Сабақ Уақыт Уақыт, сағат неше болды? Уақыт время Сағат неше болды? Сағат нешеде? (В каком часу?) Уақыт қанша? I. 1-ден 15 мин кетті (отошло) 2-ден Кет-кен-де



бет3/8
Дата17.06.2018
өлшемі3,23 Mb.
#43015
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Болат


Болат – темірдің көміртекті қорытпасы. Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады.

Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Пайдалану саласына қарай, болатты басты-басты төрт топқа бөлуге болады :

Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері мен вагон, кеме жасауда қолданылады.

Машина жасау болатынан негізінен, әр түрлі машина бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен химиялық-термиялық өңдеуден өтеді.

Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға пайдаланылады.

Айырықша-физикалық қасиеттері бар болат көбінесе электр техникасы, химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады.


Сөздік.

Қорытпа – сплав.

Көміртек – углерод.

Арттыру - увеличить, повысить

Қосылады – прибавляется

Негізгі өнім – основной продукт

Құрылыс – строительство

Бөлшектер – частицы

Өңдеу–обрабатывать




ФЕРРОҚОРЫТПАЛАР
ФЕРРО (лат.ferrum — темір) — темірге қатысы бар химиялық, техникалық т. б. терминдердің (мыс, ферромагнетизм, феррит, ферроқорытпалар т. б.) бөлігі.

ФЕРРОҚОРЫТПАЛАР — темірдің кремниймен, марганецпен, хроммен т. б. элементтермен болатты қорытуға (легирлеуге әрі тотықтандыруға) пайдаланылатын қорытпалары. Сондай-ақ Ферроқорытпаларға құрамында темір тек қоспа түрінде кездесетін қорытпалар (мыс, силикомарганец, силикокальций), кейбір таза күйіндегі металдар мен металл емес элементтер де (мыс, металдық марганец, металдық хром, кристалдық хром, кристалдық кремний) шартты түрде жатқызылады. Ферроқорытпалар әдетте руданы немесе рудалық концентратты флюс қабатында немесе то-тықсыздандырғыш ортада (әдетте көміртек, кремний немесе алюминий) қорыту жолымен өндіріледі. Бұл процесс арқылы Ферроқорытпалар руданы тотықсыздандыратын электр пешінде, кейде арнаулы шахталық пеште (көрікте), ал аз мөлшерде домна пешінде өндіріледі. Өндірілетін Ферроқорытпалардың түрі көп-ақ. Олардың негізгілеріне: ферросилиций (кремний 13%-тен жоғары), феррохром (60—65% хром), ферромарганец (80%-ке дейін марганец), ферровольфрам (65—80% вольфрам), ферромолибден (молибден 55%-тен кем емес), ферробор (5—20% бор), феррофосфор (17—25% фосфор), айналық шойын (25%-ке дейін марганец бар, қорытпаның сынған жері айнадай жарқырап тұруына байланысты аталған), силикошпигель (9—12% кремний және 18—24% марганец) т. б. жатады. Құрамында бірнеше компонент болатын күрделі Ферроқорытпаларда жиі өндіріледі.

Қазіргі металлургиялық өнеркәсіпте Ферроқорытпалар болат өндірісінің даму дәрежесін сипаттайды. Біздің республикамызда Ферроқорытпалар Ермак және Ақтөбе ферроқорытпалар зауыдтарында өндіріледі. Бұл өнімдер Қазақстанның қара металлургиялың өнеркәсіп орындары (мыс, Қарағанды металлургия комбинаты т. б.) мен еліміздің көптеген металлургиялық және машина жасау зауыттарына жөнелтіледі.



Сөздік

Легирлеу-легирование Тотықтандыру-окислять

Таза күйіндегі-в чистом виде Шартты түрде- условно

Қабат-слой

Тотықсыздандыру-восстановливать, удаление окиси

Айналық шойын-зеркальный чугун Сынған жері-место ломки

Жарқырап тұру-блестеть

Мәтіндер бойынша тапсырмалар

А) Мәтіндерді орыс тіліне аударыңыз.

Б) Екі мәтін бойынша 15 сұраулы сөйлем құраңыздар.

В)Мәтіндегі /ферроқорытпа/ сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

Г)Мәтіндерден сын есімдерді теріп жазыңдар. Олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіздер. Құрылыстық, көміртекті ....

Д)Мәтіндерден есімдікдерді теріп жазып, түрлеріне ажыратыңыздар.

Е)Екінші мәтіннен үстеулерді тауып, олардың үстеудің қай түріне жататынын айтыңыздар. Мыс: әдетте /мезгіл үстеу/

Ж)Кестені толтырыңдар.



Қорытпа атауы


Құрамындағы элементтер /металдар/

Қанша мөлшерде

көміртекті болат







легирленген болат







Ферросицилит

Кремний

13%- дан жоғары

З)Қосымша әдебиеттерді қолданып, мынадай тақырыптарға мәліметтер жазып келіңіздер. а/Ферроқорытпа өнеркәсіптің қай саласында қолданылады. б/шойын және оны қолданатын өнеркәсіптің салалары.

И)Болат пен ферроқорытпа туралы айтып беріңіздер.

Н)Қосымша әдебиеттерді қолданып, кемінде бес металл туралы жазып келіңіздер.




Металл

Қашан ашылған

Кім ашқан

Немен әрекеттеседі

Немен әрекеттеспейді

Қазақстанның қай аймағында өндіріледі

Қай салада қолданылады

Алтын



















Күміс



















Темір




















20- сабақ

ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК

(инфинитив)
Тұйық етістік - неопределенная (именная) форма глагола. Она не показывает ни времени, ни лица, а склоняется и принимает окончания принадлежности и выражает имя действия. Образуется при помощи суффикса -у. Мысалы: сөйле (говори) - сөйлеу (говорить); кел (приди) -келу (приходить); сен (доверяй)-сену (доверять); көр (смотри) - көру (смотреть); жаз (пиши) - жазу (писать).
Тұйық етістіктің септелуі (склонение)


А.с.

сөйлеу

сену



І.с.

сөйлеудің

сенудің




Б.с.

сөйлеуге

сенуге




Т.с.

сөйлеуді

сенуді




Ж.с.

сөйлеуде

сенуде




Ш.с.

сөйлеуден

сенуден




К.с.

сөйлеумен

сенумен



Тұйық етістік принимает окончания принадлежности.




I

Менің келу-ім.

Мой приход.

Біздің келу-іміз.

II

Сенің келу-ің.

Твой приход.

Сендерің келу-ің.




Сіздің келу-іңіз.

Ваш приход.

Сіздердің келу-іңіз.

III

Оның келу-і.

Его приход.

Олардың келу-і.

Тұйық етістік в притяжательной форме часто сочетается с модальными словами: қажет (необходимо); мүмкін (возможно); керек (нужно).

Мысалы: Менің баруым мүмкін (Я, возможно, пойду). Сенің баруың қажет (Тебе необходимо сходить).

I

Менің баруым керек.

Мне нужно сходить.

II

Сенің баруың керек.

Тебе нужно сходить.




Сіздің баруыңыз керек.

Важ нужно сходить.

III

Оның баруы керек.

Ежу надо сходить.

Тапсырма 20.1.Найдите в предложениях тұйық етістік и подчеркните суффиксы.

Кинотеатрға кіруге бола ма? Алдымен билет алуың керек. Біз кино көруге келдік. Екеумізде де билет бар. Билеттерің бар болса, кіруге болады. Өкінішке орай, менің кешігуім мүмкін. Біреуді күтудің жаман екенін білемін. Бұл қызық кино болуы керек. Кинотеатр қызметкерлері жарнама жариялаумен бізді өздеріне шақыруда. Мен де жарнама тыңдаудан жалықпаймын.



Тапсырма 20.2. Просклоняйте глаголы келу, сену, бару, переведите их на русский язык.

А.с

келу

сену

кешігу

шұғылдану

І.с

келу...

сену...

кешігу...

шұғылдану...

Б.с

келу...

сену...

кешігу...

шұғылдану...

Т.с

келу...

сену...

кешігу...

шұғылдану...

Ж.с.

келу...

сену...

кешігу...

шұғылдану...

Ш.с.

келу...

сену...

кешігу...

шұғылдану...

К.с.

келу...

сену...

кешігу...

шұғылдану...

Тапсырма 20.3.Вместо точек вставьте окончания притяжательной формы (принадлежности).

I.Менің бас тарту... керек.

II.Сенің, бас тарту... керек. Сіздің тарту... керек.
ДАРА және ТУЫНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Тапсырма 20.4.Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып, төмендегі сөздерден туынды етістіктер жасаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

-ла/-ле, -да/-де, -та/-те

Мереке, мейрам, құрмет, қадір, бас, маза, есеп, сурет, ой, баян, жаза, тегіс, орын, жөн, салқын, іс, із, жаман, жақын, шеге, тізе, аяқ қол, әңгіме, таза, би, ақ, тың, ем, аяқ, баға, бейне, үтік, жұқа, жар; үн, гүл, өркен, арман, ара.




-ла/-ле

ой «мысль»

ой-ла-у «думать»

-да/-де

арман «мечта»

арман-да-у «мечтать»

-та/-те

бас «начало»

бас-та-у «начинать»


Тапсырма 20.5.Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып, төмендегі сөздерден туынды етістіктер жасаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

-лас/-лес, -дас/-дес, -тас/-тес

Ақыл, бір, қате, сәлем, көмек, кез, көз, тіл, ұйым, шарт, үн, серт, сот.




-лас/-лес;

бір «один»

бір-лес-у «объединяться»

-дас/-дес;

ақыл «ум»

ақыл-дас-у «советоваться»

-тас/-тес

сот«суд»

сот-тас-у «судиться»


Тапсырма 20.6. Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып, төмендегі сөздерден туынды етістіктер жасаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

-а/-е

Ат, түн, түзу, бос, тең.



-а/-е


ат «имя» тун «ночь»


ат-а-у «называть»

түн-е-у «ночевать»


Тапсырма 20.7. Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып, төмендегі сөздерден туынды етістіктер жасаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

-қар/-кер, ғар/-гер

Бас, ес, ат, қүт, ез.



-қар/-кер, -ғар/-гер


бас «голова»

ес «память»

бас-қар-у «возглавлять»

ес-кер-у «помнить»


Тапсырма 20.8. Көрсетілген жұрнақтарды пайдаланып, төмендегі сөздерден туынды етістіктер жасаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

-ар/-ер

Ақ, көк, жақсы, қысқа, жас.



-ар/-ер


ақ «белый»

көк «синий/зеленый»

ағ-ар-у «белеть»

көг-ер-у «синеть/зеленеть»


Тапсырма 20.9. Мына сөздерді аударып, олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіз. Осы сөздермен сөйлем кұраңыз.
Помогать, освобождаться, называть, разговаривать, укорачиваться, лечить, искать, делать, начинать, утюжить, здороваться, возглавлять.

КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР

Тапсырма 20.10. Төмендегі етістіктерді оқып, қандай тәсілмен жасалғанын айтыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

а) Апару; әкелу; әкету; әперу; бүйту; қайту; өйту; өсту; сөйту; түрегелу.



ә) Азып-тозу; алдап-сулау; асып-тасу; бағып-қағу; болып-толу; буып-түю; желеп-жебеу; жамап-жасқау; жылап-еңіреу; керіп-созу; кесіп-пішу; көшіп-көну; күйіп-жану; күліп-ойнау; қағып-сілку; қырып-жою; ойнап-күлу; өліп-тірілу; өсіп-өну; сылап-сипау; үйіп-төгу; ұрып-соғу; ішіп-жеу.

ән «песня» + салу

сурет «рисунок»

құлақ «ухо»

ұя «гнездо»

үй «дом»

егін «посев»

ескерткіш «памятник»

салық «налог»

төсек «кровать»

көз «глаза»

құс«птица»

ән салу «петь»

сурет салу «рисовать»

құлақ салу «слушать»

ұя салу «свить гнездо»

үй салу «построить дом»

егін салу «сеять»

ескерткіш салу «возвести памятник»

салық салу «обложить налогом»

төсек салу «стелить постель»

көз салу «присматривать»

құс салу «охотиться с птицей»

аман/сау «здоровый» + болу

ермек «забава»

үлкен «большой

қош «благоприятный»

қонақ «гость»

аман /сау/ болу «быть здоровым» ермек болу «быть забавой» үлкен болу «повзрослеть» қош болу «прощаться» қонақ болу «гостить»

көңіл «настроение» + қалу

бәле«беда»

арт «задняя часть»

кеш «поздний»

ұят «стыд»

көңіл қалу «разочароваться» бәлеге қалу «нажить неприятностей» артта қалу «остаться позади» кешігіп қалу «опоздать» ұятқа қалу «опозориться»

Сөз «слово» + алу

сөз алу «взять слово»

қарсы «против»

қарсы алу «встречать»

тамақ «еда»

тамақ алу «угощаться»

дем «дыхание»

дем алу «дышать»

дәм «вкус»

дәм алу «пробовать на вкус»

Тапсырма 20.11. Етістіктерді оқып, орысша баламасын табыңыз. Мағыналарының айырмашылығын айтыңыз.

алу - бет алу, дем алу, рұқсат алу, тіл алу, қарсы алу, қол алу; аудару - көңіл аудару, мәтін аудару, жер аудару; ашу - жол ашу, көз ашу, ми ашу, ораза ашу; басу - алға басу, ашу басу, аяқ басу, бауыр басу, ; беру - көмек беру, ант беру, ақыл беру, қол беру, дауыс беру, дәм беру; ету - ант ету, арман ету, әсер ету, рұқсат ету, еңбек ету, ермек ету; жету - бой жету, қол жету, хабар жету, ақыл жету, көз жету; көру - азап көру, күн көру, қызық көру, пайда көру, жарық көру; қою - ат қою, бас қою, сұрақ қою, құлақ қою, көңіл қою, қол қою; салу - ән салу, көз салу, күш салу, айқай салу, құлақ салу; тарту - күй тарту, азап тарту, езу тарту, көз тарту; тию - ауыз тию, кесірі тию, көз тию, қол тию, пайда тию, тіл тию; түсу - құда түсу, ақша түсу, қолға түсу, көзге түсу, жерге түсу.

Тапсырма 20.12. Төмендегі негіздерді пайдаланып, күрделі етістіктер жасауға та-лаптаныңыз.

Үлгі: ... беру - сөз беру «дать слово (обещание)»; ...

... беру, ... алу, ... істеу, ... салу, ... шығу, ... түсу, ... шегу, ... болу, ... ету, ... тебу, ... қалу.



Негіздер: ұятқа, қарсы, сапар, еңбек, жұмыс, суға, ән, сәлем, тұрмысқа, шаңғы, қонақ, сөз.

Тапсырма 20.13. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сіздің жолдасыңыз темекі тарта ма? 2.Бала суға қашан түседі? 3.Сіз шаңғы тебесіз бе? 4.Мына киім Сізге тар бола ма? 5.Сіздің әке-шешеңіз қай жерде еңбек етіп жүр? 6.Сізге қазақ тілінен кім сабақ береді? 7.Мұғалімнің сөзіне құлақ салып жүресіз бе? 8.Сіз мұғалімге сәлем беріп жүресіз бе? 9.Сабаққа жиі кешігіп қаласыз ба? 10. Сіздің үйде кім тамақ істейді? 11. Сағат нешеде төсек саласыз? 12. Суретті жақсы саласыз ба? 13. Құстар қашан ұя салады? 14. Сіз келер жылы қайда сапар шегесіз?



Тапсырма 20.14. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Возьми зонтик, а то промокнешь. 2. Мой отец не курит. 3. Дай ответ на вопрос. 4. Дыши правильно. 5. Моя мама работает в школе. 6. Мой брат играет на домбре, а сестра поет. 7. Кто катается на коньках? 8. Я буду встречать их на железнодорожном вокзале. 9. Ты рисуешь? 10. Ешь! 11. Птицы весной вьют гнезда. 12. Будь здоров!


Қазақстан металлургиясының тарихынан

Қазақстан –қара және түстi металдарды өндiру жөнiндегi аса маңызды аймақтардың бiрi. Революцияға дейiн бұл сала республикада тек тез балқитын, тотықтандырылған бай рудалар мен түстi ауыр және бағалы металдарды балқытумен ғана айналысқан қарапайым ұсақ кәсiпорын түрiнде болды. Ол кезде мұндай кәсiпорындар негiзiнен Кендi Алтайда, Қарқаралыда, Баянауылда, Қызылеспеде, Нiлдiде, Екiбастұзда, Ақжалда орналасты.

Шағын металлургиялық зауыттар өзiнiң жалпы жұмыс iстеген уақытында не бары 41000 т мыс, 6500 т қорғасын, 600т мырыш және 23т күмiс қорытып шығарды, оның үстiне балқыту кезiндегi металл шығыны 40-50-ке жетiп отырды. Мыстың ең көп балқытылған кезi 1913 жыл болды. Бұл сол кезде Ресейде балқытылған мыстың

15 % -ы едi.

Қазақстанда 1917 жылдан кейiн өндiргiш күштердiң қарқынды дамуына қажеттi жағдайлар жасалып, металлургияны өркендетуге мүмкiндiк туды. Республикада түстi металлургия саласының қуатты кәciпорындары салынды: Лениногорск, Ертiс және Ащысай полиметалл, Балқаш және Жезқазған кен-металлургия комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Павлодар алюминий зауыты, Өскемен титан-магний комбинаты. Сондай-ақ қара металлургия саласында да iрi кәсiпорындар құрылды: Қарағанды металлургия комбинаты, Ақтөбе және Ақсуферроқорытпа зауыттары.

1932 жылға дейiн металлургия саласындағы ғылыми зерттеулердi орталық ғылыми-зерттеу институтының өкiлдерiмен бiрлесiп шағын зерттеу топтары жүргiздi. Өндiрiс көлемiнiң ұлгайтылуы мен шикiзат қорының жаңа көздерiнiң ашылуына байланысты, республикада металлургия саласындағы зерттеулердi жоспарлы әрi жүйелi түрде жүргiзу, сонымен бiрге тиiстi инженер мамандар мен ғылыми кадрлар даярлау iсiн ұйымдастыру мiндетi қойылды.

Тау-кен өндiрiсi Қазақстан өндiрiсiнiң ең маңызды саласы болып табылады.

1990 жылға дейін Қазақстанның осы салаға жататын өнеркәсiптерi тұрақты жұмыс iстеген.

Ал 1991 жылдан 1994 жылға дейiн өндiрiс ұзаққа созылған құлдырауға ұрынды. Бұл құлдырау өндiрiс пен ғылымның байланыстарының жоғалуы және энергия күштерi бағасының көтерiлуi салдарынан болды.

Тау-кен кәсiпорындары нарықтық жағдайға дайын болмағаны байқалды. Сондықтан да қара және түстi металлургия өнiмдерiнiң пайдалануы да азайып кеттi. Тек қана 1996 жылы жағдай жақсара бастады, кейбiр қара және түстi металдарды өндiру дами бастады.

1996-1997 жылдары «Казцинк», «Қазақмыс корпорациясы», «Испат-Кармет» ашық акционерлiк қоғамдары құрылды. Кейiнiрек осы кәсiпорындарда жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, өндiрiс жақсартылып, жаңа өнiм түрлерi шығарыла бастады.

Кейiнгi он жылдықта Қазақстан өндiрiсi ұзақ тоғыраудан өтiп, бiрқалыпты жұмыс iстей бастады.

Сөздік:

Жөніндегі –по Тез балқитын- легкоплавкий

Қорытып шығарды-выплавили Оның үстіне-к тому же

Қуатты кәсіпорындары-мощные предприятия Салынды-было построено

Жүйелі түрде-систематично Металданған қола-металлизиров.бронза

Болатталған прокат-стальной прокат Ақ қаңылтыр-белый прокатный лист

Құлдырауға ұрынды-случился развал /деградация/ Тау-кен –горнорудный

Тоғыраудан өту- пережить кризис, трудные времена Бірқалыпты –на одном уровне



Тапсырма 20.15. Мәтін бойынша тапсырмалар.

А)Мәтіннен есімдіктерді тауып жазыңдар, олардың есімдіктің қай түріне жататынан анықтаңдар.

Ә)Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңдар.

Б)Мәтіннен жалқы есімдерді,өндіріс орындарының аттарын теріп жазыңдар. Кестені толтырыңдар.



Қала аттары

Өндіріс орындары

Қарқаралы, ....

Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты

В) Өткен шақтағы етістіктерді теріп жазып, аударыңдар.

Г) Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Революцияға дейін металдарды балқытатын қандай кәсіпорындар болды?

б) Ол кезде мұнай кәсіпорындары қай жерде орналасқан ?

в) 1917 жылдан кейін қандай қуатты металлургиялық зауыттар салынады?

г) 1932 ж дейін металлургия саласында ғылыми-зерттеу институтының өкілдері қандай жұмыстар жүргізді?

д) Өндіріс көлемінің ұлғайтылуы мен шикізат қорының ашылуына байланысты қандай міндет қойылды?

з) 1990 жылға дейін қанша тонна кен қазбалары өндірілді?

е) Өндірісте құлдырау ненің салдарына байланысты болды?

Д) Мәтінді пайдаланып сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Революцияға дейін .................

2. 1913 жылы ..............................

3. 1917 жылдан кейін .................

4. 1932 жылға дейін ....................

5. 1990 жылға дейін ...................

6. 1991 – 1994 жылға дейін ...........

7. 1996 жылы ............................

8. 1996 – 1997 жылдары ...............

Е) Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыздар.

Тұйық етістік

Дара етістік

Күрделі етістік

өндіру

Болды

болып табылады

Ж).Қазақстанның кен орындарының картасын жасаңыздар.

З) Қазақстанның өндіріс орындарын картаға түсіріңіздер.


21-сабақ
Ашық рай
1)Изъявительное наклонение (ашық рай) в казахском и в русском языках обозначает реальное действие в настоящем, прошедшем и будущем времени. Например: Балалар далада ойнап жүр. Дети играют на улице.
Тапсырма 21.1. Қазақ тіліне аударыңыз.

1.Я живу в частном доме. 2.У меня есть родители, братья, сестры и другие родственники. 3. На новый год мы пригласили гостей. 4.Ты накрыла на стол? 5. В универмаге много отделов. 6.Сауле выздоровела. 7. На базаре продают овощи и фрукты. 8. Город Алматы – бывший город Верный. 9. Я родилась в Караганде в 1972 году.



Тапсырма 21.2. Осы, келер, өткен шақта 20 сөйлем құраңдар.

Бұйрық рай (Повелительное наклонение)
Глаголы повелительного наклонения в 1-м лице единственного и множественного числа имеют значение самопринуждения, просьбы, переводятся на русский язык словом «Давай, давайте!».

Мысалы: Мен айтайын.-Давай(те), я скажу. Мен кешке келейін-Давай(те), я вечером приду. Біз бүгін жазбайықшы. - Давайте, сегодня не будем писать.

Глаголы повелительного наклонения в 3-м лице выражают желание, приказание, требование, призыв и т.д. Мысалы: Ол кешікпесін! — Пусть он не опаздывает! Олар көп сөйлемесін! — Пусть они много не говорят!


Жақ/лицо

Мысалдар/примеры

Қолданылуы/употребление

Мен (біз)

жаз+айын жаз+айық

кел+ейін кел+ейік

қара+йын қара+йық

сөйле+йін сөйле+йік



-айын/-айық - после согласных

-ейін/-ейік -йын/-йық - после гласных

-йін/-йік


Сен (сендер)

жаз/жаз+ыңдар

кел/кел+іңдер

қара/қара+ңдар

сөйле/сөйле+ңдер



-ыңдар/-іңдер-после согласных

-ңдар/-ңдер-пооле гласных



Сіз (сіздер)

жаз+ыңыз/жаз+ыңыздар кел+іңіз/кел-іңіздер қара+ңыз/қара+ңыздар сөйле+ңіз/сөйле+ңіздер

-ыңыз/-дар-после согласных

-іңіз/-дер

-ңыз -дар

-ңіз -дер после гласных



Ол (олар)


жаз+сын

қара+сын

кел+сін

сөйле+сін



-сын - после твердой основы

-сін - после мягкой основы




Тапсырма 21.3. Жолдасыңызбен үлгі бойынша сөйлесіңіз.

Үлгі: Компъютерде ойнайын. - Компьютерде ойнама, кітап оқы.

1.Компьютерде ойнайын (кітап оқу). 2. Шай әкелсін (кофе әкелу). 3. Таза ауада көп қыдырсын (сабаққа дайындалу). 6. Жұмыртқа қуырайық (ет қуыру). 7. Көп сөйле (аз сөйлеу). 8. Кереуетке отырсын (орындыққа отыру). 9. Өлең айтайық (би билеу). 10.Ұйықтайын (жұмыс істеу). 11.Тамақ әзірлеңдер (кір жуу). 12. Демалыңдар(көмектесу). 13. Телефонмен сөйлесейік (кездесу). 14. Жатыңыз (теледидар көру). 15. Үйге қайтыңдар (отыру).


Тапсырма 21.4. Мына сөйлемдердегі етістіктерге -шы/-ші жұрнағын қосып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Ертең Медеуге барайық. 2. Бұл жерде темекі тартпаңыз. 3. Есік аш, таза ауа жұтайық. 4. Дәрігерге ертерек кірейін. 5. Менің сұрағыма жауап берсін. 6. Кофе әкел. 7. Еден сыпырсын. 8. Ыдыс-аяқ жуыңдар. 9. Жұмыс істейік. 11. Демалыңдар. 12. Машинаны сен жүргіз. 13. Балалар үй жинасын. 14. Тәрелкелерді жақсылап сүрт. 15. Маған қонаққа келіңіздер.


Тапсырма 21.5. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Давайте сходим в кино. 2. Пусть он расскажет о себе. 3. Иди на урок. 4. Давай я схожу в магазин и куплю продукты. 5. Давай мы погуляем на улице. 6. Вставай, умывайся, одевайся, завтракай и делай домашнее задание. 7. Пусть она идет в гимнастический зал. 8. Пусть приберут дома. 9. Давай пообедаем в столовой. 10. Пусть студенты отнесут книги в библиотеку. 11. Пусть ученики сидят в классе и ждут учителя. 12. Давайте я прочту этот отрывок и сделаю синтаксический разбор первого предложения. 13. Пусть Серик выпишет новые слова в тетрадь и переведет их на русский язык. 14. Прослушайте текст и составьте к нему вопросы. 15. Давайте мы напишем изложение и выучим это стихотворение наизусть.

Тапсырма 21.6. Прочтите и переведите на русский яык.

1.Мен сабақ оқиын. 2.Тәрелкелерді жуайын. 3.Емтиханды жақсы тапсырайын. 4.Ауланы сыпырайын. 5.Дастарқан жасайын. 6.Кітап оқиын. 7. Демалайын. 8.Терезені ашайын. 9.Газет әкелейін. 10.Тамақ пісірейін. 11. Әселді шақырайын. 12. Ән айтайын.



Тапсырма 21.7. Переведите на казахский язык.

а)1.Давай принесу кофе или чай. 2.Давай прочту статью. 3.Дай подумаю. 4.Дай посмотрю. 5.Давай скажу вечером. 6. Давай выучу казахский язык. 7.Выйду-ка я рано. 8.Съем-ка одно яблоко. 9.Давай сдам экзамен. 10. Подготовлюсь-ка я в читальном зале института.



Тапсырма 21.8.Прочтите и переведите на русский яык.

1.Қазір кездесейік. 2.Кешке барайық. 3.Мақаланы жазайық. 4.Қазақша білейік. 5.Теледидарды қосайық. 6.Еденде отырмайық. 7. Жиналысты бастайық. 8.Тыныш отырайық. 9.Дастарқан жасайық. 10.Шай әзірлейік. 11. Тәртіпті болайық. 12.Кілем қағайық. 13.Би билейік, ән айтайық, жақсы отырайық, демалайық.



Тапсырма 21.9.Прочтите и переведите на казахский язык.

а) 1.Давайте поиграем. 2.Давайте нарисуем картину. 3.Давайте познакомимся. 4.Давайте встретимся. 5.Давайте отдохнем. 6.Давайте сядем. 7.Давайте возвращаться. 8.Давайте накроем на стол. 9.Давайте ляжем.



Тапсырма 21.10.Прочтите и переведите на казахский язык.

1.Возьмите тетрадь. 2.Пейте кофе. 3.Познакомьтесь. 4.Принесите мел. 5. Посмотрите. 6.Прочтите эту книгу. 7.Напишите статью. 8.Смотрите телевизор. 9.Накройте на стол. 10.Пригласите гостей. 11.Нарисуйте картину. 12.Отдыхайте сегодня. 13.Приходите завтра. 14.Садитесь.



Тапсырма 21.11.Прочтите и переведите на казахский язык.

1.Пейте чай. 2.Играйте на улице. 3.Вытрите окно. 4.Работайте. 5.Передайте привет. 6.Прочтите эту статью. 7.Возьмите этот учебник. 8. Подметите пол. 9.Накройте на стол. 10.Поставьте тарелки. 11.Повесьте картину. 12.Отдыхайте завтра. 13.Съешьте яблоко.



Тапсырма 21.12.Ваш собеседник изъявляет желание, чтобы кто-то совершил действие. Скажите, чтобы это сделал кто-нибудь другой.

Образец: Болат еден сыпырсын (Сендер). — Сыпырмасын, сендер сыпырыңдар.

1.Болат еден сыпырсын. (Сендер). 2.Берік асханада отырсын. (Біз). 3.Баян үйде сабақ оқысын. (Сен). 4.Студенттер жатақханада жатсын. (Мен). 5. Жәмила терезе ашсын. (Біз). 6.Сәуле тамақ пісірсін. (Сеңдер). 7.Қайрат жүмыс істесін. (Сіздер). 8.Айман есікті жусын. (Мен). 9.Балалар сурет салсын. (Біз). 10.Әже мейрамда келсін. (Сіздер). 11.Қадиша бізді күтсін. (Мен). 12.Ағасы тез келсін. (Сен). 13.Достары ертең құттықтасын. (Сіздер). 14.Сәкен нан әкелсін. (Мен). 15.Ләззат шай берсін. (Біз). 16.Марал сабақта отырсын. (Сіздер). 17.Бақыт айтсын. (Сіз). 18.Балалар үйді жинасын. (Сендер). 19. Жұмабек ауылда жүрсін. (Сен). 20.Салтанат телефон соқсын. (Біз). 21.Кәрім ұйықтасын. (Сіз). 22.Немересі сүт әкелсін. (Мен). 23. Апасы дастарқан жасасын. (Мен). 24.Жанар мейрамда демалсын. (Біз). 25.Қайрат жұмыста отырсын. (Сендер). 26.Алтынай далада жүрсін. (Сен). 27.Гүлсім кілем тазаласын. (Біз). 28.Гауһар шаң сүртсін. (Сендер). 29.Марат оқу залында дайындалсын. (Сіздер). 30.Бүгін Бақыт үйде болсын. (Сен).


Тапсырма 21.13.Смягчите просьбу, прибавив суффикс -шы/-ші.

Образец: Би билейік. — Би билейікші.

1.Би билейік. 2.Тыңдаңыз. 3.Берік келсін. 4.Балық аула. 5.Кітап оқиын. 6. Хат жаз. 7.Оларды күтейік. 8.Балаларды таныстырыңыз. 9.Сабақты жақсы оқыңдар. 10.Бүгін демал. 11.Емтиханды жақсы тапсырсын. 12.Қонақ шақырайық. 13.Жұмыс істе. 14.Гүл әкеліңіз. 15.Жалқау болма.


Қарағанды металлургия комбинаты – қара металлургия кәсіпорыны. Теміртау қаласында орналасқан. 1960 ж. іске қосылып, Қазақстан Магниткасы деп аталған Қарағанды металлургия зауыты негізінде 1970 ж. құрылды. Комбинаттың құрамына Қазақ металлургия зауыты, Атасу темір кентасы, оңтүстік Топар кентас басқармалары, Алексеев кеніші енді. Қазақ металлургия зауытының ipгeci 1944 ж. қаланған. Осы жылы оның мар­тен пешiнен алынған тұңғыш болат майдан қажетiне жара­тылды. Қазақстанның тұңғыш домнасының ipгeтасы 1957 ж. желтоқсанда қалан­ды. Қарағанды металлургия комбинатының 1960 ж. 1-­домнасы, 1960 - 62 ж. 4-кокс батареясы, 1963 - 65 ж. 1-­аглофабрика кешенi, 1964 ж. 2-мартен пешi, 1966 ж. сығымдағыш цех, 1968 ж. "1700" ыстықтай қақтау цехы, 1970 - 72 ж. құрамын­да әрқайсысының сыйымдылығы. 314 тонналық 3 конверторы бар цех, 1971 - 75 ж. көл. 2700 м) және 3200 м) 3- және 4­домна пештерi, 1976 ж. 2-аг­лофабрика кешенi iскe қ­осылды. 1976 - 80 ж. салқын­дай қақтау цехының 1-кезегi, 1982 ж. жобалық қуаты жы­лына 445 мың т қаңылтыр шығаратын цехтың 1-кезегi пайдаланyға берiлдi. Комби­натта болат екі түрлi әдiспен: мартен пештерiнде және от­тек конверторында балқытыл­ды, сондай-ақ, шойын қорытылып, қaқтaмa, кокс, пено­кокс, аммоний сульфаты, толуол, бензол, нафталин, т.б кокс-химия өнiмдepi өндiрiл­дi, ал ыстықтай тегiстелген рулондар КСРО-да aлғaш рет тұз қышқылында өңделдi. Комбинаттың 30-ға жуық кокс-химия өнiмдерi КСРО мен шет ел кәсiпорындарына жiберiлiп тұрды. Қарағанды металлургия зауытында 1960 – 69 ж. болашақ ҚР-ның Пре­зидентi Н.Назарбаев жұмыс­шы, инженер-техник болып iстедi, 1973 - 77 ж. комби­нат парткомының хатшысы болды. Комбинат 1993 ж. мемлекеттік акционерлік қоғaмғa айнал­ды. 1995 жылдан «Испат Кармет» деп аталады.

Сөздік:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет