Сабақ тақырыбы: Түс датчигі Күні



Дата22.12.2023
өлшемі51,3 Kb.
#198397
түріСабақ
Байланысты:
1-ші сабақ Түс датчигі
Сабақ жоспары информатика 4 сынып"Видеожазба"

Пәні:

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

Мұғалімі:

Үсіпбекова Назерке Дәуренбекқызы

Сынып:

4

Сабақ тақырыбы:

Түс датчигі

Күні:




Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

4.5.1.1 түс датчигін қолдану

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • датчиктің түрлерімен танысып, түс датчигін қолдануды үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Түс режимі түрлері, сыртқы жарық жарықтылығы және шағылысқан жарық жарықтылығымен танысады.

Кейбір оқушылар:

  • EV3 түс датчигін роботқа орналастырып, LEGO MINDSTORMS Education EV3 програмассында еркін жұмыс жасай алады.

Жоспар

Іс-әрекет реті

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Мағынаны таны



Робот – тірі организм принципі бойынша құрастырылған жандандырылған автомат құрылғы. Роботтар – қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына еніп үлгерді.
LEGO MINDSTORMS EDUCATION EV3 – негізгі оқужаттығу роботы.
Датчик – әртүрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал.
Электронды датчиктің құрамына сезгіш және түрлендіргіш элементтер кіреді. Олардың негізгі ерекшеліктері сезгіштігі.
Түс датчигі – түс немесе жарық жарықтылығын анықтай алатын сандық құрал. Түс датчигіндегі Түс режимі 1 см қашықтықтағыны сандардың 7 түрлі түсін және жарықтың деңгейін анықтай алады: «қара» = 1, «көк» = 2, «жасыл» = 3, «сары» = 4, «қызыл» = 5, «ақ» = 6 және «қоңыр» = 7. Егер элемент датчиктен шығарылса немесе элементтің түсі дұрыс анықталмаса, датчик осы түс туралы «Түссіз» = 0 деп хабарлайды.
Түс датчигінің негізгі қызметі – түстерді анықтау, шашыраңқы және шағылысқан жарықты өлшеу.



Интернет,
Презентация

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 4сынып, «Арман-ПВ» оқулығы (96-98 бет)



Жауап бер

Сұрақтар:
1. Датчиктер қызметіне қарай қанша түрге бөлінеді?
2. Түс датчигінің қанша режимі бар?
3. Неге жанасу датчигін жиі қолданамыз
4. Датчик 7 түсті анықтай алады. Ал түстер кездеспеген жағдайда қандай мәнді қолдануға болады?



«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 4сынып, «Арман-ПВ» оқулығы

Орында

Тапсырма:
Жанасу датчигі мен түс датчигін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықта




1. Датчик 7 түсті анықтай алады. Ал түстер кездеспеген жағдайда қандай мәнді қолдануға болады?
2. Роботты қандай мамандық иесі құрастырады?



Презентация
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 4сынып, «Арман-ПВ» оқулығы, дәптер, қалам

Рефлексия



Мен бүгін ___________ білдім




Мен енді ______________ білемін. (бағалау критерийлеріне сәйкес)




Мұғалімнен кері байланыс (ауызша кері немесе жазбаша ұсыныс)








Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет