Сабақ тақырыбы Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу



бет3/5
Дата17.04.2023
өлшемі1,25 Mb.
#174763
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 -shamalar-arasynday-tueldilikter-nsa2
Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану қмж, кунд соны Әліпхан Айсана пед (1), Орыс тілі бөж 2
1-ші сағат 12-де кездесетін оқушылар бір –бірінің жанына барып отырады.
Оларға 1-тапсырма:
1-суретте хауызды сумен толтырғанда ондағы су көлемінің V( ) насостың жұмыс істеу уақытына t (мин) тәуелділік графигі сызылған.
1-сурет
1) Насос алғашқы және соңғы жұмыс аралықтарында неше минут тоқтады? Не себепті f(4) = f(10)?
2) Насос тоқтағанға дейін әрбір 1 минутына хауызға қанша ( ) су құйылды?
3) Насос жұмысқа қайта қосылған соң әрбір 1 минутына хауызға қанша ( ) су құйылды?
2-ші сағат 3-те кездесетін оқушылар бір–бірінің жанына барып отырады.
Оларға 2-тапсырма:
2-суретте арақашықтығы 300 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы шыққан жүрдек пойыздың және жүк пойызының кездескенге дейінгі қозғалыс графиктері берілген. График пойыздардың әрқайсысының жүрген жолдарының уақытқа тәуелділік функцияларын кескіндейді. Графиктен мыналарды анықтаңыздар:

  1. Пойыздар неше сағат жүрген соң кездеседі?

  2. Жүрдек пойыздың жылдамдығы қандай?

  3. Жүк пойызының жылдамдығы қандай?

  4. Жүрдек пойыздың 1 сағатта жүрген жолы жүк пойызының сонша уақытта жүрген жолынан неше есе артық?

2-сурет.


3-ші сағат 6-да кездесетін оқушылар бір-бірінің жанына барып отырады. Оларға берілетін 3-тапсырма:
3-суретте жаяу адамның (АВ) және велосипедшінің (СД) қозғалыстарының графиктері көрсетілген.
3-сурет.

График арқылы келесі сұраққа жауап беріңіз:



  1. ж аяу адамның жылдамдығын табыңыз;

  2. велосипедшінің жылдамдығын табыңыз;

  3. жаяу адамның жылдамдығынан велосипедшінің жылдамдығы неше есе артық?

  4. жаяу адам мен велосипедші сағат нешеде кездесті?

  5. жаяу адамнан велосипедші қанша сағат бұрын барды?

4-ші сағат 9-да кездесетін оқушылар бір–бірінің жанына барып отырады. Оларға берілетін 4-тапсырма:
4-суретте бір тәулік бойындағы ауа температурасының өзгерісі көрсетілген. Көлденеңінен тәулік уақыты көрсетілген, ал тігінен – температура мәні Цельсий градусымен көрсетілген. Тәуліктің бірінші жартысында неше сағат бойы температура С–дан аспады? Тәуліктің бірінші жартысы сағат 12:00-де аяқталады.
4-сурет.
Сосын оқушылар соңғы жұптарымен 3 топқа бөлініп, берілген 4 тапсырманы қалай орындағаны жайлы ой бөліседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет