Сабақ тақырыбы: Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану (3 cағат) Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/6
Дата18.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#174765
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану қмж
7 -shamalar-arasynday-tueldilikter-nsa2, кунд соны Әліпхан Айсана пед (1), Орыс тілі бөж 2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.4 А Алгебралық бөлшектер

Мектеп: № 43 жалпы орта білім беретін мектебі

Күні 25.04.2018

Мұғалімнің аты- жөні: Хайдарова Асель Сафиуллаевна

Сынып 7 «a»

Қатысқаны 18

Қатыспағаны 0

Сабақ тақырыбы:

Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану (3 cағат)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.19 алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Сабақ мақсаты

  • Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолдана алады;

  • Алгебралық бөлшектерді көбейткіштерге жіктеп, ортақ бөлімін таба алады;

  • Алгебралық бөлшектерді түрлендіру арқылы тепе-теңдіктерді дәлелдей алады

Бағалау критерийлері

  • Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолданады;

  • Алгебралық бөлшектерді көбейткіштерге жіктеп, ортақ бөлімін табады;

  • Алгебралық бөлшектерді түрлендіру арқылы тепе-теңдіктерді дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар
- алгебралық бөлшектерге қолданатын амалдардың тәртібін түсіндіреді;
- алгебралық бөлшектерге қолданатын әрбір амалды түсіндіреді.
Пәндік лексика мен терминология

  • айнымалының мүмкін мәндері;

  • өрнектердегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиыны;

  • рационал өрнек;

  • бүтін өрнек;

  • бөлшек өрнек;

  • алгебралық бөлшек;

  • бөлшектерді қысқарту;

  • бөлшектің негізгі қасиеті;

Диалогқа қажетті сөз тіркестер
– … бөлшектің мағынасы болмайды;
– ... сонда, тек сонда ғана бөлшек нөлге тең болады ;
– өрнектің мүмкін мәндер жиынын табу үшін … ;

  • – бөлшекті ортақ бөлімге келтіру үшін … керек;

  • – … үшін бөлшектің алымы мен бөлімін көбейткіштерге жіктейміз;

  • – бөлшектердің ортақ бөлімін табу үшін … керек;

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарына сай «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы ,ынтымактаса жұмыс істеуге, бірін бірі құрметтеуге , өмір бойы үздіксіз білім алуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы білім

Жай бөлшектерді қосу мен азайту, алгебралық бөлшек,алгебралық бөлшектің негізгі қасиеті,алгебралдық бөлшектерді қосу және азайту



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет