Сабақ тың тақырыбы «білімді ұрпақ жарқын болашақ»



бет1/59
Дата02.04.2022
өлшемі168,24 Kb.
#137675
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
7 кл часы поуроч
аиг, Мұғражова М.

Бөлім: Сынып сағаты

Мектеп: КММ «№65 ЖББМ»

Күні: 01.09.21

Мұғалімнің аты-жөні: Достан Гүлжаһан

Сынып: 7 «г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.1 – білім алудың маңыздылығын ұғындыру.

Сабақтың мақсаты

Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Әрбір топқа қима қағаздар тарату арқылы 4 - 5 топқа бөлу
Сыныптағы тыңдаушылар топқа бөлініп отырады

Жаңа сабаққа дайындалады







Негізгі бөлім
Тақырыпты ашу
15 минут



«Халық пен халықты, адам мен адамда теңестіретін нәрсе – білім»- дейді ұлы жазушы М.Әуезов.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, 1-ші қыркүйек - Білім күні! Бұл күн сендер үшін де, ұстаздар үшін үлкен мереке. Әрбір мектептерде, колледждерде, басқа да білім беру мекемелерінде тұңғыш қоңырау соғылады. Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Жақсы, білімді, саналы, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек!
«Басты байлық – денсаулық» - демекші, денің сау болу үшін ішетін тамағың таза болу керек. Міндетті түрде дұрыс тамақтануың қажет. Жеке бас гигиенасын сақтау қажет. Бұл өте маңызды. Әр түрлі дене жаттығуларын орындап, серуенге шығып таза ауа жұтып, күніне 10 -15 минут жаяу жүріспен айналысу керек.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. ағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті.
«Абай – дара, Абай – дана» (Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына – 175 жыл)
Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді.Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.







Презентация

Сабақты бекіту
20 минут

Қорыта келе, қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса, соған дәнекер өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты. Міне, «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» тақырыбындағы ойтүйінді жалпы ел жастарына бағыттаймын! Жас күш, жас толқын болып толқып, ана тілінде сайрап, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ...!










Соңы
5 минут



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет