Сабақтан тыс іс-шара Тақырыбы: «Ой мен ойын»



бет1/3
Дата26.10.2022
өлшемі33,91 Kb.
#154957
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Ой мен ойын 2021 1



«Тоқжайлау политехникалық колледжі» МКҚК

Арнайы және жалпы пәндер апталығы

« ОЙ МЕН ОЙЫН»

Орындаған: Кусаинов Р.О
Шарахметоа А.А.

2021 – 2022 оқужылы


Сабақтан тыс іс-шара
Тақырыбы: «Ой мен ойын» танымдық сайысы
Мақсаты: Студенттердің өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сайыс барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші:
Құрметті оқытушылар мен студенттер бүгінгі «Ой мен ойын » танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайыста алғырлар білімділер күш сынаспақ.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, курстас,танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
деп осы сайысқа келіп тұрған сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Сайыскерлерімізді ортаға шақыру үшін Республика күніне орай сұрақтар қойылады, дұрыс жауап берген студенттер ортаға шақырылады.
1. Қазақстанның бас қаласы? (Астана)
2. Жетісу облысының орталығын ата? (Қонаев)
3. Астананың символы? (Бәйтерек)
4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан? (Еуразия)
5. Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Қытай, Өзбекістан, Түркменістан)
6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды (16 желтоқсан 1991ж.)
7. Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл? (30)
9. Қазақстанның рәміздерін ата? (Елтаңба, Гимн, Ту)
10. Тұңғыш Қазақстан ғарышкері (Т.Әубәкіров)
11. Елтаңбада не бар? (жұлдыз, шаңырақ, пырақ, «Қазақстан» деген жазуы)
12. Қазақстан Республиканың мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
13. Ұлы Отан соғысының қаһарман қыздары? (М.Мәметова, А.Молдағұлова)
14. «Рәміздер» сөзінің аудармасы? (Символика)
15. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Ш. Ниязбеков)
16. Қазақ дастарқанының ең басты тағамы? (бесбармақ)
(сайыскерлер ортаға шығады және топтың капитаның сайлайды).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет