Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Нурмаханова Бибигуль Толегенова Сыныбы-1 Пәні: Қазақ тілі



Дата13.02.2017
өлшемі55,7 Kb.
түріСабақ
Ашық сабақ

Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы

А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Нурмаханова Бибигуль Толегенова

Сыныбы-1

Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Оқымысты бала. Буын

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Буын туралы түсінігін пысықтау. Мәтінмен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

  2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өз ойын жеткізе білуге, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру. Сөз қорын байыту.

  3. Тәрбиелігі: алған білімін өмірде қолдануға, адамгершілікке, еңбек-сүйгіштікке, ұқыптылыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, кеспелер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақты топтастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың құрал-жабдықтарын алғызып дайындау.



Психологиялық дайындық.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп.

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең – еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Смайликтерден көңіл-күйді білдіреді.

Өткен тақырыптарды қайталау;

Балалар дыбыс, әріп, дауысты және дауыссыз дыбыстар, жуан-жіңішке дыбыстар, буын туралы сұрақтарды бір-біріне қояды.



ІІ Үй тапсрымасын тексеру.

64-жаттығу. Ерт-те, ұрт-та, айт-па;

Құ-мырс-қа, жұ-мырт-қа, ше-гірт-ке.

«Төзім» әңгімесінің мазмұнын сұраймыз.



  • Бұл әңгімеден қандай үлгі алдық? Әжесінің Аяулымға айтқан сөзін кім тауып оқып береді.

  • Төзіммен тыңдасаң, сен де ұғар едің. Ықылас болса, төзім де болады.

ІІІ Жаңа сабақ.

Жұмбақ шешу:

  1. И дыбысының қай әрібі дауысты дыбыстың жанында кездеседі? Й

  2. «Сең» дегенде,

«Кең» дегенде

«Тең» дегенде,

«Ең» дегенде

Тұратын соңғы әріп –

Қай әріп? (ң)


  1. Әрі дауысты, әрі дауыссыз.

Кездеседі барлық сөзде.

Бұл қай әріп? (у).

– Осы й, ң, у дыбыстар сөздің ортасында кездескенде қалай буынға бөлуге болатынын үйренеміз.

Й, у, ң дыбыстары екі дауысты дыбыстың ортасында кезедсіп тұрса, онда екінші буынның басында айтылады.

Тақтаға сөздер жазылады, оларды буынға бөлу қажет.

О-йын-шық жа-ңа-лық а-уа

Қа-йың қо-ңы-рау а-уыл

Мо-йын жа-ңылт-паш да-уыс

Же-ңіс

Те-ңіз қа-уын



Же-ңіл ба-уыр

Дәптермен жұмыс.

Дүниетанумен байланыс (қазір қай мезгіл және нешінші ай мен күн епкендігін сұраймыз. Күннің ауа-райын бақылайды. Яғни, күн ашық немесе күн бұлтты).



Көркем жазу: Нн. Нан.

О-йын-шық, қа-йың, қо-ңы-рау, а-уыл, ба-уыр.

Ережені айтқызу. Және «көбейеді» сөзінде ғана үшінші буыннан басталатынын аңғарту.

66-жаттығу. Төмендегі бір буынды сөздерді оқиды. Бір буныды сөздер буынға бөлінбейтіні байқату.

Ай, ақ, ат, ән, ас, ін, оң, он, сүт, қаз, жаз, көл, көз, сөз, доп, шөп.

Математикамен байланыс: мәні он болатын өрнектерді құру (5+5, 6+4, 7+3, 8+2, 9+1)



Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір қадам,

Артқа қарай бір қадам.

Жоғары-төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Мәтінмен жұмыс. «Оқымысты бала» мәтінін түсініп оқу.

Мәтіннің авторымен таныстыру. Міржақып Дулатов (1885-1935) ақын, жазушы, қоғам қайраткері. Торғай уезі, Сарқопа ауылдық округінде дүниеге келген. Әкесі Дулат – шебер кісі, етік тіккен. Шешесі Дәмеш – әнші кісі.


  1. Сөздік жұмысы:

жазғытұрым-көктемнің аяқталып жазудың келуі;

тырма-еңбек құрал-сайманы

ғылымдар-білім негіздері


  1. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып береді.

- Балалар, мәтіннен баланың оқымысты не оқымысты емес екендігін байқап тыңдап, отырамыз.

  1. Балалар мәтінді оқиды.

  2. Сұрақ-жауап:

- Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?

- Тырманы алып, шапқан шөпті жинау.

- Баласы не деп жауап берді?

- қазақ сөздерін ұмытып, «тырма» деген сөздің не екенін білмейтінін айтты.

- Бала қандай жағдайға душар болды?

- Сол сәтте, тырманың басын байқамай басып кетіп, сабы тақ етіп маңдайына келіп тиеді.

- Оқымсыты баланың бұл қылығын қалай түсінесің?

Оқымысты балаға мінездеме береміз:





4. Сабақты қорыту;

- Бүгінгі сабақта буынға қатысты не үйрендік? Й, у, ң екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, екінші буынның басында айтылатынын.

- «Оқымысты бала» мәтіннің авторы кім? М.Дулатов

- Мәтіннен қандай үлгі аламыз? Жат қылықтан аулақ болуға


5. Бағалау.

6. Үйге тапсырма беру: «Оқымысты бала» мәтінін түсініп оқу. Ереже жаттау.
Каталог: materialy -> bastaysh1
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова Улжанар Нұрхановна Сыныбы-4 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Тулепова Сарсенкул Сыныбы-2 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының «№18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр. Сабақтың мақсаты
bastaysh1 -> Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем Сабақтың мақсаты: Білімділігі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Сын есім Сабақтың мақсаттары : Білімділік: Оқушыларға сын есім жөніндегі білімді жете меңгерту
bastaysh1 -> Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет