Сабақтың атауы Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сілтеме



бет13/15
Дата14.04.2017
өлшемі3,03 Mb.
#13763
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

М.Мақатаев «Фантазия», «Барлығы да сендердікі»

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

 М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру; Ақынның қасиеті де киелі өлең-жырлары арқылы халқына қызмет етуін таныту; «Фантазия» өлеңі арқылы ақынның халықтық болмысқа ілтипатын көрсету, ұлттық өнегені ұғындыру, оқушылардың қиялдау қабілетін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: СТО жобасының стратегиялары

Көрнекілігі: Компьютер (ақынның портреті мен өлеңі жазылған.), кесте (ақынның өмір жолы), кітап көрмесі


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы сыныпты 3-топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым, қазақ тілім - дей келе сабағымызды бастаймыз.

Қызығушылықты ояту

«Абай, Мұқтар бастаған елге әйгілі ұлы көштің» бұйдасын ұстамағанмен, бел ортасынан ойып тұрып өзіндік орнын алған ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен бүгінгі сабақта танысамыз. Бір сәт қиялға ерік беріп, ақынның өзін тыңдайық.

Ассоциация стратегиясы

Ақын образын сомдау

(Компьютерден М.Мақатаев портреті көрініп, «Менің анкетам» өлеңі диалог түрінде тыңдалады.)

Менің анкетам

-          Туған жерің?

-          Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

-          Туған жылың?

-          1931. Құрдасымын Шәмілдің.

-          ...

-          Мекен жайың?

-          Мекен жайым - жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.


Мағынаны тану


Мұқағали Мақатаев өмір жолы

 


Уақыт

Оқиға

1931 жыл 9 ақпан

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген.

1941жыл

Әкесі Сүлеймен өзі сұранып соғысқа аттанады. Мұқағали 10жасынан бастап, соғысқа кеткен әкесіне арнап өлеңдер жаза бастаған.

1948 жыл

Тұңғыш өлеңі Нарынқол аудандық  газетінде басылды.

Өмір өткелдері

Ерте есейген балалық

Ауылдық кеңес хатшысы

Қызыл отаудың меңгерушісі

Комсомол қызметкері

Жеті жылдықмектептің мұғалімі

1954-62 жылдар

Қазақ радиосында диктор және педагогикалық қызмет атқарған.

1962 жыл

Алматы қаласына көшіп келеді.

1962-72 жылдар

«Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1972-73 жылдар

Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.

1976 жыл 5 наурыз

Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.

1985 жылдан бері

Қазақстан Жазушылар Одағы үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М.Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.

 

Шығармалары

 


Жылдары

Шығармалары

1962 жыл

«Аппасионата»

1964 жыл

«Ильич»

1966 жыл

«Армысыңдар, достар»

1968 жыл

«Қарлығашым, келдің бе»

1970 жыл

«Мавр»

1972 жыл

«Дариға-жүрек»

1974 жыл

«Аққулар ұйықтағанда»

1975 жыл

«Шуағым менің»

1976 жыл

«Өмір дастан»

1978 жыл

«Өмір-өзен»

1981 жыл

«Бәсіре»

1982 жыл

«Соғады жүрек» (таңдамалы 2 томдық)

1984 жыл

«Шолпан»

1988 жыл

«Қош махаббат»

1989 жыл

«Жырлайды жүрек»

2001 жыл

Ақынның «Аманат» жинағы Мемлекеттік сыйлық иеленді

 

Балалар, қайтадан ақынның өзіне құлақ түрейік:

(Компьютерден ақынның «Фантазия» өлеңі тыңдалады)

Оқушыларға іштей өздері оқуға тапсырма беріледі.

Мағынаны тану

І топ Анықтау

Өлеңдегі түсінігі қиын сөздердің мағынасын анықтау (Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс)

Фантазия – ой елестете білуге қабілеттілік, қиял

Ақиқат – шындық, шын, айқын бар болмыс

Ғалам – бүкіл жер жүзі, әлем

Ғаламат – таң қаларлық, ғажайып

Ғұлама – араб тілінде ғалым деген мағынаны береді

Жай – найзағай, жасыл

Қат – қабат деген мағынаны беретін сөз

Қиял – фантастикалық ой, арман

Галилео Галилей – ХҮІ-ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Италияның атақты ғалымы

Николай Каперник – ХҮІ ғасырда өмір сүрген поляктың ұлы ғалымы

ІІ топ Талдау

Өлең құрылысына қарай талдау

          4              3                  4

Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған//                                             а

         4              3               4

Ертегіден/ ғұлама/ дана туған//                                                  а 

         3                 4                   4

Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен//                                           б

         3                 4                  4

Адамның/ қиялында/ жаратылған//                                            а

 

Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (ааба) жазылған өлең.



 

ІІІ топ Зерделеу

Өлеңдегі бейнелі ойлар мен көркем тіркестерді тауып, мағынасын ашу, зерделеу

Жеті қатжерің мынау төңкерілген –

Жеті қатаспанменен көмкерілген –

Ертеңімен табысу –

Ғаламаттар туылған ертегіден –

Ғаламдық ақиқат –

Ертегіден қала тұрған –

Ертегіден ғұлама дана туған –

Жер бетіне сыя алмау –

Қиылмен қанаттану –

Жайды ұстау –

 

ІҮ топ Салыстыру



Ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты салыстыру

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Бес жолды тұжырым

1 зат есім

2 сын есім

3етістік


4 сөзді сөйлем

Синоним


 

Фантазия


Бай, ұшқыр

Шарлатады, шарықтатады, шалқытады

Адам фантазиясы шексіз бай.

Қиял


 

Фантазия


Шалқар, дария

Шабыттанып шырқатар шарықтата

Адамның қиялындай бар ма, сірә?

Арманда


Қорытынды

Ақын күнделігінен

14 ақпан 1976 жыл

«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңдерім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Менің бүкіл жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңдерімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Егер мені содан таппасаңдар, онда менің ақын болмағаным.»

 

«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы




Үй тапсырмасы

Міндетті деңгей: Мұқағали Мақатаев «Фантазия»өлеі (жаттау)

Мүмкіндік деңгей: Ақынмен сырласу (эпостолярлық жанрдағы шығарма)

Ақынның өздеріңе ұнаған өлеңдерін оқу, жаттау


Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

С.Мәуленов «Менің республикам»

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз Қазақстан туралы сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, тіл байлығын молайту.
Тәрбиелік: Өнер алды қызыл тіліміз арқылы шешендікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Түрі: шығармашылық таным сабағы
Көрнекілік: С. Мәуленов портреті, шығармалары, Қазақстанның рәміздері, мақал - мәтелдері жазылған кестелер, үнтаспа.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.

Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

зейінін сабаққа аудару.


Үй тапсырмасын сұрау


а) Ж. Молдағалиев «Ар - ұят туралы»өздеріне ұнаған шумақтарды теріп жазып жаттап алу.
ә) өлеңдегі айтылған ой - пікірлерге өз көзқарастарын салыстыру
3. Ой шақыру.
Үнтаспадан Бекболат Тілеухановтың орындалуында «Менің елім»әнінен үзінді тыңдау.
- Балалар, тыңдаған әндерің не туралы?
- Отан туралы.
- Ал «Отан»дегеніміз не?
- Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері. Туғандарымен, отандастарымен бірге тұратын жері.
- Ал, біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Олай болса, балалар, біздің көптеген ақын ағаларымыз осы Республика туралы өлеңдер шығарған. Соның бірі С. Мәуленов ағамыз.

Мағынаны тану


4. Мағынаны тану.
1. Топтастыру
Сырбай Мәуленов 1922ж Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген.
- ақынның «Өлеңдер»атты тұңғыш жинағы1948ж жарық көрді.
-«Жолдас», «Жас жүрек», «Жұлдыз жырлар» «Жол үстіндегі жалындар»т. б қырыққа жуық жыр жинақтың авторы.
- Балаларға арнап «Барлаушы бала», «Құлыншақ», «Бала жолбарыс» «Қорқақ торпақ» т. б жазған
- А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Т. Г. Шевченко, Ә. Науай шығармаларын қазақ тіліне аударған.
-«Құрмет белгісі» ордені, Қазақстан Мемлекетінің лауреаты(1970ж),
1 - дәрежелі Отан соғысы(1985ж), «Қызыл Ту», Халықтар достығы(1982ж) марапатталған
2.«Менің Республикам»өлеңімен таныстыру.
5. Топпен жұмыс, кітаппен жұмыс
1 - топ «Менің Республикам» өлеңін мәнерлеп оқу
2 - топ мағынасын ашу,
3 - топ өлең құрылысына талдау, сөз айшықтарын табу
«Екі жақты түсіндірме күнделігі»

Өзіме ұнаған өлең шумағы ------------------------------Несімен ұнады?


Қызыл бұлттай көрсең қызыл гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін
Жерінде гүл, көгінде бір жүзген
Ұлан байтақ Республикам бұл менің Ұлы Отанымыз қандай тамаша! Оның ұшы - қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын толтыратын егістігі, суы мөлдір өзендері кімді болсын таңғалдырады. Әрине осындай Отаның болғанын мақтан тұтасың.
6. Ой толғаныс. «Еркін жазу» тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу.
Ұланымын ұлы елдің. Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Қазақстан. Республика. Кең. Халық. Ысық. Елім. Тіршілік. Отан. Ақын. Ырыс. Бақыт. Болашақ

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Бес жолдан тұратын қорытынды
1. Қазақстан
1. Туған жер
1. Тәуелсіз

2. Егемен, тәуелсіз


2. егемен, тәуелсіз
2. аңсаған, тұғырлы

3. дамиды, өркендейді, гүлденеді


3. дамиды, көркейді, жаңарды
3. нығаяды, жарияланды, қол жеткізді

4. Қазақстан - егеменді, тәуелсіз мемлекет.


4. Туған жерім - Атырауым ардақты.
4. Тәуелсіздік - еліміздің жарқын болашағы

5. мемлекет, ел


5. өлке, ел
5. еркіндік, азаттық

Бүгінгі сабағымды Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауымен аяқтаймын.


Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Н. Ә. Назарбаев
Алдағы уақытта біздің басты міндетіміз білім алу, Тәуелсіздік Қазақстан болашағына сапалы біліммен ғана қалана аламыз.
Әнұран бәрі қосылып.

Үй тапсырмасы

С. М «Менің Республикам» жаттау, тақырыпқа сурет салу.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

С.Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) оқушылардың «Ақырғы бәйге» әңгімесінен алған білімдерін бекіту; ә) көркем мәтінге әдеби-теориялық  талдау жасату арқылы баланың ой-қиялын дамыту; б) елжандыллыққа, адами қасиеттерге, сұлулықты сақтауға, қайрымдылыққа баулу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Әдісі: топтастыру, автор орындығы, семантикалық карта, салыстыру.
Көрнекілігі: Ақан сері Қорамсаұлы портреті, С.Жүнісов «Ақан сері» романы, оқушылардың суреттері TV-VCD.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.

кеспе қағаздар,кітап



Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)

Үй тапсырмасын әр топтан сұрау.

Әр топтан жеке жауап береді.


Мағынаны тану


III.Негізгі бөлім.

Оқулықпен

жұмыс

(5мин)

Сәкен Жүнісов туралы қосымша мәліметті оқуды сұрау.

 

Сәкеннің сері,ақын,



жазушы,сазгер екенін біледі.Топпен жұмыс жасау.

Қосымша алған білімдерін галереядан көргендерімен салыстырады.

Сергіту сәті

(5 мин)

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу модулі

«Менің арманым»

Оқушылар сергіту сәтін ерекше көңіл-күймен орындайды.

Түсіну үшін тапсырма (8 мин)

«Ой қозғау» Бейне ролик көрсету.Ортасынан тоқтатып оқушылардың не көргенін,не ойлағанын сұрау.

«Бәйге-Дода-Жарыс» үшеуінің айырмашылығы қандай сұрау.

 

Бейне роликті соңына дейін қойып сұрайды бұл бәйгеге жатады ма?



Ендеше балалар бүгінгі біздің оқитын шығармамыз «Ақырғы бәйге».

Оқушылар бейнеролик

тен көргендерін ат жарыс,көкпар,бәйге деп әр түрлі болжады.

Оқушылар күтпеген жауап қайырады.

Біз әлі додаға,бәйгеге түскен жоқпыз.Бірақ, жарыстарға қатыстық дейді.Бір-біріне синоним сөздер екенін айтады.

Иә,деп жауап береді.

Оқушылар жаңа шығарманы оқуға кіріседі.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

ІV. Қорытынды

 (7 мин)

«Болжау стратегиясы»

Оқулықтан «Ақырғы бәйгенің» бірінші бөлімін оқи отырып оқушыларға болжаусұрақтарын қою.



1.Көкшенің дүлділі кім?

 2.Күреңбай ақсақал неге жұртты өзіне қаратты?



3.Жұрт сөз қылған тұлпарға елдің берген бағасы қандай?

4.Құлагерді не себептен пырақ деп атады?

Оқушылар мәтінді тыңдайды. Берілген сұрақтарға жауап береді.



Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Құлагердің мүсіндік сипаты

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік; бүкіл поэмаға негіз болған Ақан трагедиясын ашу.
Дамытушылық: Ақан трагедиясы туралы оқушы білімін жетілдіріп, тиянақтау.
Тәрбиелік: Ақан мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: дәрістік, сұрақ-жауап,көрнекілік. Тестік.
Пәнаралық байланыс: ән-география,қазақ тілі.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың типі: дәстүрлі.
Сабақтың көрнекілігі: «Құлагер» поэмасынан үзінділер, Қазақстан картасы.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалық шағым менің есімде,

Мәңгілік қалшы!

Мектепбім,аяулы ұстазым

Балалық тілегім осы!



Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру

Мағынаны тану


Жаңа сабақты түсіну.
Ақан өміріндегі трагедиялық жағдайлар.
І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы туралы.
«Бай-бай, Құлагерім...»
Поэма «Толғау», «Ақан», «Ас», «Құлагер», «Егес», «Көмбе», «Ат айдау», «Балуан бәйге», «Күрес», «Ат қайтқанда», «Ат шаңы», «Жалғыз қазық», «Бай-бай, Құлагерім...», «Қара күш», «Аттың азалы әні» сияқты бөлімдерден тұрады.
«Туған жер» бөлімінде мынадай бір жұмбақ халді суреттейді.
«Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр,
Дүниеден аулақтаған дабыр-дүбір.
Қара шал қайыңды отыр көлеңкелеп,
Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр».
Ілияс ел арасына таралған осынау аңыз суретті келтіреді де, соған жауап іздейді. Дүниеден безіп, дабыр-дүбірден бойын аулақ салып, қайыңның көлеңкесінде отырған кім? Ілулі тұрған қу бас не? Поэмада баяндалатын оқиғалар танымал сұрақтың сырын ашады.
«Қырдағы қара сойыл бақандаған,
Қалада қара жүрек қа арланған
Тұсында пері болсын, сері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған».
«Мен өзім сері Ақанды көргенім жоқ,
Сөздерін, әнін жаттап, тергенім жоқ. 
Ақанның өзін көрген, сөзін терген,
Адамдар айтпас мұны өтірік деп».
«Ас» бөлімінде Нұрмағамбет бай әкесі Сағынайға ас береді.Өткен ғасырларда қазақтың дәулетті адамдарының ас беру дәстүрі болған. Бәйгеге ат жиналады. Күреңбай сыншы баға береді. Аста би, болыс, дүмше молда жасауылдардың реалистік типтік бейнесі суреттелген.
«Егес», «Көмбе» бөлімдерінде Ақан мен Құлагердің мүсіндік сипатын танимыз. Ақан жүрген жер-ән жәрмеңкесі. Осы бір елжіреген сәтті Батыраш бұзады. Алтайда алдына қара салмаған Көктұйғын Құлагерден қалады-ау деген ой келгенде Батыраш Ақанға ауыр сөз айтады. Ақан морт кетеді. 
«Балуан бәйге», «Күрес» бөлімдерінде дәстүрлі күрес өнерінің сол замандағы хал-ахуалы шынайы суреттелген. 
Құлагер мен Ақан тағдыры «Ат қайтқанда», «Ат шаңы» бөлімдерінде шаңы, аттың үйдек-түйдек 
шаңы, тұяғымен жер тартып келе жатқан төрт тұлпар Құлагер сипатталады.
«Жалғыз қазықта» Құлагерді Батыраштың қанды қолы айбалтамен өлтіреді.
«Құлагер» әні осыылай туған еді.
-Әнді кім орындаған еді? (Жүсіпбек Елебеков орындаған еді.)
Оқулықпен жұмыс.
Жеке тапсырма.
«Құлагер» поэмасынан үзінді оқу.
«Құлагер», «Егес», «Жалғыз қазық», «Қара күш», «Бай-бай, Құлагерім...», «Аттың азалы әні»
Ұжымдық тапсырма.
-Портрет дегеніміз не?
Күреңбай сыншының сөзі. Құлагердің портретін оқу.
«Құлагер» өлеңін оқып шығу. 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Сұрақтар:
Өлеңде Ақанның көңіл-күйі қалай суреттелген?
Өзіңе әсер еткен шумақтарды оқы. 
Құлагердің бейнесін ашатын айшықты сөздерді тап. 
Көмек бұрышы.
Ақан трагедияс неде? Серілігінде
Ақындығында
Қайсарлығында 
Әншілігінде 
Батырлығында 
Атбегілігінде 
Құсбегілігінде 
Бас имеуінде 
Саятшылығында 
Сазгерлігінде 
Сабақты бекіту.
Сұрақ:
Ақан мен Құлагер өмірінде ұқсастық бар ма? 
Өнер адамдарына қастандық жасала ма? 
Біржан өмірінен мысал келтіру.

Үй тапсырмасы

Поэманы оқу. Шығарма жазу. «Ақан- ақын, әнші, сазгер».

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ақан сері трагедиясы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік: Ақан өмірі шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, «Құлагер» өлеңінің идеялық мазмұнын ашу; 
2.Дамытушылық: ақан өлеңдерін оқыта отырып оқушылардың мәнерін оқу, сауатты жазу, есте сақтау, әдеби көркем тілде мазмұндау қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: Ақан тағдыры,Ақан өнерін ұғынуға,өнер иелерін құрметтеуге, өмірдегі әділетсіздіктермен күресе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,жатқа айту, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: музыка

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

сері 
ақын сазгер
саятшы замана бұлбұлы
атбегі құсбегі
Міне, осындай елден ерекше салтанаты үшін есімі «сері» атағын қосқан. Ақан шығармаларын тану үшін тақырып жағынан 3 топқа бөліп жіктейік. 
Ақан шығармаларын тану.
Жастық . Махаббат . Адами сезімдер Саятшылық , ат белгілік Әлеуметтік 
«Балқадиша», «Қыз сипаты» т.б. «Мылтық пен мергеншілік» т.б. «Барабар крестьянға тең болмадық» т.б.

Мағынаны тану


Қазақтың әнші – ақындарының ішінде өмірімен де, өнерімен де ереше тұлға Ақан Қорамсаұлы –халық мәдениетінің көрнекті өкілі. Ақан серінің шын аты - Ақжігіт. Ата-анасы Ақан деп еркелетсе, елі сері деп ат берген өнерпаздың тұлғасы әркез биік. Ақан жақсылық, жамандық, адамгершілік, махаббат, сүйіспеншілік, дүние,қоғам,жаратылыс жайын, жүрек мұңын сырлы әнмен жеткізген суреткер, әнші, ақын-сазгер. Сегіз қырлы,бір сырлы,әнші,күйші,сазгер Ақан өмірін көптеген ақын-жазушылар шығармаларына арқау еткен.
Белгілі жазушы С.Мұқанов «Өмір мектебі» шығармасында серімен кездескен шағын баяндаса, М.Жұмабаев «Ақан сері» мақаласын жазады. Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоты» пьесасы, С.Жүнісовтың «Ақан сері» романы және дауылпаз ақын І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы алып суреттейді.
Тақтаға төмендегідей сөздер жазылады:
Бай балалары, іштарлық, бәйге, сәйгүлік.
-Балалар,осы сөздерді оқи отырып нені түсінуге болады?
Бүгін не жөнінде айтпақшымыз? /Оқушылар ішкі сезімдері бойынша өз ойларын ортаға салады/.
(Абдулла Айдана Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы )
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Ақан және Құлагер трагедиясы.
І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы ақынның жүйрік аты Құлагерге қатысты өмірінің бір үзігін алып суреттейді. 
«Өз ерін,өз серісін ескермесе,
Ел тегі қайдан алар кемеңгерді»,- деп Ақандай дарынның қадіріне жете алмаған қоғамның әлеуметтік кейпін береді. Құлагер өлімі Ақан үшін қайғыға айналды.
«Құлагер» кинофильмінен үзінді көрсету.
Ақанның қыран құсы- Қараторғай, жүйрік тазысы - Базаралы, ел аузында аңыз болған сәйгүлігі –Құлагер.
30 жастан асқанда ақын бірнеше қайғыға тап болады. Сүйген жары Ұрқиядан айырылады, қыраны Қараторғайы, құмай тазысы Базаралы өледі.
1876 жылы Сағынайдың асында Ақан Құлагерді бәйгеге қосады. Үш жүз аттың алдында қара үзген Құлагерді Ақанмен өштескен Батыраш, Қотыраштар өлтіреді. Ақан Құлагер өлімінен кейін мылқау ұлы Ыбанмен Қоскөлде елден жырақ өмір сүреді. Құлагерді жоқтап, «Құлагер» әні дүниеге келеді. Әнде ақынның ішкі жан сыры, күйзелісі, психологиялық толғанысы терең суреттеледі. Құлагерге қатысты тұстың бәрін тізіп жыралайды.
Құлагер,құлыныңнан керім едің,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің...
Ақын өлеңінде ішкі күйініші, Құлагерді қимау, өткен күнді сағыну, Құлагерсіз өмірге көндігу де бар.
Музыка пәнінің мұғалімінің орындауында «Құлагер» әнін тыңдату.
«Құлагер» - Абайдан кейінгі ат сынын суреттеген өлең. Ол ат пен өнер жүйрігі әшкерелейтін, ішкі жан күйзелісті көрсететін өлең.
Өлеңді мәнерлеп оқыту. 
Буын, бунақ, ұйқасқа талдау. ( дәптермен, тақтамен жұмыс) 
...Менің атым / сұрасаң / Ақан серің, а
Ғазірет Ғали / дүлдүлі/ тұлпар керім. а
Дүниеде / оған жетер/ ат бар ма еді, б
Өлді ғой / мен қайтейін, / Құлагерім ...а
4 тармақты,3 бунақты, 11 буынды қара өлең ұйқасы.
«Құлагер» өлеңін сатылай кешенді түрде өлең құрылысына талдау.
...Құлагер, шешең – сұңқар, әкең – тұлпар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.
Сен өлсең орның басар көк бесті бар,
Болады құдай қосса, о да тұлпар...
Авторы-
Тақырыбы –
Жанр түрі-
Идеясы-
шумақ саны-
Бунақ саны- буын-
Ұйқас түрі-
Әдеби теориялық ұғымдар-
Тәрбиелік мәні-
Ақан өмірі мен Құлагер өлеңінде қандай қасиеттерді байқай алдық?
Достық, мейірімділік, қимастық,
Жауыздық,әділетсіздік, қызғаныш.
Өлеңге мазмұндық талдау. «Үш жақты күнделік» әдісі. 
Өлең Өз ойың Қазіргі заманмен байланыс
Құлагер,нұрың қандай, даңқың қандай?
Тұрушы ең тоғыз шелек суға қанбай,
Бәйгеге жүз шақырым айдағанда,
Жүруші ем ауыздықпен тоқтата алмай... Құлагердің бойындағы ерекше қасиеттер жайлы Қазіргі заманда Құлагерлер бар ма?
Ат баптау,бәйге өнерлерінің бүгінгі даму жағдайы қандай?
Кей –кейде жауын болып жылап ақты,
Кей –кейде дауыл болып соқты қатты.
Кей –кейде күңіреніп, көлдей толқып,
Кей –кейде қу ағаштай құлап жатты. Ақанның жан күйзелісі жайлы Қазіргі заманда ақындардың жағдайы қандай ?

Ән тәтті Ақан салған Арқадағы:


«Үш тоты», «Ақ саусақ», «Ақмарқалары».
Салғанда «Сырымбеттей» сүйікті әнін
Қасына жиылған жұрт тарқамады. Ақан бойындағы өнер жайлы Ақан өнері бүгінде жалғасты ма?
Бекіту. 
1. Ақынның сұм заманнан соққы жеп, жан серігі-Құлагерден айырылу себебі неде?
2. Батыраш, Қотыраштарға ауыл ақсақалдары өз үкімдерін берді. 
Ал, сіздер қандай үкім шығарар едіңдер?
3.Ойтолғау. «Құлагер – омыртқамның ішіндегі жұлыным- ай!»
Сабақты қорытындылау. Интервью әдісі:
№ Ғалым пікірі Оқушының пікірі
1 «Ақан сері заманның озып туған, талай тамаша тарлан тұлғалардан асып биік тұрған ,бірде күлісіп, бірде бүрісіп ғұмыр кешкен сал-серілердің падишасы» Серік Негимов.

2 «Ақан өзіне-өзі мәңгі жоғалмас ескерткіш соққан ұлы ақын,әнші, халқымның сал-серілік салтының озығын өзінің бөлек болмысымен биікке көтерген асқақ тұлға» Сәкен Жүнісов.

3 «Тәңірдің берген бағына кім таласады?Ақан-ел сүйген, елмен туысқан ақын» Мұхтар Әуезов


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Мұғалімнің қортынды сөзі:
Ақанның өмір жолы қызықты әрі ерекше. Өмірінің соңғы кезінде жалғыздықпен мұңдасты.
Оның бұл қылығы өзінің қатыгез заманына мойынсұнбай өткен тәкаппар ақынның бейнесін танытады. Тіршіліктің ұсақ-түйегіне алданбай, бойын тік ұстап кетті. Сондықтан да Ілияс:
«Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған», - деп кейіпкеріне деген ілтипатын жасырмай, ашық айтқан.
Ақан өмірі - өнер адамының, жалпы адамның рухани тазалығының үлгісі, өнердің тіршілік тартысынан жоғары тұрғанының белгісі. Қанды қол жеткенде таңба басқан, қазақ қиялының ғажайып аты өрен тұлпарға ескерткіш орнатқан «Құлагердей» ән шығарып, халқына таратқан Ақан - өз кезіндегі әнші - ақындар тобының аса көрнекті өкілі. Әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелерін өлеңіне арқау еткен Ақан өнерімен де, ерлік өмірімен де кейінгі ұрпаққа, туған халқына үлгі болды.
«Халық жадында Ақан мен Құлагер есімі егіз ұғым болып мәңгі қалмақ!»

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қ.Мырзалиев «Ана »өлеңі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау


Өткен сабақты еске түсіру үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Мағынаны тану


Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Өлеңді құрылысына талдау


Бәрі де, Ана, / бір өзіңнен / басталды. (а)
Сен деп жаздым / алғаш өлең / дастанды. (а)
Қуандым ба, / өзің бар деп / қуандым. (б)
Жыладым ба, / өзің жоқ деп / жас тамды. (а)
(3 шумақты, 12 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы)

«Ана» сөзіне ассосация


Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.
Оқушылар жауабы:
                                              қадірлі

                    ақылды                                                 дос

                        сұлу аяулы

                        ажарлы       құрметті

                                                 мейірімді


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Ой толғаныс.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Синоним.
Мақал-мәтелдер айту
Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық.
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.

Анасын көріп қызын ал,


Аяғын көріп асын іш.

Ананың ойы – балада,


Баланың ойы – далада.

Әкеге қарап, ұл өсер,


Шешеге қарап қыз өсер.

Анаңа ауыр сөз айтпа,


Атыңа ауыр жүк артпа.

Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да


қарызынан құтыла алмайсың.

Сергіту сәті


«Ана» туралы өлең айту
- «МузАрт» тобының репертуарындағы  «Анаға сәлем» өлеңін айту.

Шығармашылық тапсырма.


«Ана» тақырыбына шағын эссе жазу. (өлең шығару)
Оқушылардың жазған эсселері мен өлеңдерін оқыту.

Анаға тілек тренингі.


Әр оқушы анасына тілектерін жазып, тақтаға ілу.

Сабақтың қорытындысы.


- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
- Сабақ ұнады ма?

Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында.


Ана – бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы пейілді жандардың бақытты болуын ойлау керек.

Үй тапсырмасы

«Ана» туралы өлең құрастырып келу.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет