Сабақ Тақырыбы: «Қосу формулалары»


Тақырыбы: Қосу формулалары



бет2/4
Дата04.07.2018
өлшемі434 Kb.
#46922
түріСабақ
1   2   3   4

Тақырыбы: Қосу формулалары


Жалпы мақсаты:

Тақырыпты  сыни тұрғыдан игере отырып, екі бұрыштың қосындысы  мен  айырымындағы тригонометриялық функциялардың формулаларын қорытып, осы формулаларды тригонометриялық функцияларды тепе –   тең түрлендіру кезінде  қолдана білуге бағыттау

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Алгебра оқыту әдістемесі

  3. 9 – сыныпқа арналған алгебра оқулығы.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

  Қосу формулаларын  есептер шығаруда қолдана отырып, тиімді  жолды үйренеді, есептердің шығару жолдарын бір-біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді.Оқушылар жұппен, топпен жеке жұмыс  істей отырып, идея бөліседі.

Негізгі идеялар:

Векторлардың скалярлық көбейтіндісі, бірлік тригонометриялық шеңбер арқылы өздігінен іздене отырып меңгеру өзіндік түсініктеме  беру қабілетіне  ықпалын тигізеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. Үлестірмелі материалдар

  2.  стикерлер

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер


  1. Жеке жұмыс

  2. Жұптық жұмыс

  3. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

оқулықпен, дәптермен жұмыс

Тапсырмалар:

  • Ұйымдастыру.

  • Тапсырма №1.«Миға шабуыл» сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеру.

  • Тапсырма  №2.  Болжау стратегиясы

  • Жаңа сабақ (ДЖИКСО) 

  • №440 - №444  Әр топқа есептерді қорғату, орындату.

  • «Екі жұлдыз, бір тілек», «Шаттық шеңбері»

 

Ойлау деңгейлері 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

Білу:

Векторлардың скаляр көбейтіндісін және келтіру формуласын еске түсіру



• Векторлардың скаляр көбейтіндісі неге тең?

• Келтіру формулалары дегеніміз не?

• Оны қалай түсінесіңдер?

•Қандай тригонометриялық функцияларды ұқсас функциялар деп атайды?



Сұрақтарға жауап береді,формулалардағы қателерді түзейді.

Келтіру формулалары мен вектордың скаляр көбейтіндісін еске түсіреді.

Түсіну

Қосу формулаларының    қорытып шығуын түсіндіру



Болжау стратегиясы

•Екі бұрыштың қосындысы мен айырмасының тригонометриялық функцияларын осы бұрыштардың тригонометриялық функциялары арқылы өрнектейтін формулаларды  қосу формулалары деп атайды.

cos(α – β)=cosα cosβ + sinα sinβ (1)

Екі бұрыштың айырымының косинусы осы бұрыштардың косинустарының көбейтіндісі мен синустарының көбейтіндісінің қосындысына тең.

cos(α + β)=cosα cosβ – sinα sinβ (2)

Екі бұрыштың қосындысының косинусы осы бұрыштардың косинустарының көбейтіндісі мен синустарының көбейтіндісінің айырымына тең.

Келтіру формулаларын қолдансақ:

sin (α + β)= sinα cosβ + cosα sinβ (3)

Екі бұрыштың қосындысының синусы бірінші бұрыштың синусы мен екінші бұрыштың косинусының көбейтіндісіне бірінші бұрыштың косинусы мен екінші бұрыштың синусы көбейтіндісін қосқанға тең.

sin (α – β)= sinα cosβ – cosα sinβ (4)



екі бұрыштың айырымының синусы бірінші бұрыштың синусының екінші бұрыштың косинусына көбейтіндісі мен бірінші бұрыштың косинусының екінші бұрыштың синусына көбейтіндісінің айырымына тең.

tg (α+β)= , +, n (5)

tg (α – β)= , +, n (6)

ctg(α + β)= , +, n (7)

ctg(α – β)= , +, n (8)

Болжай отырып векторлардық скалярлық көбейтіндісі арқылы қосу формулаларының қорытып шығады.

(1)– (8) формулалары қосу формулалары деп аталады.



 



Қосу формулаларын қорытылуын түсінеді.

Сергіту сәті

Уақыт туралы қызық мәлімет


Бір сан айтылады. Егер ол сан қандай да бір санның квадраты болса, оң қолдарыңды, кубы болса, сол қолдарыңды,егер бір уақытта квадраты да, кубы да болса, екі қолдарыңды көтеріңдер.

Мысалы: 9, 25, 27, 4, 81, 8, 64, 16











Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет