Сабақ тақырыбы Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі Үлкен және кіші сандарды жазу Сабақтың түрі



бет3/6
Дата09.10.2023
өлшемі496,14 Kb.
#184304
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
0a7ef430cd483f3dcc06384fa76fa259, istorii kazahstana
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

    1. мин

2-9 мин


Оқушылармен сәлемдесу
(W) Ауызша жаттығулар

1. Сендер күнделікті өмірде өлшеулер жүргіздіңдер ме? Қандай? Мысалдар келтіріңдер.


2. Физикалық шама өлшем бірліктеріне мысал келтіріңдер.
3. Физикалық өлшем бірліктер алдындағы кило-, гекто-, санти-, милли-, микро- сөздері қандай мағынаны білдіреді?
4. Келесі мысалдар қандай физикалық шамалар туралы айтылады:
а) сабақ 45 минутқа созылады;
б) бөтелкеде 0,5 л су бар;
в) мұз 0°С – та ериді;
г) автобус 40 км жол жүрді?
5. Суретте ұзындықтары бірдей білеушені екі түрлі сызғышпен өлшегендігі көрсетілген. Қай жағдайда дәл нәтиже алынған? Жауаптарыңды негіздеңдер.

6. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» мақалының физикалық мағынасын түсіндіріңдер.


Мұғалім: Тәжірибелік есептеулерде, ғылыми зерттеулерде физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігі ерекше орын алады. Бүгінгі сабақта біз өлшеулер дәлдігі туралы толығырақ білеміз.
Сабақ тақырыбы: «Өлшеулер мен есептеулер дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды жазу»
Мұғалім оқушыларға сабақ мақсатын тұжырымдауды ұсынады.
(Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерге жазып, сабақ мақсатын айқындайды)

Презентация

10-24 мин

(W) Жаңа сабақ оқу
Мұғалім: Өлшеу дәлдігі аспаптың сезгіштігіне және өлшеу жүргізетін адамның дағдысына тәуелді. Физикада өлшеулер кезіндегі нәтиженің дәл болмауы өлшеу қателігі деп аталады. Өлшеу қателігі аспаптың бөлік құнынан үлкен болмайды. Бөлік құны аз болса, өлшеу дәлдігі жоғары болады. Өлшеу дәлдігі - өлшеу аспабын дұрыс қолдануға, өлшеуді мұқият жүргізуге де тәуелді. Өлшеу аспаптарының кемшіліктері және біздің сезім мүшелеріміздегі кемшіліктердің салдарынан өлшеу жүргізген кезде өлшенетін шаманың дәл мәнінен артық немесе кем болатын жуық мәнін ғана аламыз. Зертханалық жұмыс немесе жай өлшеулер кезінде қарастырылуы тиіс:

  • Өлшеу қателігі аспап шкаласының бөлік құнының жартысына тең.

  • Абсолют дәл өлшеу мүмкін емес!

Мысалы: Қарындаш ұзындығын өлшеп, оның мәнін аспап қателігін ескеріп жазамыз.

Аспап қателігін ескере отырып, физикалық шаманы келесі формула арқылы өрнектейміз:


L = l + ∆l
L – өлшенетін шама
l – өлшеу нәтижесі
l – өлшеу қателігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет