Сабақ тақырыбы Үшбұрыштар теңсіздігі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/3
Дата13.02.2020
өлшемі308,63 Kb.
#57907
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
11.02.2020


Дискриптор: Білім алушы

  • мүмкін емес үшбұрыштарды анықтайды;

  • үшбұрыш теңсіздігін пайдаланып өз жауабын түсіндіреді.

Есептер шығару.Оқулықпен жұмыс.

Жұптық тапсырма.

1.Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы: а   болса, үшінші қабырғасын тап.

2.Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы  25см- ге, ал басқасы  10см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады?

3.Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы: а  болса, үшінші қабырғасын тап.



4.Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 7см- ге, ал басқасы 13см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады?

Саралау тапсырмасы

4-тапсырма.

Суретпен жұмыс. Дәптерге орындау, есептеу.


Дискриптор:

  • үшбұрыштардың түрін анықтайды;

  • үшбұрыш теңсіздігін пайдаланып бұрыштарының өлшемдерін табады.

Топтық жұмыс: «Эстафета» тәсілі. Әр топқа есеп жазылған тапсырма парағы таратылады. Осы тапсырманы топпен оқып талқылайды да, кез келген бір оқушы есепті шешу жолын жазуды бастайды, бірінші оқушы үшбұрыштың суретін салады, екніші оқушы есептің берілгенін жазады, т.с.с.

  1. Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы12см, екінші қабырғасы 5см. Осы үшбұрыштың периметрін табыңдар.

  2. Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бір қабырғасы екіншісінен екі есе үлкен.Осы үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

  3. АВС үшбұрышының периметрі 18см. ВС қабырғасы АВ қабырғасынан 2см кіші, ал АВ қабырғасы АС-дан 3см үлкен.АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңдар.

  4. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 24 cм, екі қабырғасының айырмасы  3 см, ал бір төбесіндегі сыртқы бұрышы сүйір. Үшбұрыш қабырғаларын табыңдар.Жауабы: 7 см, 7 см, 10  см





Дескриптор

1

Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін біледі

2

Үшбұрыштар теңсіздігін пайдалана алады.

3

Есепті шешу үшін теңдеуді дұрыс құрады.

4

Үшбұрыштар теңсіздігін ескере отырып, жауабын дұрыс береді.

5

Топ мүшелерінің толық қатысуы ескеріледі, шығарылған есептерден қорытынды шығарады.

Барлық есепті орындаған оқушыны «жұлдызшамен»,оқушы есептеулерден қателік жіберген болса «смайликпен», есептің шығару жолында қате бар болса «қызыл түсті смайликпен» бағалаймын.

Сергіту.

презентация http://festival.1september.ru/articles/612863/

Әртүрлі өлшемді сызғыштар



Сабақтың соңы

Ақпаратты қорытындылау.

«Математикалық диктант»

Үшбұрышта:

1) Үлкен қабырғаға қарсы ...... бұрыш жатады, үлкен бұрышқа қарсы ....... қабырға жатады.

2) Қабырғалар тең болса, оларға қарсы жатқан бұрыштарда ....... болады, бұрыштар тең болса, оларға қарсы жатқан қабырғалар ...... болады.

3) Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300 болса, оған қарсы жатқан катеті .......... тең болады.

4. Үшбұрыштың кез келген қабырғасы оның қалған екі қабырғасының қосындысынан ...... болады.



Рефлексия .

Стратегия «Менің көңіл күйім» баспалдағы

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе адам суретін салып), тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет», «Өзіме сенімдімін», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
Үйге тапсырма. Теорема жаттау. № 5 есеп

Бағалау.


стикерлер



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Өткен материалды қайталау мен тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылды

Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбір оқушының қатысуы қадағаланады.

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды.

Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет