Сабақ тақырыбы Модуль /пән атауы: «Жалпы гигиена» Мамандық : 09130100 «Мейіргер ісі»


Топырақтың геохимиялық және токсикологиялық маңызы



бет7/8
Дата25.09.2022
өлшемі31,78 Kb.
#150677
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Топырақтың геохимиялық және токсикологиялық маңызы
Казіргі кезде ластанған топырақтың өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиянды әсерін дәлелдейтін зерттеулер жинақталған. Зиянды әсер
қоректік тізбек арқылы берілуі мұмкін, яғни лас топырақта өскен өсімдіктерге, одан осы өсімдіктермен
қоректенген малдың еті мен сүті арқылы адамға берiледi. Мысалы, зауыттан 50 метр жерде өскен көкөністерде, 3 км жерде өскен көкөністерге
қарағанда осы зауыт шығарысында болатын мышьяк 9 есе көп болған. Түсті металлургия зауыты маңындағы топырақта металдардың болуын зерттегенде топырақта қорғасын, мыс және мырыштың көп болғаны анықталды. Осы жағдайда зауыт маңындағы шөппен қоректенген малдардың сүйегінде қорғасын 20 есе, бауырында 18 және бұлшық етінде 27 есе көп болған. Топырақтың құрамына кең ауқымда жүргізілетін ауыл шаруашылығын химиялау үлкен әсер етеді. Гигиеналық тұрғыдан сыртқы орта факторларына тұрақты және топырақ жабынында, өсімдіктер мен тірі ағзаларда жиналуға бейім пестицидтер өте маңызды. Осындай препараттарға хлорорганикалық пестицидтер жатады. Оларды бақылаусыз қолдану топырақты едәуір ластап, биохимиялық және микробиологиялық үрдістерді бұзады. Бұл кезде топырақтың өзіндік тазаруында үлкен рөл ойнайтын микрофлораның өлуі байқалады. Топыраққа тыңайтқыштарды, әсіресе азотты, көп енгізу өсімдіктерде нитраттар мен нитриттердің жиналуына әкеледі, азық өнімдерінің дәмін бұзады, көп жағдайларда адам денсаулығына зиян келтіреді. Айтылған заттар ластанған топырақтан ыза суларына, ашық су қоймалары суларына, атмосфералық ауаға, өсімдіктерге миграцияланып, осылайша флора мен фаунаға теріс әсер етеді. Топырақтың ластану деңгейін анықтайтын маңызды көрсеткіштің бірі — санитарлық сан. Ол гумус азотының жалпы органикалық топырақ азотына қатынасы. Топырақтың өзіндік тазару ұрдісінде гумус азотының мөлшері артады, сәйкесінше санитарлық сан да жоғарылайды.

6. Үй тапсырмасы
Тақырып: «Топырақ гигиенасы»

Пайдаланатын оқулықтар:
Негізгі әдебиеттер: Материалды-техникалық жабдықтау Торгаутов Б.К. «Жалпы гигиена»Пивоваров Ю.П. «Гигиена и основы экологии человека»
1.12.1.Қосымша әдебиеттер:Большаков А.М,МаймуловВ.Г. Сералиева М. Ш «Коммуналдық гигиена»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет