Сабақ Тақырыбы: «МОҢҒолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы»



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі490,41 Kb.
#25377
түріСабақ
  1   2
Абай атындағы орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«МОҢҒОЛДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІН ЖАУЛАП АЛУЫ»

7 класс

Өткізген:



Тарих пәнінің мұғалімі

Султанова Асем Атабевна


Ақтасты селосы

2016-2017 оқу жылы



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Монғол мемлекетінің құрылуы, ұлы қолбасшы Шыңғыстың өмірі және ұлыстар туралы түсінік беру

Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушының өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру, ойлау қабілеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, тірек-сызба, сұрақ-жауап стратегиялары
Технологиясы:
ақпараттық, дамыта оқу

Сабақтың барысы

Алғашқы ұйымдастыру

Амандасу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару



Сабағымыздың жоспары:

Сабақтың жоспары.

1. Монғол империясының құрылуы

2. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы

3. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы

4. Жаулап алудың зардаптары

5. Ұлыстардың құрылуы


Жаңа тақырыпты игерту

«миға шабуыл» оқушыларға сұрақтарды қоя отырып, басты тұлғаның кім екенін анықтау.

Оқушылардың сұрақтарын тыңдап болған соң, сабақты әрі қарай баяндап, слайд арқылы түсіндіру

Шыңғыс хан 1155 жылы Молғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған.

Шыңғысханның Темучин аталуы Есугей 1155 жылы татар тайпасына шабуыл жасап, Темучин атты батырын қолға түсіреді. Сол жылы диниеге келген баласын Темучин деп атайды.

Темучин 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлардың қолынан қаза тапты. Оған у беріп қастандықпен өлтірген болатын. Темучиннің әкесі қият руынан, анасы олқұн руынан шыққан.

Шыңғыс ханның төрт ұлы бар:



  • үлкен ұлы Жошы,

  • екінші ұлы Шағатай,

  • Үшінші ұлы Үгедей,

  • Кенже ұлы Төле

Шыңғысхан басып алған жерлерін ұлыстарға яғни ұлдарына бөліп берді.

  • Жошы ұлысы: Шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жеріне дейінгі аумақ, қазақ жерінен шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудің солтүстік-шығысы қарады.

  • Шағатай ұлысы: Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері қарады

  • Үгедей ұлысы: Батыс Моңғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер

  • Төле ұлысы: Моңғолия жері

1206 жылғы барлық монғол тайпалының бас қосқан ұлы құрылтайында Монғол империясы құрылып, оның ұлы хан болып Шыңғысхан сайланады.

Қазақстанды жаулап алуы: 1207-1208жж. Жошы Енесей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды. 1211-1215жж Қытай жерін басып алып, олардан от лақтырып, өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсірді. 1217 жылы моңғолдар жетісу жеріне еніп, Торғай даласында меркіттерге соққы береді. 1208 жылы Шыңғыс хан жіберген керуен Отырар қаласына жетеді.

Моңғолдардың жаулап алған жерлерде егіншілік жүйесі бұзылып, 20 шақты қала мен елді-мекендер ғана қалды, оған дейін олардың саны 200-ден астам болатын. Жаулаушылық зардаптары сол тұстағы халықтардың экономикалық-әлеуметтік дамуына кедергі келтірді.



Каталог: uploads -> doc -> 0afc
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0afc -> Сабақ Тақырыбы: «Аппликация»
0afc -> Дәріс сабағының тақырыбы: Білім сенің болашағың


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет