Сабақтың атауы Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сілтеме



бет14/15
Дата14.04.2017
өлшемі3,03 Mb.
#13763
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең» әңгімесі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік: Оқушыларға  қазақтың көрнекті жазушысы әрі драматургі
Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы  туралы әдеби білім бере отырып,  Қабдеш  Жұмаділовтің  «Қозыкүрең» әңгімесінің сюжетін меңгерту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды  ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш  Жұмаділовтің портреті, шығармалар жинағы,белсенді тақта.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау


І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
                                                2.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
                                                3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
 Т. Молдағалиевтің өмірі жайлы  мәлімет

« Бауырлар» өлеңін  жатқа сұрау


Оқушылардың үй тапсырмасын айтқысы келетіндерінен сабақ сұрап, бағалау парақшасына белгі соғып қоямын. Парақша белсенді тақтадан көрініп тұрады.
 
ІІІ. Білім  тексеру:
Сұрақ  жауап:
Тұманбай Молдағалиевтің  бұл өлеңі  кімдерге  арналады?
Т. Молдағалиев  әлемнің  әр  түпкіріне  шашырап  кеткен  қандас  бауырларымызға   нендей  өтініш,  тілек  білдіріп  отыр?

ІVЖаңа  сабаққа  дайындық
1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу
2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру
 
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
 
1.  Қабдеш  Жұмаділовтің шығармашылығы туралы  мәлімет  беру.
Жазушы  Қабдеш  Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», «Сарыжайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді.
Жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.
Халықтың дүниетанымын бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы – тарихи шығармалардың да шебері.
Сендерге ұсынылып отырған «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырғаның ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.
«…Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген – «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Осы әңгімедегі тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен  шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас шалдың тағдырына ой жібере отырып, Қабдештің айтар сыры мұнымен бітпейтінін, әдебиетімізге бір үлкен суреткердің өз тақырыбымен келе жатқанын шамалағанбыз. Көп ұзамай бұл болжам расқа шықты. Айналасы он шақты жылдың ішінде «Соңғы көш»  дилогиясы мен «Тағдыр» романы дүниеге келді.
Қабдеш – тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы»
                                                                     ӘкімТарази
2.Әңгімені  байыптап  оқып  шығу.
3.Әңгімені  бөлімдерге  бөліп ат  қою,  жоспар  құру.
VІ. Түсінік  тексеру:
1.  Сұрақтарға жауап беру.
Ағыбайлар  қырғыз  досы Төреқұл  ауылына  бару  сапарына  неге  ерекше  мән  берді?
Ағыбай мен  Төреқұл  достығы  қашан,  қалай  басталған?
Төреғұл  Ағыбайларды  қалай  қарсы  алды?
Әңгімедегі  Саяқбай  жылқышы  қандай  адам?
Саяқбайдың  Қозыкүреңді  аман  алып  қалу  үшін  жасаған  әрекетін, жануарды  арулап  көмуін  қалай  түсінуге  болады?
«Біздің  арамыздағы  достықты  осы  балалар  жалғастыратын  болсын» деген  сөзді  қалай  түсінуге  болады?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Ержанның  қырғыз,  қазақ  халықтарына  туыстығы  туралы  ойларын  мәтіннен  тауып оқу.
Қозыкүреңге  байланысты  Төреқұл  әңгімесін  мазмұндау.
Әңгімедегі Қозыкүреңнің  өзін – өзі жаратып, дайындалуын  тауып  оқу.
Саяқбайдың  Қозыкүреңге  сүйіспеншілігін  мазмұндау.
Әңгімеде  портреттік  суреттемелер  бар ма?  Мысал  келтір.
Әңгімеден  теңеу  сөздерді  табу. Оқушыларды сабаққа қатысуы мен біліміне, тақырыпты меңгеруіне және сөйлеу тіліне қарап бағалаймын.
(Белсенді тақта арқылы ұпай сандарын оқушылар өздері де есептеп отырғандықтан бағалау өте әділ өтеді.)
Үй тапсырмасын беру: 
1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу.
 2. «Бәріміз де  туыспыз» деген  тақырыпта  шағын шығарма  жазу.



Мағынаны тану


Сергіту сәті



Ой толғаныс


Үй тапсырмасы

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



25 .04.2014ж

жұма

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Нажімеденов «Сен ақылды болсаң екен... », «Жаманыңды көрмесем»


Жалпы мақсаты:

Оқушыларға Ж.Нажімеденовтың өлеңдері туралы мәлімет беру,өмірдегі өз орындарын түсіне білуге ынталанады,ниет білдіру қасиеттерін ұғынады,идеясын ашады,әке мен бала арасындағы сыластықты ұғынады.

Оқу нәтижелері:

Ауызша сөйлеу мәдениетін арттырады,өлеңдерді түсініп,мәнерлеп,көркем оқуға дағдыланады.Өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге төселеді,ой-өрісін дамытады,ынтымақтастық қасиетін,адамгершілікке тәрбиелейді.

Түйінді идеялар:

Поэзияны сүюге талпынады. Өлеңді өздіктерінен талдай алады.Бір-бірін тыңдау ой қосу мәдениетін қалыптастырады.

Сабақ кезеңдері:

Кіріспе

Уақыты:

3 минут


Тұсаукесер

Уақыты:

10 минут

Негізгі бөлім

Уақыты:

20 минут

Қорытынды:

10минут
Үйге тапсырма:

2 минут

Дереккөздер:


Ұйымдастыру кезеңі:

Тренинг: Майшам тілек айту. Жарық сәулесі жарқырап....

Өткенді қайталау

Үй тапсырмасын тексеру. Тақтада ілулі тұрған критерий шкаласы бойынша бағаланады тілін, ойын анықтай отырып, бағалау /смайликтер мен мадақтау/.

-Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапары.

-Қозыкүреңнің өзін-өзі жаратып,алыс жолға дайындалуы мәтінде қалай бейнеленген?

-«Бәріміз де туыспыз» шығарма



Жаңа сабақ.

І. «Қызығушылықтарын ояту» мақсатында әнұран тыңдалады. /балалар пікірін тыңдау/

- Оқушылар, бүгінгі біздің тақырыбымыз Ж.Нажімеденовтың «Сен ақылды

болсаң екен...», «Жаманыңды көрмесем» (оқушылар дәптерлеріне жазады)



II. Тыныштық сәті.

- Ж.Нажімеденовтің өлеңдерін мәнерлеп оқып беремін.



III. Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі:

I топ «Арман тілек» парағын толтыру.

II топ. «Нышан білдіру» (тілек жазу)

III топ. Әке туралы мақал – мәтелдер жазу.

ФБ жүргіземін.

Оқушыларды смайликпен және қол соғып, шапалақпен бағалап отырамын.



Рефлексия немесе кері байланыс: Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар:

- Ақын өлеңдерін кімге арнаған?

- Автордың айтпақ ойы не?

- Барлық әке арманы не?

- «Мен әкеме тілеймін!» әр оқушы өз әкесіне арнап тілек айтады.

Сергіту сәті: «Жұмыр қылыш» би ырғағы.
Өлеңдерден үзінді жаттау. «Менің әкем бәрінен жақсы» ой толғау

Қазақ әдебиеті: 5 сынып Алматы «Атамұра» баспасы 2010 ж. Авторлары

Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №11 2013 ж. Әдістеме құралдары




Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Н.Сералиев «Аңсау»әңгімесі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Ақынның өміріне шолу жасау, көркем оқуға үйрету және идеялық- тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру.

Дамытушылық: түсініп оқу дағдыларын арттыру, еркін ойлауға, өз бетімен шығармашылық ізденіске үйрету. Шығарманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: шыдамдылыққа, жақсылық жасауға, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту


Серәлиев Нәсіреддин «Аңсау»

Өмірдерек

Насреддин Сералиев 1930 жылы 25 қазанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы «Қашқансу» ауылында туған.

1944 жылы Абай атындағы жетіжылдық мектепті бітіріп, сол жылы

Қызылордадағы педагогикалық училищеге түседі. 1948 жылы Н.В Гоголь атындағы педогогикалық институтың филология факультетіне түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. 1952-58 жылдыры жазушы облыстық «Ленин жолы» газетінде, кейін «Үгітші блокнотында», «Пионер» және «Балдырған» журналдарында қызмет істейді. 1962-65 жылдары өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші, 1968 жылдан қайтыс болғанға дейін осы бөлімшенің жауапты хатшысы болып қызмет атқарды.

Н.Сералиевтың «Ұшталмаған қарындаш» (1956ж), «Намыс» (1959ж), «Ақ лақ пен қара лақ» (1961ж), «Ақбөпе» (1968ж), «Ақ қайың» (1967ж), «Ыстық күлше» (1969ж), «Қарақыз» (1969ж) т.б кітаптары бар.

Н. Сералиевтың аударуымен И. Котляровскийдің, А. Гайдардың, С.Баруздиннің шығармалары қазақ оқырмандарының қолына тиді.

Жазушы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

Н. Сералиев 1989 жылы қайтыс болды. Бейіті Шымкент қаласы маңындағы зиратта.
Туындылары

«Намыс (1959),

«Ақ лақпен қара лақ»

(1961), «Әңгелек» (1964),

«Ақбөпе» (1966),

«Ақ қайың» (1967),

«Ыстық күлше» (1969),

«Қаңтар (1971)

«Зеңгір аспан»,

«Махаббат туралы хикая»,

«Құм адамдары»

«Ақмаралдың өтініші»

«Бор «

«Вокзалда»



«Мейірімді қыз»

«Райхан»


«Торы ат»

«Түйме»


Тәртіпсіз лақ

«Шәкеннің ағасы»






«Аңсау»

  1. Шығарманы оқыту

  2. Жоспар құрғызу

  3. Сөздік жұмыс

  • Зәңкиген-еңселі,биік

  • қапырық-өте ыстық

  • саяжол-ағаштардың көлеңкесі түсіп тұрған жол

  • жаялық-жас нәрестені орайтын жөргек мата

  • алагүлік-қоңыздың бір түрі

  • азанда-таңеретң

  • кремпілен-матаның атауы

  • қиямет-қиын




Мағынаны тану


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Бекіту:

Ермек




Ермектің анасы




  1. Қария қалаға неге келді?

  2. Ол кімге жолықты?

  3. Бала кімді аңсап жүр?




Үй тапсырмасы

Серәлиев Нәсіреддин өмірі мен шығармашылығы, «Аңсау» мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Т.Молдағалиев «Бауырлар»

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а) Оқушыларға тақрыпты ашу, талдау түсіндіру. Рухани ойлау сөйлеу қабілеттерін арттыру.

  Б) Өз махаббаттарын күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру.Жаныңда жүрген адамдарға деген сүйіспеншілітерін дамыту. Отанға, елге, жерге.

 В)Табиғатқа деген сезімін ояту.Өзін-өзгені сыйлай, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, талдау, (сөздікпен жұмыс), жеке тапсырмаларды орындау.


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы сыныпты топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Өткен сабақтарды пысықтау


Үй жұмысын тексеру: С.Жүнісов «Ақырғы бәйге»

      1. С.Жүнісов өмірбаяны туралы не білесің?

      2. Оқиға қандай өңірде жерде кімнің асын беру тойы өтіп жатыр?

      3.Мынау пырақ екен *деген сыншыл қарсы кіім?

      4.Ат үстінде неше түрлі өнер көрсеткен кім еді? Асқа жиналғандарға не днп жар салды?

      5. Мөңкеге Ақан не деп кеңес берді? Неше жүз жылқы бәйгеге қосылды?

      6. Құлагердің қос жауы кімдер  еді?

      7. Ақырғы бәйге жоспар ір бөлімге?

      8. Құлагердің мертіккен кездегі тргедиялың жан жүйін ақын қалай суреттеген?

      9. Ақан рөлін кім сондайды көрсетіп көрші?



Мағынаны тану


Өмірі мен шығармашылығы:

Т.Молдағалиев 1935 ж Алматыоблысы, Жерсу деп аталатын ауылда дүниеге келген. Тұманбай пооэзиясымен туған елге,  туған жерге, Отанға ата мен анаға, дос құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне  ұялатып келеді.



Қызметі: Сыршыл лиризмді дамытқанақын, Қазақстанның халық жазушысы.

ҚазМҰУ-дың фиология факультетін бітірді.

1959-1970  «Пионер» журналында қызмет атқарады.

 1970-1973   «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды.

1973 ж  «Жазушы» , «Жалын» журанлының бас редакторы болып істеді.

1992 ж  Физули атындағы  халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды.

Қазір  «Балдырған» журанлының бас редакторы.

Шығармашылығы: Өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты.

1954 ж тұңғыш өлеңі  «Украйна қызына» жарияланды.



Кітаптары: «Ескерткіш»1962 ж

 «Шақырады жаз мені»   «Жүрек ояу қашанда»



Әнге жазылған өлеңдері:

«Құстар қайтып барады»                «Бақыт құшағында»

«Әнім сен едің»          «Шақырады көктем»

Қауқылдасып қалдық-ау, есендесіп

Таңнан тағы тербетті шешем бесік

Қарсы алуға дайын тұр бауырларың

Өз жеріңе бәріңе де келсең көшіп.

Мәтінмен жұмыс :

А) мазмұндау                        в)  әр оқушы өлеңді мәнерлеп оқып жеке-жеке талдау.

Б) өз ойларын дәлелдеп айту

 

Ән: Құстар қайтып барады: Рая, Айсылу, Гулмира, Гүлсайран.

 Мазмұны:                 Осы өлеңде ақын ағамыз ТұманбайМолдағалиев Қазақ жерінің кең байтакқ алқап екенін, кең пейілділігін  береке-бірілікке тартуын жан-жақтағы шашылған тарыдай  қазақ баласына құшағын айқара ашқан жұдырықтай жүрегінің ақ пәктігін көреміз. Өз отанымыз бай еліміз кең байтақ жеріміз бар ел басымыз бар келем деген жан баласына есігіміз жеріміз төріміз бәрі ашық деген ойда айтылған. Сонау ел-елде жерде жүрген қазақ баласы ешқашан тілек дейін салт-дәстүрін ұмытпаған. Көзінің қарашығындай сақтап келгендігі сөзсіз.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Сабағымызды мақал-мәтелдермен қорытындылаймыз.

1.  Кісі елінде сұлтан болғанша

     Өзі еліңде ұлтан бол

2 .Бассышы жоқ ел жетім

      Елі жоқ жер жетім

   3 Ағасы бардың жағасы бар

       Інісі бардың тынысы бар

    4 .Жері байдың елі бар.

    5. Бірлік болмай тірлік жоқ

     6.Көз қорқақ, қол батыр                

     7.Кең болсаң, кем болмайсың.

           Сонымен бүгінгі тақырып ұнады ма балалар, түсіндіңдер ме? Өз елімізде бақытты өмір сүрейік елімізді жеріміздің бар екенін мойындап елімізге отанымызға деген сүйіспеншілігіміз оянсын!



Үй тапсырмасы

Жаттап келу.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ф.Оңғарсынова «Оюлар»өлеңі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы халықтың асыл қасиетін өзіне жинақтаған ұлттық қолөнер бұйымдарын, ою-өрнегін, халықтық дәстүрді, өнерді дәріптеу арқылы оны бағалап, қастерлеуге баулу. Олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам және белсенді біліктілік шеберліктерін дамытуға ықпал ету.

Дамытушылығы: Оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру, ой өрісін дамыту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікке, шеберлікке, шапшаңдыққа, еңбекке баулу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау


Қ.Жұмаділовтың «Қозыкүрең» шығармасына байланысты «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта жазып келген шығармаларын оқыту, бағалау.

Мағынаны тану


ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

  1. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. (Интерактивті тақтадан көрсету)

  2. Ассоциация құрастыру

«Ою» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу

(Мұғалім мәнерлеп оқиды. Содан кейін оқушылар тізбектей мәнерлеп оқиды. Қысқаша өлеңнің мазмұны сұралады.)

  1. Сөздік жұмыс

БАСҚҰР – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.

ЖЕЛБАУ – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.

(Интерактивті тақтадан киіз үйдің суреттері мен жабдықтары арқылы түсіндіру.)



  1. Әдебиет теориясы

Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау

Түрін-ай\\ текеметтің!\\Асыл қандай!

Үңілдім\\ үнсіз ғана\\ басымды алмай.

«Келе ғой,\\ қошақаным,\\ өзіме!» деп,

Әжем кеп\\ сипағандай\\ шашымнан жай.

4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

6. Бекіту

Оқулықпен жұмыс

Оюлар ойдыру. Оны өлең тілімен суреттеп жазу.

(Күй ойнап тұрады, оқушылар ойған оюларына байланысты 1 шумақ өлең шығарады.)

Интерактивті тақтадан әр түрлі оюлар көрсетіліп жатады.

Сабақты қорытындылау:

Міне, балалар, Фариза апаларың:

Шебер көп бұл заманда кілең керім,

Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.

Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан,

Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,- деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырса, Фариза апамыз өзінің өлеңдерімен жұртты сүйсіндіріп, халқының аяулы қызына айналып отыр.

Сонымен «Оюлар» өлеңінен оюлардың шығу тарихынан көптеген мағлұматтар алдық. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңші. Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.


Үй тапсырмасы

  1. Өлеңді жаттау.

  2. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында қосымша деректер жинап келу

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

К.Ахметова «Қазағым менің»өлеңі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

а/ Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру.

ә/ Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту.

б/ Еңбек етуге, ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу.

Түрі: Жаңа білімді игерту

Әдісі: Сұрақ-жауап. Түсіндіру.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулық.


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Әнұран айтқызу.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту


Қызығушылықты ояту.

«Туған өлкем-тұнған шежіре» деген тарау аты тақтаға жазылады.  Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді.

-Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4сөз, 2тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының тақырыбын ашу. «Шежіре» сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру.

-Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елге қай халық ие?

Қазақ халқы.

Қазақ қандай халық?

Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу.

өнерлі    ---------           Қазақ  --------            қонақжай

ақылды   ---------           азат    --------           батыр

Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.

-батыр-қонақжай-өнерлі

Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді. Мысалы, 1-топ батырлықты дәріптейді.

2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді.

3-топ өнерлерін көрсетеді.


Мағынаны тану


-ақын Күлаш Ахметова «Қазағым менің» деген өлең жазған екен, -деп, автормен таныстырып өтіп, сабақты жалғастыру.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

1-топ. Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?

2-топ. Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?

3-топ. Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?

3.Ой толғау.

Тған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келіп, Қадыр Мырза Әлидің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен үзінді алып, интерактивті тақтаға немесе плакатқа жазылған түрінде ілу.

Осы өлеңді мәнерлеп оқыту.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

а) «Венн» диаграммасы арқылы немесе сызба арқылы өлеңді салыстыру.

ә)  Қадыр ақынның қазақтың бейнесін қалай толықтырғанын өлеңнен тауып, сызбаны толықтыру керек. мысалы, тілге бай, дос, бауырмал, атбегі, әнші, күйші,...

Енді топтаудың төбесіне «Қазағым менің» деген сөз жазылады.

- Бугін біз сабақта топтау арқылы не жасадық?

- Қазақ халқын сөзбен мүсіндегендей болдық.

- Біз өзіміз үшін не жаңалық ашқандай болдық?



Үй тапсырмасы

Қазақ бейнесін шығаруда оқушылар 4 немесе 5 жолды өлең жазуына болады.Немесе «Бақыттымын» атты эссе жазуды да тапсыруға болады.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет