Сабақ тақырыбы Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу



бет2/3
Дата18.10.2022
өлшемі40,65 Kb.
#153544
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
18.10.2022
17.10.2022-2
Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты меңгеру. «Бүтін сандарды сандық түзуде қосу» тақырыбында видео қарау.
https://bilimland.kz/ru/#lesson=11193
К
Тақырыпты талқылау. Қорытынды:
Бүтін сандардың қосындысы.
Бүтін сан +Бүтін сан = Бүтін сан
Екі бүтін санның қосындысы бүтін сан.
Оң бүтін сандардың қосындысы.
Оң бүтін сан +Оң бүтін = Оң бүтін
Екі оң бүтін санның қосындысы оң бүтін сан.
Теріс бүтін сандардың қосындысы.
Теріс бүтін сан +Теріс бүтін = Теріс бүтін
a+(−b)=−(a+b)
Екі теріс бүтін санның қосындысы теріс бүтін сан.
Оң және теріс бүтін сандардың қосындысы.
Оң және теріс бүтін сандардың қосындысы оң немесе теріс бүтін сан немес ноль болуы мүмкін.
Мысалдар:
(−24)+89=89−24=65
24+(−89)=−(89−24)=−65
24+(−24)=(24−24)=0
Таңбалары әртүрлі бүтін сандарды қосу үшін модулі үлкеннен модулі кішісін азайтып алдына модулі үлкен санның таңбасын қоямыз.
«Бүтін сандарды сандық түзуде азайту» тақырыбында видео қарау.
https://bilimland.kz/ru/#lesson=11193
К
Тақырыпты талқылау. Қорытынды:
ab=a+(−b)
a−(−b)=a+b
(−a)−b=(−a)+(−b)
абүтін санынан b санын азайту –b және а сандарын қосу сияқты орындалады.
Бүтін сан – Бүтін сан = Бүтін сан


Жұптықжұмыс
«Көзтүйістіру».
Қатысушылар шеңбер бойына тұрып, төмен қарайды. Мұғалімнің бұйрығымен олар көздерін ашып, біреумен көз түйістіруге тырысады. Егер бұл іске асса, онда сол жұп шеңберден шығады.
Ойын барлық жұптар құрылғанша жалғасады.
1020.Координаттық түзудің көмегімен сандарды қосуды орындаңыз:
а) -1 және 2;
б) 3 және -4;
в) -3 және 6 ;
г) 1 және -5;
д) -5 және 6 ;
е) -3 және -2;
Дескрипторлар:

  • Координаттық түзуде нүктелерді дұрыс бейнелейді;

  • Координаттық түзуде сандарды қосуды дұрыс орындайды.

1091
Координаттық түзудің көмегімен сандарды азайтуды орындаңыз:
а) 10-(-3);
б) 12-(-14);
в) -21-(-19);
г) 9-(-9);

Дескрипторлар:



  • Координаттық түзуде нүктелерді дұрыс бейнелейді;

  • Координаттық түзуде сандарды азайтуды дұрыс орындайды.

Ф. Өзара бағалау
Ф. Мұғалімнің бақылауы.

Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
1. Қалай есептеп таптыңыздар?
2. Есепті координаталық түзуде шешіп көрсетер болсақ қалай болар еді?
3. Ал егер есептің шартында бастапқыдағы температура -3°-қа өзгерсе ше? Бұл жағдайда есепті қарай шығарамыз?
4. Бұл жағдайда есепті координаталық түзу көмегімен қалай шығарамыз?
5. Координаталық түзуде берілген санға оң және теріс сандарды қосу алгоритмін құрыңыздар.


Оқушыларға берілген тапсырма бойынша фронтальді жұмыс жүргізу. Оқушылардың жауаптарын талқылау және қорытындылау арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына 3 санын қосу үшін А нүктесін оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(11). Яғни 8+3=11. (Слайд 6)

Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына -3 санын қосу үшін А нүктесін солға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(5). Яғни 8+(-3)=5. (Слайд 7)


Осы жерде оқушыларда түсінбеушілік тудырмау үшін азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын түсіндіру, мысал келтіру (Слайд 8):
а +(- в) = а - в
Мысалы: 8-3=8+(-3)
9-6=9+(-6)
-5-7=-5+(-7)
-11-4=-11+(-4)


Берілген тапсырма бойынша оқушылар қандай ереже құрғандарын айтып өтеді және оқушылардың берген дұрыс жауаптарының негізінде координаталық түзудің көмегімен сандарды қосу алгоритмін құрамыз.
Координаталық түзуде а санына оң в санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені оңға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.

Координаталық түзуде а санына терісв санын қосу ережесі:


1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және айырма осы нүктенің координатына тең.


Осы жұмыстың қорытындысы ретінде мұғалім азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын ескере отырып айтылып өткен екі ережені біріктіріп координаталық түзінің көмегімен сандарды қосу үшін келесі алгоритмді ұсыну (Слайд 9):
Координаталық түзуде бүтін а санына бүтінв санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені
- в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік кесіндіге;
- в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.


Тақырып бойынша жұптық жұмыс.
Жұптық жұмыс нәтижесінде сандарды координаталық түзуде қосуға және азайтуға байланысты бірнеше қорытынды жасайтындарын ескертіп айту. Оқушылардың қателесуінің алдын алу үшін есеп мәтініне назар аударту. (қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға бағыт береді. Есептерге ұсынылған дискриптор:
1. Координаталық түзуді пайдаланып бүтін сандарды қосу ережесін біледі;
2. Координаталық түзуде санды белгілей алады;
3. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады.

№1. Қосу амалы арқылы жаз:


1.А(5) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.
2.В(-6) нүктесі оңға қарай 2 бірлік кесіндіге жылжыды.
3.С(-9) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.
4. D(7) нүктесі оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжыды.

№2. а) Келесі сандарды координаталық түзуде қосыңыз;


ә) Бірінші қосылғыш пен қосындыны салыстырыңыз.

1) 6 және 3;


2) 2 және 5;
3) -2 және 5;
4) -4 және -3;
5) 6 және 0;
6) -5 және 0;
7) -3 және 3;
8) 1 және -1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет