктерде хлороз ауруы пайда болады. Бауыр мен мида мыстың мөлшері көп болады.



Зиянды әсері. Мыс улы металдарға жатады. Нерв жүйесі, бауыр, бүйрек, тіс, асқазанға әсер етіп, қызметін бұзады.

Литий. Адам ағзасындағы литий элементінің мөлшері орта есеппен 70 мг. Жануарлардың ағзасындағы литий қосылыс күйінде бауырда, бүйректе, көкбауырда, өкпеде, қанда және сүтте жинақталады. Литийдің ең көп мөлшері бұлшық ет құрамында болады. Литий ионы асқазан-ішек қабырғалары арқылы қанға өтіп сонда жиналады.

Кальций. Цемент өндірісінде, қағаз, шыны, химия-фармацевтика, тері, бояу, сыра өндірісі қалдықтарында, цемент, бетон ыдыстарды пайдаланғанда түзіледі. Кальций хлораты мақтаны жинарда жапырақты ерте түсіру үшін дефолиант түрінде қолданылады.

Биологиялық рөл. Са ионы қан тоқтату және зат алмасу, әсіресе сүйектерге, тіс құралу үшін қажет. Са фосформен бірге сүйекті және жүйке жүйесін құрайды.

Зиянды әсері. Ағзада Са құрамы көп болып кетсе, адам цистит ауруына шалдығады. Егер Са цемент ұнтағы түрінде өкпеге енсе тыныс жолдарына зиян.

Мырыш. Мырыштың негізгі көзі мырыш алдамшысы ZnS болып саналады.

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қажет элемент. Ересек адамның ағзасындағы мырыш бұлшық еттерде 65 пайыз, сүйектерде 20 пайыз жиналған. Ал қалған бөлігі қан плазмасында, бауырда және эритроциттерде болады. Мырыштың ең көп мөлшері қуықасты безінде кездеседі. Негізгі мырыш қарабидай кебегінде көп болады. Адам ағзасы мырышты ет, сүт және жұмыртқа тағамдарын пайдалану арқылы қабылдайды.



Зиянды әсері. Мырыш ағзада көбейіп кетсе Са-дің құрамы төмендеп остеопороз (сүйек сынғыштығы) ауруы пайда болады. Ағзада жетіспесе тері аурулары және диабет ауруына ұшырайды.

Калий. Калий ағзаның барлық бүйрек, жүрек, сүйек, бұлшық еттерде, қанда, мида және т.б. кездеседі. Ағзадағы калий катионы К+ физиологиялық қызметтер атқарады – бұлшық еттердің жиырылуы, жүректің қалыпты жұмыс істеуі, жүйелік импульстардың берілуі, алмасу ферменттердің белсенділігін арттырады. Ересек адам тәулігіне тамақпен бірге 2-3 г калий қабылдайды. Ағзаға калий жетіспеген жағдайда күніне 4-5 рет калий хлоридік КСІ 1,0 г мөлшерде пайдаланады.

Магний. Магний табиғатта магнезит минералы MgCO3 түрінде кездеседі.

Ағзадагы магнийдің ең көп мөлшері сүйек ұлпасында, тіс эмалінің дентинінде жинақталған. Сонымен қатар, магний ұйқы безінде, қанда, бұлшық еттерде, бұйректе, мида, бауырда және жүректе кездеседі. Ересек адам тәулігіне массасы 0,7 г шамасындай магнийді пайдаланады.



Каталог: upload -> content -> lesson -> 19495 -> media -> 5f5712981616af08d6b9ee12b1d5becd
lesson -> Тажигалиева Замзагул Тілепбергенқызы Мектеп, сынып Орал қаласы, фмб нзм, 12-сынып сабақ тақырыбы М. Әуезов «Қарагөз» драмасы Осы сабақ
lesson -> Сабақ тақырыбы Оқушылардың жолда жүру ережесі
lesson -> Сабақ тақырыбы М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдау (2-сағаты)
lesson -> Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Инфекциялық аурулар Мақсат
lesson -> Сабақ тақырыбы Қазыбек бидің шешендігі Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Иммунитет түрлері. Житс-тің алдын алу шаралары Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Киім адам көркі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет