Сабақ тақырыбы Модуль /пән атауы: «Жалпы гигиена» Мамандық : 09130100 «Мейіргер ісі»


Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы топырақтың ролі



бет3/8
Дата25.09.2022
өлшемі31,78 Kb.
#150677
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы топырақтың ролі.
Топырақ ортасы патогендік микрофлораның тіршілігін сақтап қалуына қолайлы болып табылмайды, алайда оның эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары, өйткені елді мекендердің топырақтарына жұқпалы аурулар мен ивазиялардың қоздырғыштары үнемі түсіп отырады, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар болмағанда да, олар ұзақ уақыт бойы өздерінің тіршілік қасиеттері мен вируленттігін сақтап қала алады.
Топырақты ластаушы көздер – нәжіс, зәр, қи, қоқыс, өліктер, ағынды сулар және басқалар болып табылады.
Топыраққа түскен көптеген микроорганизмдер күн сәулесінің әсерінен тіршілігін жояды, сондықтан тіршілікке қабілетті қоздырғыштардың негізгі бөлігі топырақтың бетінде емес, 1 см-ден 10 см-ге дейінгі тереңдігінде болады. Мұнда да олар белгілі уақыттан кейін өздерінің жойылуына әкеп соғатын қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайды.
Топырақ арқылы әр түрлі аурулар берілуі мүмкін, атап айтқанда: ішек инфекциялары, антропозооноздар, аса қауіпті инфекциялар, гельминтоздар, сіреспе, газды гангрена, ботулизм, энтеровирусты инфекциялар, микозды аурулар.
Бұл инфекциялардың көпшілігі фекалды-оралды жолмен: кір қол, азық-түлік өнімдері, су, көкөністер, жемістер, жидектер арқылы беріледі
Топырақ арқылы берілетін жұқпалы аурулар мен инвазиялар

Ауру топтары

Аурулар

Бактериялық ішек инфекциялары

Сүзек, паратифтер, дизентерия, тырысқақ, эшерихиоз, сальмонеллез және т.б.

Энтеровирустық инфекциялар

Гепатит-А, полиомиелит, Коксаки және ECHO вирустарынан пайда болатын менингит

Протозойлы инвазиялар

Амебиаз, лямблиоз және басқалар

Антропозооноздар

Лептоспироз, сарып, туляремия, түйнеме, туберкулез, сап, оба және басқалар

Ішекқурт инвазиялары

Аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидоз, стронгилоидоз және басқалар

Саңырауқұлақ инфекциялары

Актиномикоз, кандидоз және басқалар

Спора түзуші микроағзалардан туындайтын аурулар

Сіреспе, газды гангрена, ботулизм және басқалар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет