Сабақ Тақырыбы: Өзгергіштік. Геномдық және хромосомалық мутациялар Ақпараттық-дидактикалық блок



бет6/6
Дата13.12.2021
өлшемі66 Kb.
#125031
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ақпараттық-дидактикалық блок геномдық және хр. мутациялар
Документ (1), opt sites nio public uploads crt 259737-конвертирован, а за.гипо.тест, а за.гипо.тест, Ақпараттық-дидактикалық блок геномдық және хр. мутациялар, БООЖ, Бөж тақырыбы Адам эмбриологиясы. Дамудың қауіпті кезеңдері-engime.org (2), Математика формула
Хромосома аралық аберрацияларға транслокация жатады. Транслокация деп-бiр хромосоманың бөлiгi үзiлiп екiншi бiр гомологты емес хромосомаға жалғануын айтады. Транслокациялар бiрнеше түрге бөлiнедi:

а) реципроктi транслокация - гомологты емес екі хромосомалар бiр- бiрiмен бөлiктерiмен алмасады;

б) реципроктi емес транслокация - бiр хромосома екiншi гомологты емес хромосоманың бөлiгiн жалғастырып, өз көлемiн ұзартады;

в) центрлік қосылыс типті транслокация (робертсоновтық транслокациялар), центромера маңында үзілістерден кейін екі фрагменттің центромералары бірігіп, бір хромосоманы құрайды. Нәтижесінде бір мета- немесе субметацентрлік хромосома түзіліп, жасушадағы хромосома саны біреуге азаяды.



Мутациялардың механизмдерін зерттеудің және түсінудің болашақ дәрігерлер үшін үлкен теориялық және тәжірибелік мәні бар. Өйткені, адамның көптеген тұқымқуалайтын ауруларының себебі мутациялар (гендік және хромосомалық) болып табылады. Геномдық және хромосомалық мутациялар адамда хромосомалық ауруларға алып келеді. Геномдық және хромосомалық мутациялардың пайда болу механизмдерін білу адамның хромосомалық ауруларының патологиялық үдерістерінің мәнін түсінуге, диагностикалау әдістерін ойластыруға, емдеуге және алдын-алу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет