Сабақ түрі: жаңа сабақ Сабақты жүргізу әдісі: ауызша баяндау, жазбаша тапсырма орындау, көрнекілік, өзіндік жұмыс, мазмұндау



бет3/3
Дата25.12.2021
өлшемі20,5 Kb.
#105463
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
зар заман 4
Биогенді элементтер, Биогенді элементтер
І. Ұйымдастырушылық кезең

3 минут

ІІ. Өткен материалды сұрау

10минут

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру

35 минут

ІV. Меңгерген тақырыпты бекіту

35 минут

V. Қорытынды

5минут

VІ. Үй тапсырмасы

2 минут



САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастырушылық кезең

1. білім алушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Өткен материалды сұрау

Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру



Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет 1927 жылы М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері:  Дулат БабатайұлыШортанбай ҚанайұлыМұрат МөңкеұлыӘбубәкір КердеріАлбан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді сол қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.

Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.

Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан (от без исходности) дінді таяныш қылады.

Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу, жастық дәуренді еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң-шермен астасып жатады. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы.  Мұндай болжам өлеңдер Зар заман ақындары шығармашылығының бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар қуатын пайдаланып, ата-баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені – Дулат Бабатайұлы



ХІХ ғасырдың басты ерекшеліктері:

• ХІХ ғасырдың І жартысынан бастап Ресей патшасы қазақ даласын басқаруды өз қолына алды

• Ресей патшасы арнайы бекіністер салды. Әскери шекаралық басқармалар пайда болды.Билікті негізінен осы бекіністер мен шекаралақы басқармалар жүргізді.

• Қазақ билігі бірте бірте өз қолынан кете бастады.

• Биліктен айырылған жұрт атамекенінен де айырылды. Халық ел ішінде билеушілер мен патша билігі тарапынан екі жақты қысымға түсті.

• Салық түрлері көбейді

• Қазақ даласы округтерге (дуандарға) бөлінді. Дуандардың билігі жергілікті сұлтандарда болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет