Сабақ типі: аралас Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап Көрнекілігі: таблицалар, суреттер Сабақтың барысы



бет8/10
Дата27.12.2016
өлшемі1,98 Mb.
#5461
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

9.Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

88



Тақырыбы:Балаларға.Жамбыл.151-152 жаттығу.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.

2.Оқушыларға сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылатынын

айтып,сөйлемнің соңына нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі қойылатынын

түсіндіру.

3.Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Жырау.С.Мәуленов.148- 150жаттығу” оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Балаларға.Жамбыл.151-152 жаттығу” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.Сөйлемнің соңына

нүкте(.)не сұрақ белгісі(?)немесе леп белгісі(!)қойылады.

Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.

-Жамбыл атаның қандай өнері болған?

-Жамбыл ата балаларға қандай сөздер айтты?

-Жамбыл ата туралы не білесіңдер?

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Сөйлем” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Өө \сөздер жазу\.



151-жаттығу.1.Сөйлемдерді оқыңдар.

2.Керекті жеріне нүкте қойып,оларды бас әріптен бастап жазыңдар.



152-жаттығу.1.Сөйлемдерді оқып,әр сөйлемнің кім,не туралы екенін айтыңдар.

2.Сөйлемдерді көшіріп,соңына қандай тыныс белгісі қойылғанын

айтыңдар.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 152-жаттығу.\аяқтау\.

9.Бағалау.
Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

89



Тақырыбы:Ән сабағы.О.Әубәкіров.153-154 жаттығу.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқыту,өнер адамдары жайлы түсінік беру.

2.Өз ой-пікірлерін айта білуге,сөйлем соңында нүкте,сұрақ,леп белгілерін

дұрыс қойып,жаза білуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды өнерді түсіне білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: өнер адамдарының суреті

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өткен мәтіндерді оқыту,мазмұндау.Балаларға-өлеңін жатқа айтқызу.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Ән сабағы ”өлеңі.



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.Өнер адамдары өміріне тоқталу.

Қазақтың бұлбұлы атанған-әнші Күләш Байсейітова және халқымыздың бишілік

өнерінің негізін қалаған биші-Шара Жиенқұлова.

Өлеңді түсініп оқыту. -Адамға өнер не үшін керек?

-Күләш,Шара апаларымыздың қандай өнері болған?

-Өзің қандай өнерді қалайсың?

-Басқа да өнер адамдары туралы не білеміз?

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты.Пп \сөздер жазу\. Емен,жер,бәйшешек,көбелек-буынға бөлу.



153-жаттығу.1.Құраған сөйлемдерін оқыту.

Көктем келді.Жер көгерді.Бәйшешек гүлі шықты.Құстар жылы жақтан оралды.



154-жаттығу.1.Қарамен жазылған сөздерді көтеріңкі дауыспен оқыңдар.

2.Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгісі қойылған?

3.Өлеңді оқы,жаттап ал.

Мақалдарды жазу,мәнін түсіндіру:1)Өнерлінің қолы –алтын,өлеңшінің сөзі –алтын.

2)Өнерлі бала-сүйкімді.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Ән сабағы –өлеңін оқу,мазмұндау,жаттау.154-жаттығу.\аяқтау\ 9.Бағалау



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

90



Тақырыбы:Сурет сабағы.Суретші ата Қастеев.155-156 жаттығу.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуды үйрету.

2.Оқушыларды сөйлемнің соңынан қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қоя

білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды әдемілікті түсіне білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Ән сабағы ”өлеңін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Сурет сабағы.Суретші ата Қастеев.155-156 жаттығу”.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.

-Суретші болу үшін не қажет?

-Өзің қандай сурет салғанды ұнатасың?

-Суретшілерден кімдерді білесіңдер?

-Әбілхан Қастеев кім?

-Оның қандай шығармаларын білесің?

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Сөйлемнің тыныс белгісі” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Рр \сөздер жазу\.



155-жаттығу.1.Берілген сөйлемдердегі көп нүктені орнына қажетті сөздерді қойып

көшіріп жазыңдар.



156-жаттығу.1.Жаңылтпашты оқып,сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері

қойылғанын аңғарыңдар.

Жаңылтпаш.

Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұшта!

Үшкірлеп ұштап,сақтап ұста.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Өлеңді оқу,мазмұндау,”Суретші ата Қастеев” өлеңін жаттап ал.9.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

91-92



Тақырыбы:Геолог. 157-159 жаттығу.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұнын түсіне білуді үйрету.

2.Оқушыларға еліміздің қазба байлықтары,ғарыш әлемі туралы түсінік

беру,өз ой-пікірін айта білуге дағдыландыру.

3.Геологтар мен ғарышкерлер туралы түсінік бере отырып,мамандық

таңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:Cабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Сурет сабағы ”өлеңін оқыту,мазмұндау,”Суретші ата Қастеев” өлеңін жатқа сұрау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу

2.Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Геолог-ғалым Қаныш Сатпаев ”туралы әңгімелеу.



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Елімізде қандай қазба байлықтар бар?

-Қазба байлық не үшін қажет ?

-Геолог –қандай мамандық деп ойлайсыңдар?

- Қаныш Сатпаевты неліктен геолог-ғалым дейміз?

3.Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

“Ғарышқа ұшу ”мәтінімен таныстыру.Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері:

Тоқтар Әубәкіров жәнеТалғат Мұсабаев туралы айтып өту.

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты.Сс \сөздер жазу\.

157-жаттығу.1.Сөйлемдерді оқып,әр сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойып

көшіріңдер.



158-жаттығу.1.Өлеңді оқып шығып көшіріп жазыңдар.

1).Ғарышкерлер мекені-қазақ жері-Байқоңыр,

Қай жер саған жетеді,ғажап жерім-Байқоңыр!

2)1961 жылы 12 сәуір күні тұңғыш рет Юрий Гагарин ғарышқа ұшты.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Геолог өлеңін,ғарышқа ұшу –мәтінін оқу,мазмұндау.



159-жаттығу. “Кім болам?”тақырыбына әңгіме жазу. 9.Бағалау

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

93



Тақырыбы:Шығарма.Ғарышта.

Мақсаты: 1.Өз ойларын жинақтап,сөйлемді дұрыс құрай білуге үйрету.

2.Оқушыларды сауатты да, түсінікті сөйлемдер жазуға дағдыландыру.

3.Ғарышкерлер ерлігімен таныстыру,батыл болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас,шығарма

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: ғарышкерлер суреті

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өткен мәтінді оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау .Шығарма -Ғарышта.



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

Ғарышкерлер өмірімен таныстыру.

Ғарышта.


Тоқтар Әубәкіров-ғарыш әлеміне ұшқан қазақ ғарышкері.Ол-1991 жылы қазан

айында ғарышқа бірінші рет көтерілген қазақ азаматы.Осы ерлігі үшін оған Халық

Қаһарманы атағы берілді.

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу.

-Ғарыш әлеміне алғаш кім ұшты?

-Қай жылы ұшты?

-Тоқтар Әубәкіров кім?

-Ол ғарышқа қай жылы,қай айда ұшты?

-Сен өскенде кім болғың келеді?

7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.\қосымша мәліметтер\.

-1961 жыл 12 сәуір.

-1991 жыл қазан айы.

-Юрий Гагарин.

-Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев.

-Халық Қаһарманы.

Қорытындылау.Шығарма жазу.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Өткен мәтіндерді оқу,мазмұндау.

9.Бағалау


Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

94



Тақырыбы:Мамыр.Н.Оразалин.160-161 жаттығу.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуға,мазмұнын айта білуге,сөйлемдегі сөздер

байланысын таба білуге үйрету.

2.Оқушылардың еркін сөйлеулерін,өз ойларын жеткізе білу дағдысын

қалыптастыру.

3.Әрдайым бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруге,сыйласа білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: сюжетті суреті

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өткен мәтіндерді оқыту,мазмұндау.



Ғарышта-тақырыбына жазған шығармаларының нәтижесін айту.

Қатемен жұмыс жүргізу.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

”1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні.Мамыр өлеңі.”

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.

-1 Мамыр қандай мейрам?

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбын түсіндіру.

Көркем жазу минуты.Тт \сөздер жазу\.

160-жаттығу.1.Сөйлемдерді оқыңдар.Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар.

Көк ту желбіреді.1.Ту қайтті? -Ту желбіреді. 2.Қандай ту? -Көк ту.



161-жаттығу.Сөздердің байланысын анықтау,(сызба арқылы байланысын сызу.)

1. Інім шарды жіберді. 2.Шар аспанға ұшты.

3.Біраз уақыттан кейін шар көрінбей кетті.

Қорытындылау. Есте сақта!

Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болады.

Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мамыр -өлеңін оқу,жаттау. Сурет бойынша мәтін құрау.9.Бағалау



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

95



Тақырыбы:Қаздарым.Қ.Толыбаев.162-163 жаттығу.

Мақсаты: 1.Өлеңді рөлге бөліп оқуды үйрету.

2.Сөйлемдегі сөздердің байланысын таба білуді пысықтау.

3.Оқушыларды құстарды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

”1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні.Мамыр”- өлеңін оқыту,жатқа сұрау.

Сурет бойынша құраған мәтіндерін оқыту.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Қаздарым.Қ.Толыбаев.162-163 жаттығу” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау,рөлге бөліп оқу.

-Өлең не туралы?

-Қаздар қайда жүр екен?

-Ал саған апаң не деді?

-Ал қаздар не деп жауап берді?

3.Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

“Сөйлемдегі сөздердің байланысы ” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Уу \сөздер жазу\.

162-жаттығу.1.Сөйлемдерді оқып,ондағы сөздердің байланысын табыңдар.

2.Сөздердің байланысын үлгі бойынша сызып көрсетіңдер.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 163-жаттығу.

2.Қаздарым өлеңін рөлге бөліп оқуға дайындалу,қаз суретін салу.

9.Бағалау.
Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

96



Тақырыбы:Қайталау.Сөйлем,сөз байланысы.

Мақсаты: 1.Сөйлем.Сөйлемдегі сөздер байланысын қайталау.

2.Оқушыларды сауатты,көркем жазуға,сөйлем соңында тыныс белгілерін

дұрыс қоя білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: үлестірмелі суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Ертегілерді” оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Қайталау” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Өткен мәтіндерді мәнерлеп оқу,талдау.

1)Тапсырма - Сен өскенде кім болғың келеді ?

- Ұшқыш.

- Ұшқыш болу менің де арманым.Шіркін,ұшқыш болғанға не жетсін!

2)Тапсырма Қарлығаш.\шағын диктант жазу\.

Қарлығаш-қасиетті құс.Ол –адамға жақын.Ұясын үйіңе салады.Ата-бабамыз

қарлығашты құрметтеген.Сондықтан қызына Қарлығаш деп ат қойған.

3)Тапсырма:\сөйлемдегі сөздер байланысын табу\.

Күн шықты.

Күн жарқырап шықты.

Күн бұлт арасынан жарқырап шықты..

3.Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу.

2. Теріп оқыту.

7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты. ҰұҰшқыш,ұшақ,ұйқы,ұршық.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.”Құстар –біздің досымыз” тақырыбына шығарма жазу.

9.Бағалау



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

97



Тақырыбы:Диктант.Балапан.

Мақсаты: 1.Оқушыларға естігендерін дұрыс жаза білуді үйрету.

2.Сөйлемдегі сөздер байланысын таба білуге,дыбыстық талдау жасай

білуге дағдыландыру.

3.Өздігінен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас,диктант

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі:үлгі көрсетілген суреттер.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: .

”Құстар –біздің досымыз” тақырыбына жазған шығармаларының нәтижесін айту.

Қатемен жұмыс жүргізу.

3.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Диктант:Балапан”



4.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Диктантты мәнерлеп оқу,талдау.

Диктант.

Балапан.


Күшік кенет үре бастады.Мұқаш бір балапанды көрді.Суық жаңбырдан балапан дір-дір етеді.Мұқаш балапанды үйге алып келді.Бірнеше күн күтіп бақты.Ол терезені ашты.Балапан ұшып кетті.

(29 сөз.)

Түсіндірілетін сөздер: үре,дір-дір етеді,күтіп бақты,ұшып кетті.

-Диктант жазу.



5.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

1)Тапсырма:Мұқаш балапанды үйге алып келді.

\сөйлемнің байланысын анықтап сыз, сұрақ қой\.


2)Тапсырма:Бірінші сөйлемдегі сөздерді буынға бөл.
3)Тапсырма:Екінші сөйлемдегі дауысты дыбыстардың астын сыз.

Қорытындылау

5.Үйге тапсырма беру кезеңі:Өткен ережелерді пысықтап,қайталау.

6.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

98



Тақырыбы:Мәтін.

Мақсаты: 1.Мәтін туралы түсінік беру.Жеке сөйлемдер мен мәтінді бір-бірінен

ажырата білуге үйрету.

2.Оқушыларға мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды

анықтатып,мазмұнына сәйкес ат қоюға машықтандыру.

3.Оқушыларды әдемі,қатесіз жазуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі: Cабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:Өткен ережелерді пысықтап,қайталау.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Мәтін ” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Жалбыз мәтінін мәнерлеп оқу,талдау.

Бұл мәтін.Өйткені сөйлемдер бір-бірімен өзара байланыста құрылған.Бес сөйлем де

бір ғана шөп-жалбыз туралы.Олардың орнын ауыстыруға болмайды.Мұндай өзара

байланысты сөйлемдердің тобын мәтін дейміз.

Мәтіннің тақырыбы болады.Мәтінге ат қоюға болады.

3.Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

-Мәтін деген не?

-Мәтін неден құралады?

-Оның тақырыптары қандай болады?

-Мәтінге ат қоюға бола ма?

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Мәтін” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Үү \сөздер жазу\.



164-жаттығу.1.Мәтінді оқып,түсініңдер. 2.Онда не туралы айтылған?

3.Мәтінде неше сөйлем бар? 4.Мәтінге тағы қандай ат қоюға болады?

5.Жалбызды қайда қолдануға болатыны жайлы түсінгеніңді жаз.

164-жаттығу.1.Мәтінді оқыңдар. 2.Онда не туралы айтылған?

3.Аю туралы тағы не білесің?

4.Аюдың баласы мен оның енесін қалай атайтынын жазып алыңдар.

Қорытындылау8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтіндерді оқу,мазмұндау.Балық тақырыбына мәтін құра.

9.Бағалау



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

99



Тақырыбы:Мәтінмен жұмыс.166-167 жаттығу.

Мақсаты: 1.Мәтінді мәнерлеп оқи білуді,мазмұнын айта білуді үйрету.

2.Мәтінге ат қоюға,сұраққа жауап беруге,мәтін негізінде әңгіме құрауға

машықтандыру.

3.Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:Cабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Жалбыз,Қонжық”мәтінін оқыту,мазмұндау. \мазмұнын қысқаша жазу\.



3.Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу.

-Жалбыз қандай өсімдік?

- Жалбызды қандай заттарға қосады?

- Аюдың баласын қалай атайды?

- Енесін қалай атайды?

- Кірекей баласын қай уақытта туады?

- Қыстай кірекей ұйқыда жатқанда баласы қалай қоректенеді?

- Көктемде қонжық қандай болады?

2.Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Тауық.Жиде”.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1)Үй құстары,оларды күтіп-баптау туралы әңгімелеу.”Тауық”мәтінін оқу.

Мәтінді мәнерлеп оқу.

2) “Жиде ”тақырыбымен танысу.

Жиде-жемістің бір түрі.Жиде ағаштары бақта өсіріледі.Жиде піскенде,оның

жемісін жейміз.

Мәтіндерді мазмұндау,талдау.

-Мәтіндерге тағы басқа қандай ат қоюға болады?

4.Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты.Фф \сөздер жазу\.

-Үй құстарын дәптеріңе жазып ал:

Көркей,үйрек,қаз,тауық,әтеш-үй құстары. Оларға жем,шөп,су береміз.

Тауықтар жұмыртқасын береді.Олардың пайдасы өте көп.

Жиде туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазу.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Өткен мәтіндерді оқу,мазмұндау.167-жаттығу. 9.Бағалау



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

100



Каталог: uploads -> doc -> 03cb
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03cb -> Бекітемін: Күні: 21. 10. 2016 ж. Тәрбие сағатының тақырыбы: Тұран өркениетінің ұлы перзенті – Жалаңтөс Баһадүр
03cb -> Оқулықпен жұмыс жасай білу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту
03cb -> Тақырыбы: «Құстар әлеміне саяхат»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет