Сабақ Тақырыбы: «Педагогикалық шеберліктің компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника»



бет2/10
Дата21.02.2022
өлшемі78,5 Kb.
#132672
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Доп Лекция3

Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызба, суреттер.
Сабақтың түрі: дәріс


Күтілетін нәтиже:

  1. студенттерге ұстаздық шеберлік және педагогикалық іс-әрекет бойынша негізгі білімдер жүйесін меңгереді; педагогикалық шеберліктің компоненттеріне анықтама беріліп, оны нақты игереді;

  2. студенттердің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын дамытады; болашақ мұғалімнің мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін, кәсіби біліктілікті жетілдіруге деген қызығушылықтарын оятады;

  3. оқыту мен тәрбие әдістемесін шығармашылықпен іздеуге тәрбиелейді.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру барысы.

– Студенттермен танысу. Қатысушыларды түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. 

1. Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол жеткізе алады ма? (Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік жеке тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет)
2. А.В.Луначарскийдің педагогқа қойылатын талаптары қандай? (Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде, ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: “егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап, нақты , айқын жұмыс істеу керек” дейді)
3. Н.К.Крупскаяның берген үлгілі мұғалімнің критерийлерін атаңыз. (Н.К.Крупская 1932ж жарыққа шыққан “Мұғалім туралы” деген мақаласында “үлгілі мұғалімнің мерилі” ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек; оқытудың әдістемесін меңгеруі; оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі; оқушының қабілетін оята білуі қажет)
4. Педагогикалық шеберлік туралы А.С:Макаренконың пікірлері. (Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл “тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы”. Бұл жөнінде ол: “Мен білік пен дағдыға шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім” дейді)
5. В.А.Сухомлинскийдің педагог тұлғасы туралы пікірін келтіріңіз. (В.А.Сухомлинский бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет