Сабақ тақырыбы Үшбұрыштар теңсіздігі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/3
Дата13.02.2020
өлшемі308,63 Kb.
#57907
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
11.02.2020


ІІ кезең. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталау. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақтар қою.

1.      Үшбұрыш деп ? Ж: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз.


2.      Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, қабырғалары  әр түрлі болатын үшбұрыш.
3.      Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш..
4.      Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі деп аталады.
5.      Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз ? Ж: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрышты айтады
6.      Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттен (кіші, тең, үлкен) болады.

Сұрақтарға жауап берген оқушыларды мадақтау сөздер арқылы сабаққа белсенділігін арттырып отыру.


ІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың оқу мақсаты айтылады.

Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың оқу мақсатын ашу үшін практикалық тапсырмалар беру.


1-практикалық тапсырма

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын, ой қозғау мақсатындаоқушыларға «Ойлан, топтас, бірлес» әдісі бойынша 4 топқа әртүрлі бұрыштардың кесіндері бар үлестірмелерді таратамын, қабырғалары мен бұрыштарын өлшеуді, үлкен қабырғасын, үлкен бұрышын табуды ұсынамын және қабырғалары мен бұрыштардың қатынастары туралы болжам жасауын сұраймын.

Мақсаты:Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қарама-қарсы жатқан бұрыштардың өлшеміне тәуелділігін айқындау.
Теориялық бөлім.
1 теоремаҮшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады және керісінше, үлкен бұрышына үлкенқабырғасықарсы жатады.



1-сурет

АВС үшбұрышында АС қабырғасы АВ қабырғасынан үлкен болсын.

∠В > ∠С теңсіздігі орындалатынын дәлелдейік.

Ол үшін АС-ның бойына АВ-ға тең ADкесіндісін өлшеп саламыз.



2- сурет


орындалады. AD=ABСондықтан ∠1 ∠В бұрышының бөлігі болып табылады және ∠1<∠В.

Ал ∠2 BDC үшбұрышының сыртқы бұрышы болғандықтан, ∠2=∠С+∠DBC теңдігі орындалады.∆ABD теңбүйірлі үшбұрыш болғандықтан, ∠1=∠2.Олай болса,∠В>∠1=∠2>∠C теңсіздігі орындалады.

Керісінше, АВС үшбұрышында ∠В >∠С теңсіздігі орындалсын.

Онда АС>АВ теңсіздігі орындалатынын көрсетейік.Қарсы жорып, бұл теңсіздік орындалмайды делік.Онда не АС=АВ, не АС<АВ болуы керек.Егер АС=АВ болса, онда ∆АВС теңбүйірлі үшбұрыш болып, ∠В=∠С теңдігі орындалар еді, бұл ∠В<∠Стеңсіздігіне қарсы келеді.Егер АС<АВ болса, онда дәлелдегеніміз бойынша ∠В<∠С теңсіздігі орындалуы қажет, бұл да ∠В>∠С теңсіздігіне қарсы келеді.

Онда біздің қарсы жоруымыз қате, яғни АС>АВ теңсіздігі

Теорема дәлелденді.
2-тапсырма.«Ой қозғау» әдісі. Жеке жұмыс.

Суреттер бойынша анықтаңыз:




Үлкен бұрыш_________Үлкен бұрыш_________

Кіші бұрыш_________Кіші бұрыш_________



Үлкен қабырға_________Үлкен қабырға_________

Кіші қабырға _________Кіші қабырға _________


Дескриптор:

- үлкен бұрышты анықтайды;

- кіші бұрышты анықтайды;

- үлкен қабырғаны анықтайды;

- кіші қабырғаны анықтайды

http://festival.1september.ru/articles/311585/

Bilimland.kz


Сабақтың ортасы


Жаңа сабақты өз бетімен меңгеру тапсырмалары.

2-практикалық жұмыс:
1. а)Дәптеріңнен кез келген үш нүктені белгіле, сызғышпен оларды кесінділермен қос. Қандай фигура шықты?

Қабырғаларды өлшеп шамасын жаз. Мысалы, АВ=5см, ВС=4 см, АС=7 см.

ә)Ең үлкен қабырғасының ұзындығы қандай?. Қалған екі қосындысы және айырмасы қандай? Ең үлкен қабырғаны осы шамалармен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар,

АС< BC+AВ , АС BC-AВ болуға тиіс.

Кез келген үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан (үлкен, тең, кіші) болады.

Бір түзудің бойында жатпайтын кез келген үш нүкте үшін үшбұрыштар теңсіздігі тура болады





2) 10см, 15см, 30см үш сызғышты пайдаланып үшбұрыш құрап көрелік. Үшбұрыш шығама? (тақтаға 3 оқушы шығады) – бұдан үшбұрыш құрау мүмкін емес. ( үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу барысында оқушылар кез-келген үш кесінді көмегімен үшбұрыш тұрғызу әрқашан мүмкін бола бермейтінін тереңірек сезінеді).

9см, 7см, 12см үш сызғышты пайдаланып үшбұрыш құрап көрелік. – бұл сызғыштардын үшбұрыш құрауға болады.



Осы мысалдар арқылы қандай қорытынды шығаруға болады?

AB < BC + АС, себебі 9 см < 7 см + 12 см
ВС < АВ + АС, себебі 7 см < 9 см


Теорема: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан кіші болады.

Оқу мақсатына жету үшін, оқушыларға bilimland сайтынан материалдар көрсетіп, теореманы толықтырып, дәлелдеймін.3-тапсырма. «Кім жылдам» әдісі.Төмендегі суреттерден мүмкін болатын үшбұрыштарды анықтаңыздар.(ауызша)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет