Сабақ Тақырыбы: Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану және бірегейлік: институттар мен үрдістер



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі19,83 Kb.
#84267
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Тақырып № 5 әлеуметтану
алеуметтану реферат студ.кз
Институттардың өзара тәуелділігі
Қоғамның әрбір институтын тәуелсіз әлеуметтік құрылым деуге бо-
лады, бірақ олардың ешқайсысы жалғыз тұра алмайды. Керісінше,
институттар бір-біріне тәуелді, олардың әрқайсысы басқаларына әсер етеді және басқа институттар да оларға әсер етеді. Әдетте тұрақты қоғамда бір институтгың рөліне кіретін нормалар мен құндылықтар басқа институттармен үйлесімде болады. Мысалға, еркектердің үстемдігін мойындайтын, отбасында үлкендердің айтқанына бағынатын қоғамның діни, экономикалық және саяси жүйелерінде де осы нормалар жұмыс істейді. Олай болса, өзара тәуелділік нормалар мен құндылықтарды орнықтырады және әлеуметтік тұрақтылықты арттырады.
Алайда, кейде өзара тәуелділік әлеуметтік өзгерістерге септесетін
маңызды механизм бола алады. Әрбір мекеме бір-біріне эсер ететін-
діктен біреуінің өзгерісі басқалардың да өзгеруіне әкеледі.
Экономикадағы өзгерістер отбасының өзгеруіне, діндегі өзгерістер үкіметтің
өзгеруіне әкеледі. Мысалы, ерлер жүмыс табу үшін басқа елге көшуге мәжбүр болса, мұның өзі елде қалған отбасының құрылымына көп әсерін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет