Сабақ тақырыбы Модуль /пән атауы: «Жалпы гигиена» Мамандық : 09130100 «Мейіргер ісі»


Топырақтың химиялық заттармен ластануының гигиеналық маңызы



бет5/8
Дата25.09.2022
өлшемі31,78 Kb.
#150677
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Топырақтың химиялық заттармен ластануының гигиеналық маңызы.
Ғылыми-техникалық үрдістің қарқындылығы, халық шаруашылығы мен тұрмысты химияландыру, минералды тыңайтқыштарды және ауыл шаруашылық дақылдарының зиян кестерімен күресудің химиялық құралдарын барынша көптеп қолдану, атом энергетикасының дамуы топырақтың химиялық және белсенді заттармен ластану қаупін арттырады. БДДҰ анықтамасы бойынша, топырақты ластаушылар деп саналатындар, тиісті емес жерде, тиісті емес уақытта және тиісті емес мөлшерде кездесетін химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, гельминттер) мен олардың тіршілік үрдістерінің өнімдері.
Топырақтың ластануы деп, адам нақты учаскенің топырағымен тікелей жанасқанкезде немесе топырақ-су-адам; топырақ-атмосфералық ауа-адам; топырақ-өсімдік-адам; топырақ-өсімдік - жануар-адам сияқты, экологиялық (қоректік) тізбектер бойынша топырақпен жанасқан орталар арқылы байланысқан кезде, адамның денсаулығына қауіп тудыратын топырақтың құрамындағы химиялық және биологиялық компоненттерінің мөлшері.
Топырақ жергілікті климатқа, өсімдік өнімдерінің химиялық құрамына, сол арқылы жануар өнімдерінің құрамына әсер көрсетеді. Топырақ аналық жер
қыртысынан, өлі органикалық заттардан, тірі ағзалардан, ауа мен судан тұрады. Топырақ алыдығы бірнеше сантиметрден 3 метрге дейін және одан көп болады. Оның аумағы материктерді 1/10 аумағын алады. Аналық жер
қыртысы минералды қосылыстарды күрделі кешені (90–99%), негізінен
құмнан, саз, әк, кремний, кальций, магний, алюминий тұздары бар тұнбадан тұрады. Құм мен саздың қатынасына қарай барлық топырақтар құмдық, құмдауыт, сазды және саздау болып бөлінеді. Бөлшектерінің көлеміне
қарай тасты (бөлшектер диаметрі 3 мм көп), құмды (0,2–3 мм), сазды (0,001–0,01 мм), гумусты коллойдты фракциясы — қарашірікті (0,0001мм дейін) деп ажыратылады. Кеуектіліктік, ауаөткізгіштік, ылғал және жылу сіңіргіштік, жылулы тәртіп сияқты топырақты қасиеттері механикалық құрамы мен бөлшектер көлеміне және олардың сипатына байланысты. Ірі тұйіршікті топырақты ауа, су өткізгіштігі жоғары, үсақ түйіршікті топырақтың гигроскопиялығы және капилярлығы жоғары. Гигиеналық тұрғыдан ауа, су өткізгіштігі жоғары топырақ ұтымды деп саналады, өйткені топырақтың бұл қасиеттері өзіндік тазару ұрдісіне, атмосфераны жерге жақын қабатының жылулық тәртібіне әсер етеді. Осындай топырақ батпақтанбайды, сондықтан тұрғын және қоғамдық ғимараттарды салу үшін ірі түйіршікті топырағы бар жер бөліктерін таңдайды. Топырақтың маызды қасиеті — су сиымдылығы, ол топырақ көлем бірлігі сіңірген судың мөлшері. Саңылаулар аз болған сайын топырақ суды көбірек сіңіреді және ұстап алады. Торфты топырақ 3–5 есе су көлемін ұстап алады, құмды-топырақ массасынан 20%, сазды 70%. Топырақтың басқа маңызды қасиеті оның температурасы, оған атмосфераны жерге жақын қабатының температурасы және бірінші қабаттағы бөлмелерді жылулық тәртібі туелді. Топырақ температурасы топырақ ағзаларының тіршілігіне және өзіндік тазаруына көп әсер көрсетеді. Ол көбіне топырақ
сипатымен, географиялық орналасуымен, жер рельефі және жыл мезгілімен анықталады. Көлбеу оңтүстік және отүстік-шығысқа бағытталған тасты және
құрғақ топырақтың температурасы жоғары және тез жылынады. Топырақтың тұрақты құрам бөлігі — ауа. Оның үлес салмағына ең алдымен тотығу ұрдістері тәуелді, ол үнемі атмосфералық ауамен алмасып отырады. Бұған температураның деңгейінің өзгеріп отыруы, барометрлік қысым, желді сору әсері, атмосфералық жауын - шашын т.б. әсер етеді.
Топырақ ауасы атмосфералықтан өзгеше, онда көміртегі қос тотығының мөлшері жоғары және оттегі аз. Тереңдеген сайын (5–6 м дейін) оттегі мөлшері 14% дейін азаяды, ал көміртегі қостотығының мөлшері 8% дейін көбейеді. Топырақ ауасыны құрамы топырақ құрылымымен және оны микроағзаларыны тіршілігімен анықталады. Ауа өткізгіштігі төмен болғанда, органикалық заттар мөлшері көп болса топырақта метан, аммиак, кұкіртсутек және басқа газдар бөлуімен жұретін анаэробты ұрдістер басым. Борпылдақ
ірі тұйіршікті топырақта аэрация жақсы іске асады, соның арқасында биохимиялық ұрдістер аэробты тұрде жұреді. Топырақты басқа компонеттермен қоса, мөлшері топырақты су сіңімділігіне және климатты
жағдайларына байланысты, суы да болады. Су химиялық байланған кұйде болуы мұмкін. Топырақ суды химиялық және бактериялды құрамына әсер етеді. Топырақ арқылы сұзіле отырып, су тұздар және бактериялармен байытылып, улы және патогенді микробтармен ластануы мұмкін. Әсіресе бұл жер бетіне жақын жатқан топырақ суына тән. Ауырлық кұші әсерінен су ұнемі қозғалыста болады. Ол топырақты төменгі қабаттарына өтіп, су өткізбейтін қабаттарда (саз, гранит т.б.) ыза сулары тұрінде жиналуы мұмкін. Бұл кезде су толықтай еріген оттегінен айрылып, көміртегі қостотығымен байытылады. Су топырақта өтетін әр тұрлі ұрдістерге қатысады, топырақ
флорасы мен фаунасының тіршілігіне қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Әмбебап еріткіш болғандықтан топырақ суында өсімдіктерді химиялық құрамына әсер ететін органикалық және минералды заттар бар. Топырақ
суы топырақты жылу өткізгіштігіне және жылу сиымдылығына әсер көрсетеді, оның жылулы қасиеттерін анықтайды. Сыз, суық көп топырақ
жылу алмасуға, радиациялық тепе-теңдікке қолайсыз әсер етеді. Сондықтан бұндай топырақтар тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарды салуға жарамсыз. Сулы көкжиектерден бос су топырақ капиллярлары арқылы жоғары көтеріле алады, мұны ғимараттарды ірге тасын қалауда ескеру керек, бұл қабырғаларды төменгі жағыны ұнемі сыз тартуыны және іргетасты
қирауының себебі болуы мұмкін. Топырақтың тірі ағзалары негізінен микробтар. Оларды жалпы саны 1 г топырақта 2 млрд дейін жетеді. Олардың ішінде саңырауқұлақтар, балдырлар, бактериялар, қарапайымдылар және вирустар бар. Оған қоса топырақта қарапайым жәндіктер, құрттар және шыбын мен жәндіктердің қуыршақтары тіршілік етеді. Микроағзалардың саны топырақтың механикалық құрамына, химиялық қасиеттеріне, температуралық тәртіпке, кұн радиациясына, аэрацияға және басқа факторларға байланысты өзгеріп отырады.
5-тарау. Топырық гигиенасы 111
Микроағзалар топырақтың өзіндік тазару ұрдісінде, яғни, эпидемиялық тұрғыдан қауіпті органикалық заттарды минералды қосылыстарға — минералды тұздар мен газдарға айналуында ұлкен рөл ойнайды. Адамның тұрмыстық және өндірістік әрекеті нәтижесінде топыраққа көп мөлшерде тұсетін органикалық заттарды ыдырау және минерализациялану ұрдісі топырақ ауасының оттегі мол болса — аэробты тұрде, және де оттегі жетіспесе — анаэробты тұрде жұре алады. Бактериялардың бір тобы өз тіршілігі ұшін белокты пайдаланса, басқасы — минералды қосылыстарды, үшіншісі (нитрофикаторлар) аммиакты нитриттерге дейін, ары қарай нитраттарға дейін тотықтыратыны анықталған. Бактериялардың бір қатары (темір бактериялары) темір тотығы тұздарын гидрат тотығына, кұкіртті бактериялар кұкіртті қосылыстарды кұкірт қышқылы мен кұкірт тәрізді
қышқылға (сульфаттар мен сульфиттер) айналдырады. Гигиеналық
тұрғыдан аэробты ұрдіс тиімді, ол кезде органикалық заттарды ыдырауы: аммиак, кұкіртсутек, метан, индол, скатол, метилмеркаптан т.б. сияқты жағымсыз иiстi зиянды заттарды бөлінуінсіз жұреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет