Сабақтың атауы Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сілтеме



бет12/15
Дата14.04.2017
өлшемі3,03 Mb.
#13763
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Шоқанға мінездеме

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

ілімділік: «Бала Шоқан» әңгімесін талдай отырып, Шоқанға тұлғалық мінездеме беру.

дамытушылық: Ш.Уалиханов туралы қосымша түсінік беру.

тәрбиелік:  басты кейіпкер бойындағы асыл қасиеттерді дәріптей отырып, оқушылардың өнерді сүюге деген құштарлығын арттыру.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ –жауап, ой қозғау.

Сабақ түрі: аралас, талдау

Көрнекіліктер: мүсіндер,карта, Абылайхан мен Шоқанның портреттері, Шоқан туралы бірнеше кітаптар,суреттер топтамасы, семантикалық карта

Пәнаралық байланыс  : тарих , бейнелеу өнері,география

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...



Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...



Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...



Балалар: Сәлем!

Үй тапсырмасын сұрау


Сабақтың барысы:  ұйымдастыру

Үй тапсырмасын пысықтау

А) сұрақ - жауап

Ә) топтастыру

Жаңа сабақ

А) суреттермен жұмыс

Ә) проблемалық сұрақтармен жұмыс

Бекіту


Бағалау

Үй тапсырмасын пысықтау.

Үстел үстіне бір неше мүсін қоямын.

-         Балалар, не көріп тұрмыз? 

-         Мүсінді неден жасайды  

-         Осы мүсіндер кімнің мүсіндеріне ұқсайды?   

-         Мысықтың өнерін кім тани білді?  

-         Шоқан туралы кімнің шығармасын оқып жатырмыз?   

-         Осы әңгіме кейіпкерлері тағы кімдер?

-         Семантикалық картамен  жұмыс /бірнеше бала семантикалық картамен жұмыс жүргізеді

Бір оқушы Шоқан Жақып екеуіне Венн диаграммасы  бойынша салыстырмалы түрде мінездеме береді       

Онда суреттерге назар аудара отырып, Шоқанның  адамгершілік қаситтерін аңғарамыз,Шоқанның еңбектері қай бағытта  болғанын білеміз. 

 Жаңа сабақ бойынша

1 – суретке оқушылар не көріп отырғанын  әңгімелейді.Өзім жетекші сұрақтар беріп отырамын.

Мысық неге Шоқанды асыға күтті? т.с. с.

Осы оқиға үстінде Шоқанға қандай мінез сай келеді ?

Суретке қарап ойымызды жинақтай келе, Шоқанның бойынан тағы  қандай қасиетті байқауға болады

Өнертанығыш, аңғарғыш          Осылайша суретке атау береді

2 –сурет ? – Мысық Шоқан ауылына баруға неге қорқады .

– Жақып Мысықты неге ұра алмады:

-         Шоқан тағы қай қырынан көрінді.   Әлсізді  қорғаушы

3 – Сурет ? – суретте кімдер бейнеленген ?

- Олар қайда бара жатыр?

-Шоқан әкесінен неге бөлініп кетті ?

Уәдеге берік

4 – Сурет  ? – Шоқан күзектен көшерде Мысықты неге үйіне әкелді?   Қайырымды

Сабағымызды одан әрі жалғастырамыз

Тақтаға Абылайхан мен Шоқан суреттерні қатар ілемін.Суретке қарап отырып екеунің сыртқы бейнесіндегі ұқсастықтарын оқушылардың айтып беруін сұраймын.

Оқушыларға өзім көмектесе отырып , төмндегі кестені толтырамын

Шоқан


Шыңғыс

Уәлихан


Абылай

?: Шоқанмен Абылайханның арасындағы туыстық қатынас қандай



Абылайхан шөбересі.

 Бұдан әрі түсіндіріп отырамын

Қашқарияға, Орта Азияға , саяхат жасаған  - саяхатшы

Ауыз әдебиетін зерттеген « Қозы Көрпеш -Баян сұлу »жырын жазып алған – зерттеуші

Орыс география қоғамы жұмысына белсене араласқан – географ.

Қырғыздар мен  Қазақтар жайында тарихи  деректер жинаған – тарихшы



Саяхатта жүргенде суреттер салған/салған суреттерін  көрсетемін/ -  суретші

Мағынаны тану


Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан»

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятындағы дүниежүзі чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, бөлімдерінің мазмұнын игерту;алған білімдерін бекіту.
Дамытушылығы:
Оқушылардың іскерлік, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын жетілдіру. Ойлау қабілетінің дамуына ықпал ете отырып, шығармашылыққа баулу, өзіндік көзқарасын қалыптастыру
Тәрбиелігі:
«Көп бейнеттің зейнеті болатындығын» ұғындыру арқылы шыдамдылыққа , басқаға жақсылық жасау, қамқор болу, қайырымды,әділ болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Бекіту сабагы
Сабактың әдісі: Стратегиялық бағыттар бойынша жүргізіледі. «Түсіну», «Еркін жауап», «Танып білу», «Кубизм», «Кейіпкерлер стратегиясы», «Түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, Қажымұқан портреті, кеспе қағаздары, жетондар, слайд

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Сабақтың ұраны :

Қазақ тілім - өз тілім дана тілім.

Абай, Мұқтар сөйлеген дана тілім.

 Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым қазақ тілім


Үй тапсырмасын пысықтау


БББ кестесі

білемін

білгім келеді

білдім

 

 

 



 

 

1. «Түсіну» стратегиясы
А) Қ.Әбдіқадыровтың өмірінен хронологиялық кесте
Мерзімі Болған оқиғалар 
1903 жыл Қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген 
1925 жыл жыл Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған
1928 жыл Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен жарық көрді 
1935-51 ж.ж. “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары жарық көрген 
1954, 1956, 1959 ж.ж. “Қажымұқан” повесі қайта басылды 
1970 жылы “Қажымұқан” повесі орыс тілінде жарық көрді
1935, 1936, 1937ж.ж. “Алатаудың бауыры”, “Амантай”, “Тапқыш” кітаптары жарық көрді.5 Үндестік заңының екінші түрін ата (дыбыс) .

Мағынаны тану


Ә) Сөздікпен жұмыс
Түсініксіз сөз Мағынасы 
Қыламық Жұқалаң түскен қар 
Кеспек Сұйық зат құйып сақтайтын ағаш ыдыс, бөшке 
Кіреші Жүк тасушы 
Бастырық Шөпті ауып кетпеу үшін басып тұратын ұзын сырық 
Күртік қар Жел үріп әкеп, біржерге үйіп кеткен ,бекіп үлгермеген қар
Пұт 16 кгилограмға тең
Шабата Талдың қабығынан тоқылған аяқ киім

2. «Еркін жауап» стратегиясы


- Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті?
- Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
- Мұқан бір шана шөпті бай үйіна қалай жеткізді?
- Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?
- Добрый-Рабый, Лебедев дегендер кімдер?
- Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?
-Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген? Мұқан бойында тағы қандай үлгі қасиеттер көрінеді?
3. «Танып білу» стратегиясы. 
Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. («Семантикалық карта») 

4. «Кубизм» стратегиясы


Талдаңыз
Шығарманың композициялық құрылысына талдаңыз


Суреттеңіз
Мұқанның сыртқы түрі, мінез құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына мінездеме бер 

Қолданыңыз


«Қажымұқан» сөзін қолданып бес жолды өлең құрастырыңыз 

5. «Кейіпкерлер» стратегиясы


Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау. 
Мұқан, Орлий Масликов, Иван Лебедев, Дубный 
Іс-әрекеті Мінезі Кейіпкер мінезін толықтыру 

6. «Түсініктеме күнделігі» стратегиясы 


Қажымұқанның өмірі туралы қысқаша түсініктеме беру
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. 
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған 
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. 
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды. 
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады. 
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. 
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

(Профессор Ә.Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)
1.Салмағы–174 кг.
2. Бойы–195 см.
3. Кеудесінің аумағы–146 см.
4. Балтырының аумағы–49 см.
5. Мойнының жуандығы–56 см.
6. Бас аумағы–65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқ киімі–54 размер.
7. «Пікір алысу» стратегиясы
Шығарма несімен ұнады? Сүйікті кейіпкерлерің Кейіпкерге хат Жасалған қорытынды 

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қажымұқан-халық ұлы

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

а) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: арлас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті,суреттер,сызба-нұсқаулар т.б.


Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...



Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...



Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...



Балалар: Сәлем!

Қызығушылықты ояту


Мұңайтпасұлы, Қажымұқан
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
Өмірі
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:
Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан
Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербордағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. Сол арқылы ол сол жаққа барады. Сол жақта үш жылдай дәріс алады. Содан кейінгі өмірі Қажымұқанның үлкен өрісте болады, биіктей түседі жылдан жылға.
Талас аға жалғайды. Сонда ол орыстың көптеген палуандарымен танымсып, дос болады. Олардың ішінде Иван Поддубный, Иван Шемякин сияқты мықты мықты дүние жузіне белгілі жауырыны жерге тимеген, Иван Зайкин тәрізді балуандар бар, Шульц деген палуан осылармен тек қана күресіп қана қойған жоқ, рухани жағынан жақындасып, ұзақ жылдар дос болды.
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.

Мағынаны тану


Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты « Қарғалы» білім алатын зулім мектеп үйі бар. Осынау мектепті азамат ақын,жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыров өз қаржысына салдырған болатын. Қалмақан балаларды айрықша жақсы көретін бала жанды жазушы. Ол бала өмірі мен мінезі шынайы көрініс тапқан бірсыпыра өлеңдер мен әңгімелер жинағын сыйға тартты. Соның ішінде «Өміртайдың аулы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай» т.б

Оқушылардан Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не білетіндігін сұраймын.

«Қажымұқан» хикаятында жазушы ағамыз французша күрестен дүниежүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірін, спорттағы жолын қызғылықты баяндап береді.

Бұл хикаят көптеген шетел халықтары тілдеріне аударылды.

Мазмұндау жоспары:

1.Қар күреген бала.

2. Жаяу сүйреген шана.

3.Ұлы Петрдің қаласында

4. Парижде

Сөздікпен жұмыс: Шабата- талдың қабығынан тоқылған аяқ киім

Городовой-қала бастығы

Пұт-16 килограмға тең

Кіресін алу- ат-көлігін жалдама жұмысқа беру



Кітаппен жұмыс: Кітаптан Мұқанның сыртқы түрі ,мінез-құлықтарын суреттейтін тұстарды тауып оқиды.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Мұқанның балалық шағы қайда,қандай жағдайда өтті?

  2. Мұқанның ерекше күшін байқап ,оған достық көмекке келген кімдер?

  3. Лебедов мектебі Мұқанға нелерді үйретті?

  4. Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қ.Аманжолов «Жамырап күнде жас өмір»

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік:оқушыларға Қасым Аманжоловтың ақындық ерекшелігін,ақынөмірін таныту;

Тәрбиелік:оқушыларды Қасым поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,сезімталдыққа тәрбиелеу;

Дамытушылы:оқушылардың сөйлеу мәдениетін,дүниетанымын  кеңейту,даралап,деңгейлеп оқытуда  өз бетімен шығармашылық  дағдысын дамыту.

Сабақтың тегі:жаңа сабақты  меңгерту.

Түрі:аралас.

Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,баяндау,оқыту,талдау,мазмұндау.

Көрнекілігі:Қасым портреті,қанатты сөздер,өлең жолдары,тірек-сызбалар,т.б.


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Бәріміз бірге мына сөздерді айтайық:

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.


Үй тапсырмасын сұрау


«Қажымұқанды кім деп таныдық?»

 (Топтастыру стратегиясы)

Қажымұқан-намысты ер.

Ата-анасына мейірімді.

Атақты спортшы.

Халық мақтанышы.



Мағынаны тану


Жаңа сабақ.

 А)Ақынның өмірі мен шығармалары жөнінде мұғалім сөзі. «Ақылшы,адал,шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ,тамаша өлеңдерінде жүр».(Тахауи Ахтанов).

 «Маған айта берсең ұмытып қалармын,жазып көрсетсең есіме сақтармын,өзіме жасатсаң үйреніп алармын»(Шығыс нақылы)

 


Өмір жолы

Шығармалары

Өлеңдері

Поэмалары

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған.

Семей интернатында оқыған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 Түрлі газеттерде жұмыс істейді.

 «Өмір сыры» деген өлеңдер жинағы жарияланды


Сарыарқа»

«Ертіс»


«Жайық»

«Орал»


«Мен табиғат бөбегі»

 


Ақын өлімі туралы аңыз»

«Қытай қызы»

«Құпия қыз»

«Бикеш»


«Естай-Қорлығайы

 

Ә) Өлеңін мәнерлеп оқу.

 

Жамырап күнде жас өмір,



Маңырап тұрған марқасы,

Сауыры семіз құтты жер

Қазақтың Сары Арқасы.

Қоңырау үнді құлыншақ,

Желкілдеп желмен айдары

Ойнаған кырда асыр caп,

Жарысып құнан-тайлары.

Даласы мауыт-пүліштей,

Дария дарқан думан жер.

Өзені аққан күмістей,

Дариға, біздің туған жер!

Даламыз толы байлыққа,

Қаламыз толы білімге!

Асылы елдің ашылды

Тереңнің жатқан түбінде.

                                                               Сөздік жұмыс

Марқа -ерте туған қозылар

Құнан- жылқы малы

Тай -жылқы малы, 1 жастан асқаны

Пүліш-мата



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

«Ой қозғау»

Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер-азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының майын адамның сүйектерінің сынған жерлері дұрыс бітпегенде , бұзып , қайта салуға және сарысу иленгенде пайдаланады. 

 

Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады.



 

 

 Кестемен жұмыс.



 

Ақын нені мақтан етеді?

Сен өз еліңді несімен мақтан тұтасың?

 

 

 

 



 

Кестемен жұмыс

 

     Бейнелі сөз

        Түрі (эпитет, теңеу)

                    Мәні

 

 

 

 

 



 

.

Б)Деңгейлік тапсырма.



 

І деңгей: өлең мазмұнын қара сөзбен жазып шығыңдар.

ІІ деңгей (алгоритмдік):өлең құрылысына талдау.

 Оқушылар бұл сызбаны толтырады.

               Өлеңнің тақырыбы:

                Мазмұны:

                 Өлең шумағы:

                 Бунақ,ырғақ:

                 Ұйқас:

                 Тармақ:

                  Буын саны:

 

ІІІ деңгей:  эвристикалық деңгей-өлең ішіндегі сөздерге мақал-мәтел жазу.



 

 

 



Сөздер

Мақал-мәтел

Туған жер

 

 



 

 

 



Құнан,тай

 

 



 

Акқу көлін аңсайды,


Адам туған жерін аңсайды.

Ата қоныс — алтын мекен. 


 

Жылқы — малдың патшасы, 


Түйе — малдың қасқасы. 

 

Малды бақсаң қойды бақ, 


Май кетпейді шарадан. 
Ит асырасаң сырттаннан, 
Қой бермейді қорадан. 
*** 
Қойдың сүті - қорғасын. 

ІV деңгей:шығармашылық деңгей.

Ақынға  хат жазу.

 

VІІ .Сабақты бекіту:



Қажырлы,қайратты,тік мінезді азамат




Әнші,күйші (скрипка)




Қоғам қайраткері




Өртке тиген дауылдай ақын




Жауынгер (жаралы оралған)




     Қасым

 

Инцерт әдісі



Не білемін?

Не білгім келеді?

Үйренерім

Өмірі

Өлеңдері


 

 

 

 

Ә) Өлеңін мәнерлеп оқу.



Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Сабақтың тақырыбы

Ж.Молдағалиев  «Ар-ұят туралы»

Сілтеме

Әдебиет оқулығы

Мақсаты

Өлең  мазмұнын тұжырымдау, рухани адамгершілік құндылықтарын  қалыптастыруға ықпал ету

міндеті:

Танымдылық:Танымдық ой-дағдыларын дамыту арқылы шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.Эмоциялық: Өлең мазмұнындағы негізгі ойды ұғындыру арқылы ар-ұят, намыс, адалдық, адамгершілік идеясын саналы меңгертуге жағдай жасау.

Әлеуметтік:Өзара  қарым-қатынас  жасау  арқылы  өзін-өзі  реттеуге  дағдыландыру

Оқу нәтижесі

Әртүрлі көзқарастарды талдауға, нәтижелерді  бағалауға ынталанады. Өзара қарым-қатынас жасауға, бірін-бірі тыңдауға, кеңесуге, өзінің және өзгелердің әрекеттерін бақылауға, бағалауға қызығушылық  танытады.

Негізгі идеялар

Әртүрлі көзқарастарды талдауға, нәтижелерді  бағалауға ынталанады. Өзара қарым-қатынас жасауға, бірін-бірі тыңдауға, кеңесуге, өзінің және өзгелердің әрекеттерін бақылауға, бағалауға қызығушылық  танытады.

Тапсырма көздері

Өлеңді сыни тұрғыда талдау. Қосымша дерек бойынша дерек көздері. Қазақ өлеңінің ұйқасы.Суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта,электронды оқулық, слайд, маркерлер

Мотивациалық  кезеңҰйымдастыру

 

Зейіндерін шоғырландыру.

Үй тапсырмасын сұрау




Өлеңді жаттау.  Табиғат туралы мақал-мәтелдер жинақтауБағалау

Жаңа сабақ




  1. Миға шабуыл

-Ар-ұят туралы біз не білеміз?

-Кім қалай ойлайды?

 

«Ар-ұят туралы»



  1. ББҮ әдісі.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










3.АКТ арқылы қызығушылығын ояту.Ж.Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы (Электронды оқулық) .

Сергіту сәті




Музыкамен би қимылын жасау

Топпен жұмыс




1-топ: Мәтінмен жұмыс.Өлеңді  тұтас оқып шығып, не туралы жазылғанын өз сөзіңмен әңгімелеп бер.2-  топ:Өзара бөліп оқыту әдісі.4 шумақтан бөліп беру, өздеріне бөлінген тұстан мәнін ашатын бір өлең жолын (тармақты) тауып,  бөлімнің аты етіп жазу.

3-топ:Мәнмәтінді сахнала. . Бағалау.ОүБ (2)



Кеңейтілген тапсырмалар




  1. «Ар-ұят туралы»  өлеңді құрылысына қарай талда:

Буын-          Бунақ-           Тармақ-            Шумақ-            Ұйқасы:

  1. 1.      Ар-ұят туралы мақал-мәтелдер жаз.

 

1——————————————————————————————————2——————————————————————————————————3—————————————————————————————————–4——————————————————————————————————5——————————————————————————————————6——————————————————————————————————7—————————————————————————————————-

8——————————————————————————————————9—————————————————————————————————–10—————————————————————————————————–


  1. 2.       «Ар-ұят туралы»  өлеңі бойынша семантикалық  картаны толтырыңыз

 

Баланың сөзі

————————————————————————————————————————————————————————-

————————————————————————————————————————————————————————–



Қарияның сөзі

—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

Автор сөзі

————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

 

Аты-жөні: _____________________

 

 


Қорытынды




Мәтіндегі сөздердің түсіндірмесі

Бағалау




ОүБ (1,2,5) Бармақпен бағалау

Үйге тапсырма




Өлеңді жаттау. «Ар-адамның өлшемі» тақырыбында эссе жазу.  Ар-ұят туралы мақал-м



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қ.Шаңғытбаев «Сабалақ»өлеңі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

- білімділік: «Сабалақ» өлеңінің деректілік негізі, ақын тілі, ұлтжандылық мәні зор екендігіне көз жеткізу, ақындық рухы биіктігін таныту.
- дамытушылық; Оқушының мәтінді мәнерлеп оқу, талдау жүргізе білуге, өз ойын ақын тілімен де, әдеби тілімен де жеткізе білуге жағдай туғызу
- тәрбиелік; Оқушыларды ұлтжанды болуға, Отанын сүйе білуге, елінің ертеңгі болашақ жастар екеніне сенімін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.


Сабақтың әдіс: Мәнерлеп оқу, талдау, әңгіме, СТО, шығармашылық, ішінара ізденіс.
Көрнекілігі: Ақын портреті, Қазақ хандығының кестесі, Абылай хан туралы слайд

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Бәріміз бірге мына сөздерді айтайық:

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.


Үй тапсырмасын сұрау

2. Білімді жан жақты тексеру.
– Балалар мен сендерге мақал - мәтелдер айтайын сендер жалғасын табыңдар.
1. Батыр туса........... (ел ырысы)
Жаңбыр жауса,........ (жер ырысы)
2. Бірлік бар жерде....... (тірлік бар)
Осы мақалаларды не үшін айтты деп ойлайсыңдар.
– Қашанда еліне жау шапса, қиыншылық туғанда елін аман алып қалған кім? (Батыр)
– Батыры, шешені бар елміз ғой.

Мағынаны тану


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


Қ. Шаңғытбаев « Сабалақ» өлеңі. Сабалақтың Аңырақай айқасында көрсеткен ерлігі, өлеңдерінің ұлтжандылығы, ел бірлігі туралы жайында болмақ.

2. Оқушының қызығушылығын ояту. ( Ой шақыру)

Сабалақ. Аңырақай. Абылай. Деген сөздерді естігенде қандай ой келді?(оқушылар өз болжамдарын айтады) ендеше «Сабалақ» өлеңін оқып көрейік
1. Қуандық Шаңғытбаевтың шығармашылығы туралы және Аңырақай шайқасы жайлы слайд жүргізіледі.

2. «Сабалақ» өлеңі мәнерлеп оқылады.


3. 2 - 3 оқушы мәнерлеп оқиды. (Мәтінмен толық танысқан соң, мәтін талдау жұмысы жүргізіледі.)

Мәтінді талдау:


1. Өлең мазмұнын қандай ой бөліктеріне бөлуге болады?
1. Аңырақайдағы айқас
2. Әбілмәмбет хан.
3. Тосқауылдан жауға тиген қазақ жауынгері
4. Майдан даласы (жеңіс)
5. Сабалақ
6. Ақын арманы немесе түйіні.
2. Мәтінді талдау жұмысы.
Ақын Аңырақайдағы соғысты қалай суреттейді. Тілін тарихпен салыстырып көрейік.
3. Сиреп қалған серіктерін көргенде Әбілмәмбет қандай күйге түсті?
«Сиреп қалған серіктерден сескеніп,
Әбілмәмбет бас бармағын шайнайды»
4. Әбілмәмбеттің шешімі?
«Ата нәкес, жықты ма жау туымды»,
Деп ызаға Әбілмәмбет буынды.
«Ала кетем жастығымды мен де» деп,
Қынабынан алдаспанын суырды.
5. Жауға бүйірден тиген қазақ жауынгерлерін ақын қандай сөздермен бейнелеп көрсетеді?

6. Мәтіннен Сабалақ бейнесін тауып оқы.

«Қыран қанат қас қабағы түйілген,
Жеңіл ғана шидем шапан киінген,
Келе жатыр қол басын бір жігіт
Қаршығадай тас қолданып шүйілген».

7. Сабалақ қандай тұлға? Сабалақ

8. Әбілмәмбет кімге көңілі толды? Не үшін?

Әбілмәмбет Сабалақ Абылай


(Әбілмансұр)
Абылай сұлтанның немере інісі.
– Осы ұрыста ол «Абылайлап» ұран сап, «кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып дұшпанның іргесін айрандай ірітіп, тозаңдай тоздырады. Жұрт ұранына қарап оның төре тұқымы екенін біліп, төбеге көтеріп құрмет көрсетеді. Мән – жайды білген Әбілмәмбеттің ұсынысымен үш жүздің тоқсанға тарта игі жақсылары жиылып Әбілмансұрды (Сабалақ) Абылайды хан сайлайды.
Ел аузында Абылайды алғаш Атығай – Қарауыл хан көтеріп, алты отау тігіп берген деген сөз бар.

(«Қазақ хандығының кестесі» бойынша сөз болады)

Абылай ел билігін ұстаған кезінде Қытаймен жақындаса түсуге кеңес беріп, Ресеймен келісімді сақтау керек деп тапсырды. Жеке басының кісілігімен, ақыл - парасатының кеңдігімен жеткен ол арыны ауыздықсыз, қызу қанды қызба халықтың қадір - құрметіне ие бола білді. Халық оны бірден хан көтерді. Абылай «Шешен, саясаткер, парасатты болған».

Кестені толтыр: Абылай кім? Абылай - ел мақтанышы

№9 Өлеңге талдау
№1 Өлең жолдарында кездесетін «Ер қаруы – бес қару» атауларын теріп жаз.
№2. Өлең жолдарында кездесетін көркемдік өрнектерді ( сөздерді) теріп жаз.
№3. Абылай хан қай жүздің ханы болған?
Ой толғау.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

1) Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме жаз.
( Аңырақай, айқас, қазақ, қалмақ, Әбілмәмбет, Сабалақ, Абылай).

2) Ақын арманы қандай?


Белгілі ғой айтпасам да аржағын
Сол Сабалақ – Абылай ата тарланың,
Абылай тағы туа ма деп қазақтан,
Тосып келем, сол ендігі – арманым – дейді.
( Оқушылар өз ойларын айтады).
Бүгінгі өміріңіздің Абылайы кім деп ойлайсыз?

Үй тапсырмасы

Абылай хан туралы деректер жинау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет