Сабақ тақырыбы: Оқушы ойы мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы Мақсат



бет4/5
Дата12.09.2020
өлшемі51,92 Kb.
#63696
түріСабақ
1   2   3   4   5
VІ. Қорытындылау

Ақылдың 6 қалпағы» Диалогтік оқыту әдісі тиімді ме?»

Жұптық жұмыс

Бағалау

2 минут

Стикерлер арқылы бүгінгі сабақты бағалау

Берілген бағанға өз стикерлерін жапсырады

VІII. Рефлексия

«Интервью алу»

(5 мин)


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланысты интервью алу парақтарын таратып ұйымдастырады.


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын интервью парағына жазып тапсырады.

Коучинг рефлексиясы (5R)



Сипаттау

  • Не болды?Тақырыптық коучинг өткізілді.

  • Қандай жағдай/ мәселе қарастырылды? Коучингте диалогтық оқыту туралы теориялық мәліметтер мен практикалық тұрғыда осы әдісті оқу мен оқыту барысында қолдану тәсілдер қамтылды.

  • Мен не істедім? Мен коуч ретінде диалогтық оқытудың оқу мен оқыту үдерісінде оқушының сапалы бідлім алуына және өзіндік пікірін қалыптастырудағы тиімділігін көрсететін тапсырмалар ойластырдым.

  • Қандай әрекетке қатыстым? Коучинг барысында қатысушыларды жоспарланған тапсырмаларды түсінуіне, оны практикалық тұрғыда жасауына жағдай жасадым, бағыттадым. Ол қайда және қашан болды? Әсіресе «Егіздер» бейнеүзігі арқылы тақырыпты анықтауда қатысушылар бірден тақырыпты ашып, іс әрекетке кірігіп кеткендігі ұнады. Сол себепті тиімді болғандығын анықтай алдым.

  • Бәрі оған қалай тартылдық/қатыстық? Қатысушылар әсіресе «ақылдың алты қалпағы» әдісін қолданған кезде белсенділік таныта алды. Мен басында қиынырақ бола ма деп ойлаған едім, бірақ қатысушылар сабақта диалогтық оқытудың тиімді, тиімсіз жақтарын, бүгінгі сабақта білген жаңа нәрселерін жақсы жеткізді.

  • .

Жауап

  • Тапсырмалар қалай орындалды?(немесе орындай алмады?) Коучинг барысында жоспарланған «Егіздер диалогы», «ДиалогМ тренингі» сияқты тапсырмалар орындау барысында аса қияндық туғызбады. Себебі, олар терең ойлануды қажет етпейді. Осы тапсырмалар дегенмен олардың ойлануына мүмкіндік туғыза алғандығына қуандым.

  • Не әсіресе жақсы болды? Әсіресе «Диалог тренингі» оңай әрі өте тиімді болды. Себебі, сөйлесу барысындағы мәдениеттілік пен этикетті қатысушылар көру, есту, сезу арқылы анықтай алды. Оны мен қалай білдім? Оны қатысушылардың белсенділік таныта қатысуы мен өзара пікірлесуінен байқай алдым.

  • Не онша жақсы болмады? Бірақ коучинг барысында қатысушылардың ашық сұрақтарды қолдану дағдылары қалыптаспағандықтарын «Мен кіммін?» тапсырмасын орындау барысында байқадым.

  • Мен өзімді қалай сезіндім? Осы тапсырманы орындау барысында ең алғашқылары ашық сұрақ пен жабық сұрақты шатастырып қойып, тек жабық сұрақтарға қарай бағытталып кетіп жатты. Сол себепті ашық сұрақтарды пайдалануды жүйелі ұйымдастырып отыру қажеттігін түсіндім Мен неге олай ойлаймын?

  • Жағдайға/ проблемаға мен қандай әрекет жасадым?( эмоционалдық, жеке, іс-әрекет арқылы) Тапсырма барысында бірден тақтаға ашық сұраққа бағыттайтын тірек сөздер жазып ұсынуға тура келді. Сол тірек сөздерді пайдаланып қатысушылар ашық сұрақ қоюға дұрыс бағытталды, яғни «итеру, тарту» әдістерін пайдаландым, Мысалы, неліктен? Қалай? Не үшін?

Қатыстылық

  • Бұл жағдайға/ проблемаға білімнің қандай саласы/теориясы сәйкес келеді? Маған коучинг барысында Мерсердің /2005/

Құрдастар тобындағы әңгіме, Александердің /2004/ оқытудағы әңгіме, Мерсердің «әңгіменің үш түрі» теориялық зерттеулері көмекке келе алды.

Ол менің жеке /кәсіби тәжірибеммен қалай байланысты? ӨЗ сабақтарымда да осы теорияны қолданыу арқылы белгілі бір нәтижеге жетуге болатындығына көз жеткізе алдым. Сол себепті де зерттелген және нәтижеге бағытталған әдістерді қолданы тиімді болады.



Олар өзара қалай байланысты? Аталған ғалымдар теориялары бірін- бірі толықтырып отыратын секілді. Шын мәнінде адам өзі қызығып не болмаса сол үдеріске қатысу арқылы ғана қандай да бір нәрсеге көз жеткізе алатындығын қатысушыларға жеткізгім келді.

Себептер

  • Сәйкес келетін теория/ зерттеулер маған қандай ақпарат береді? Алынған зерттеулер маған әсіресе терминдік сөздік қорын байытуға, теорияның іс жүзінде тәжірибе арқылы қалай нәтижеге жетуге болатындығына бағдар берді.

  • Түрлі көзқарастар болды ма?(мысалы, жеке көзқарас) Ия, кез келген заттың екі жағы бар демекші, екі жақты көзқарастар да болды. Диалогтық оқыту туралы екі түрлі пікір әңгіменің үш түріне келгенде көрініс тапты. Зерттеушілік әңгімегі баруға қорқақтайтын қатысушыларды да байқадым. Оларды екіұшті жауаптарынан, нақты түсінік бермеуінен осыны байқадым.





Каталог: uploads -> doc -> 0f82
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f82 -> Сабақтың мақсаты: Өтілген материалдарға жаттығу, пысықтау арқылы теориялық алған білімдерін бекіту
0f82 -> Сабақтың мақсаты: а білімділік мақсаты
0f82 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Әулиеағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0f82 -> Сабақтың тақырыбы: Көміртек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет