Сабақтас құрмалас сөйлем Аралас құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі32,83 Kb.
#67128
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
құрмалас

Талғаулы салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері не , немесе, я, яки, әлде, болмаса деген жалғаулықтар арқылы байланысып, іс-әрекеттің талғануын білдіретін салалас құрмалас сөйлес талғаулы салалас болады. Мыс: Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек. Сол белгі менде жоқ па, әлде көрмейсіңдер ме?
Кезектес салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері бірфде, біресе, кейде деген жалғаулықтар арқылы байланысса, іс әрекеттің алмасып келуін білдіретін салалас құрмалас сөйлем кезектес салалас болады. Кезектес салалас сөйлемдегі баяндауыштармен жалғаулықтар қайталанып айтылады. Мыс: Тыныс керек кейде жанға, кейде жанға ән керек.
Шартты салалас
Алғашқы предикатив сыңарында екіншісіндегі іс-оқиғаның шартты берілетін салаластың түрін шартты салалас дейміз. Предикатив сыңарларының арасына үтір, кейде сызықша қойылады. Енді жіберіп көрші, құдай біледі әкеңді танытамыз.Жұрт айтты- көне берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет