Сабақ Тақырыбы: Өзгергіштік. Геномдық және хромосомалық мутациялар Ақпараттық-дидактикалық блок



бет2/6
Дата13.12.2021
өлшемі66 Kb.
#125031
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ақпараттық-дидактикалық блок геномдық және хр. мутациялар
Документ (1), opt sites nio public uploads crt 259737-конвертирован, а за.гипо.тест, а за.гипо.тест, Ақпараттық-дидактикалық блок геномдық және хр. мутациялар, БООЖ, Бөж тақырыбы Адам эмбриологиясы. Дамудың қауіпті кезеңдері-engime.org (2), Математика формула
Генотиптік немесе тұқымқуалайтын өзгергіштік генетикалық материалдың (генотиптің) өзгеруінен болады, ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отырады. Генотиптік өзгергiштiк комбинативтiк және мутациялық деп екi топқа бөледi.

Комбинативтiк өзгергiштiк генотиптік өзгергіштің бір түрі, бұл жағдайда бір түрге жататын ағзалар бір бірінен генотиптегi гендердiң басқаша топтасуының нәтижесінде ажыратылады. Бұл ата анасына тән емес, жаңа белгілердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, ата-аналарының қан топтары 2 және 3 болса, онда баласының қан тобы 4 болуы мүмкін.

Комбинативтік өзгергіштіктің механизмдері:

1. Гаметогенез кезінде, мейоздың анафазасында гомологты аталық және аналық хромосомалардың тәуелсіз ажырауы;

2. Кроссинговердің нәтижесiнде генетикалық материалдың рекомбинациясы;

3. Ұрықтану кезiнде гаметалардың кездейсоқ қосылуы.

Комбинативтік өзгергіштіктің биологиялық маңызы өте зор, себебі ол бір түрге жататын даралардың генетикалық әртүрлілігін, оның өкілдерінің тірі қалуын қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет