Тажигалиева Замзагул Тілепбергенқызы Мектеп, сынып Орал қаласы, фмб нзм, 12-сынып сабақ тақырыбы М. Әуезов «Қарагөз» драмасы Осы сабақ



бет1/2
Дата06.02.2017
өлшемі465,21 Kb.
#8800
түріСабақ
  1   2
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Қазақ әдебиеті



Мұғалім

Тажигалиева Замзагул Тілепбергенқызы

Мектеп, сынып

Орал қаласы, ФМБ НЗМ,

12-сынып


Сабақ тақырыбы

М. Әуезов «Қарагөз» драмасы




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

А/И 7. Автор үлесі, пьеса тілі.

АИ6. Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.

БС2. Әдеби шығармалардағы ұлттық, ғаламдық тақырыптардағы астарлы және тура мағыналарды игеру.


Сабақтың мақсаттары

Ұлттық классикалық туындыларда көтерілген мәселелерді түсінеді, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтарды байланыстыра алады, креативті тұрғыдан ой айтады, жазады, сөз құдіретін таниды.

Жетістік критерийлері


- Драмалық шығарманың тақырыбы мен идеясына анализ жасай алады;

- Жазушының «тіл мен құрылымды» қолдануына талдау жасай алады;

- Драмалық шығармадағы кейіпкерлер тілі арқылы тура және ауыспалы мағыналарды зерттей алады.


Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар: Туынды – классикалық туынды екендігін негіздеу, жазушының тіл шеберлігін талдап, трагедиядағы басты тартыстарды түйіндейміз.
Пән лексикасы және терминология:

Реплика, ремарка, перде,көрініс, акті, бөлім

диалог, монолог, көрермен, қойылым, актер, тұлға, сахна, көрермен, қақтығыс, шиеленіс, тартыс
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің ойымызша.....

Біз келісеміз...



Менің ойымша ...

АҚТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz сайтының ресурстары


Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қарагөз» драма табиғатын игеру мақсатында драманың тілін талдады.




Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут


Амандасу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау. Бүгінгі күндеріне сәттілік тілеу.



5 минут


5 минут

Сабақтың ортасы

20 минут


5 минут

15 минут


15 минут

3 минут



Қызығушылықты ояту.

Сынып оқушыларын әдеби ұғымдар бойынша жұпқа бөлу (Кестедегі қима қағаздарды тарату, оқушылар жауаптарын сәйкестендіре жұптасады).

(11 оқушыға арналған)

------------көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі.

1. драма

Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі осылар арқылы дамиды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын бұл диалог, кейде монолог түрінде болады. Ол терминді әдебиет теориясында----------------деп атайды.

2. реплика

Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ----------- деп атайды

3. ремарка

------ драматургиялық шығармаларда оқиға өрісін аңғартатын бөлім, біртұтас қимыл-әрекет. Белгілі үзілістен кейін бөлім жабылып, қайта ашылған соң оқиғаның жаңа өрісі, жаңа сатысы көрінбек.

4. перде

Драмадағы ең шешуші нәрсе-----.

Себебі,композициялық тұрғыдан алғанда драмада оқиғаның басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі болуы тиіс.



5. тартыс

Жаттығу-тренинг

«Қарагөз» трагедиясының кейіпкерлерін жіктеу немесе кластер бағанын жасау. (Кластер (ағылш. cluster) — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа бірлетіруі).

Мұғалім парта үстіне драма кейіпкерлерінің есімдерін араластыра шашып қояды. Оқушылар кейіпкерлер есімін ала отырып, кластер бағанын жасайды, орналастырады.

Үлгі:



«Қарагөз»



Ақбала



Қарагөз



Сырым
Оқушыларды оқу мақсаттарымен хабардар ету.

Мағынаны тану бөлімі

1-тапсырма

Сынып оқушылары жұптық жұмыс жасайды. Сынып оқушыларына тапсырмалар жазылған парақша таратылады. Әр жұп жетістік критерийін жасап алады. Мұғалім зейін қоя қарау керек, бағыт беруге болады.




  1. Қарагөз бейнесі турасында

• Автор Қарагөздің бейнесін сомдауда қандай көркемдік тәсілдерді пайдаланғандығын талқылаңыз.


  1. Мөржан әже бейнесі турасында

• Пьесада Мөржан әжені қандай тәсілдер арқылы суреттей алған және оның бейнесінің әсері қандай?

3. Нарша бейнесі турасында

• Нарша бейнесінің сонылығы, жаңа сипаты жайында талқылаңыз.


4. Сырым бейнесі турасында

• Драмадағы Сырымның бейнесі кесірлі кер заманның қайғы-қасірет қазасынан туған ызалы, шабытты ақын екендігін драма тілі арқылы дәлелдеңіз.



5. Трагедия турасында

  • Пьесаның тақырыбы мен идеясы туралы талқылаңыз.


6. Кейіпкерлер турасында

  • Пьесадағы Ақбала образы туралы сіздің ойыңыз.


7. Жазушы шеберлігі турасында

  • З. Қабдолов драма тілі туралы: «Пьесаның күші де, әлсіздігі де тілде; пьесадағы әр сөз мірдің оғындай өткір, көздеген жеріне дір етіп тиердей дәл, көкейге саулап, құйылардай таза, мөлдір, санаға мықтап дарығандай мағыналы, мәнді болып келуі тиіс». Бұған сіздің қосарыңыз немесе құптар ойыңыз қандай?



8. Жазушы шеберлігі турасында

  • Драманы әлем әдебиеттің қандай үлгілерімен салыстырар едіңіз.


9. Драма турасында

  • Шығарманы қандай туындылармен салыстырар едің (қазақ әдебиетіндегі)?


10. Драмадағы кейіпкерлері турасында

  • Нарша достарының драмадағы өзіндік орны қандай болды деп ойлайсыз?


11. Драмадағы кейіпкерлері турасында

  • Пьесаның сахналық қойылымы, яғни ондағы образ сомдаудағы актерлердің шеберлігін талқылаңыз.

Жұптардың жауаптарын тыңдау

Жұптық бағалау – «үш маңызды, бір дамытатын тұс».



2-тапсырма

Сынып оқушыларына жалпы тапсырма:

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/structure/1148-11_synyp сілтемесі бойынша М.Әуезовтың «Қарагөз» драмасынан үзінді тыңдатылады. Тыңдалым Мөржан әже мен Қарагөз арасындағы диалог үзіндісі (4-5 минут) Тыңдалымнан соң оқушылар өз пікірлерін дәлелдеу мақсатында оқушылар диалог мазмұнын және жазушы шеберлігін кесте бойынша толықтырады.

Мақсат: Диалог – адам психологиясын, мінезін, әрекетін ашуда қолданатын күшті құрал. Олай болса, тыңдалым арқылы драма тілін ұғындыру.


М.Әуезовтың «Қарагөз» драмасынан үзінді тыңдатылады. Тыңдалым Мөржан әже мен Қарагөз арасындағы диалог үзіндісі, 4-5 минут

Диалог мазмұны

Жазушы шеберлігі











Оқушы жауаптары тыңдалады. Шаршы топ алдында талқыға салынады.

3-тапсырма «Даналық бұрышы» тапсырмасы.

Шарты: «Даналық бұрышы» стратегиясы. Сыныптың қабырғаларына тапсырмалар ілінеді. Әр жұп «Даналық бұрышы» стратегиясы бойынша өздерінің таңдаған бұыштарына тоқталып, 3 болжам жауаптарын жазып дәлелдейді.





«Даналық бұрышы» 1

А бөлімі: Драма А бөлімінің берілген сұрақтарына үш болжам жауап жазыңыз, болжамыңыз мәтіннен алынған болуы керек.


М. Әуезов: Қарагөз

А. «Махаббат – ұлы сезім» Қарагөз бен Сырым махабаты турасында.


«Даналық бұрышы» 2

Каталог: upload -> content -> lesson -> 19501 -> media -> 25f7464389739379d6166da4f8a45ca9
lesson -> Сабақ тақырыбы М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдау (2-сағаты)
lesson -> Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Инфекциялық аурулар Мақсат
lesson -> Сабақ тақырыбы Қазыбек бидің шешендігі Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Иммунитет түрлері. Житс-тің алдын алу шаралары Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Киім адам көркі
lesson -> Сабақ тақырыбы 7 санының құрамы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет