Сабақ Тақырыбы: Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану және бірегейлік: институттар мен үрдістер



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі19,83 Kb.
#84267
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Тақырып № 5 әлеуметтану
алеуметтану реферат студ.кз
Институт - адамның негізгі қажеттіліктеріне лайық, тұрақты
және күрделі әлеуметтік құрылым. Оның басты ерекшелігі - бірнеше
буынның өмірін қамтиды, әрі қүндылықтардың, нормалар мен мәр-
тебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адам-
ның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мәселен, отбасы
институтының өзіне тән тұрақты ерекшеліктері - өмірлік серігіңді
табу және бала тәрбиелеу.
Негізгі институттар
Адамзат қоғамдары әркелкі болғанымен, олардың әрқайсысының
міндеттерінің тізімі ұқсас.Сондықтан әр қоғамда бірдей типтегі институттар бар. Негізгі әлеуметтік бес институт мыналар:
• Бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқаратын отбасы институты.
Тауар шығарып, оны тарату міндетін атқаратын экономика институты.
• Қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, әрі оны қорғап отыратын үкімет институты.
• Жас ұрпақты оқытумен айналысатын білім институты.
• Дерексіз және жауабы жоқ сұрақтарға жауап беру міндетін атқаратын дін институты.Бұл институттар маңызды әлеуметтік қажеттіліктерді орындау мақсатында әр қоғамға тұрақты әлеуметтік шешімдер жиынтығын ұсынады. Бұл шешімдер әр қоғамда әртүрлі болады, тіпті кейде бір-біріне мүлде кереғар болып жатады. Үкімет институттары монархия,демократия, диктатура немесе тайпалық кеңестер болуы мүмкін. Дегенмен барлық дені cay қоғамдарда осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға жауапты әлеуметтік құрылымдар бірдей болып келеді. Қарабайыр қоғамдарда саясат пен экономика, білім мен дін сияқты маңызды әлеуметтік қажеттіліктердің барлығын бір ірі әлеуметтік институт - отбасы немесе туыстық институт қанағаттандырады.
Туыстық міндеттерге негізделген әлеуметтік қатынастар – өндірісті ұйымдастыру, көбею, білім беру және қорғау үшін негіз болып табылады. Қоғам ұлғайып, күрделене түскен сайын қордаланған барлықмәселелерді шешуге отбасының шамасы жетпей қалады. Соның нәтижесінде кейбір істер біртіндеп білім беру, дін және үкімет сияқты арнайы мамандандырылған институттарға ауыса бастайды. Қоғамның әлеуметтік және физикалық ортасы өзгеріп, сол орталарда жұмыс істейтін технологиялар қарыштап дамып жатқандықтан адам алдында туындайтын проблемалар да өзгеру үстінде. Яғни институттық құрылымдар бір орында түрмайды, жаңа проблемаларды шешу үшін жаңа құрылымдар пайда болады немесе қоғамдар хаосқа ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет