Сабақтың атауы Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сілтеме



бет6/15
Дата14.04.2017
өлшемі3,03 Mb.
#13763
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сырым мен Малайсарының шешендік сөздері

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

Шешендік сөздерді оқи отырып, сөздің қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі ролін таныту; Сырымның іс-әрекетін талдай отырып, перзенттік парызды сезіну; Шешендік жұмбақтар мен шешендік келісімдерді оқи отырып, сөзді пайымдау, тапқырлық қасиеттерге баулу;

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

І топ: «Ойшылдар»
ІІ топ: «Алғырлар»
ІІІ топ: «Білгірлер»

Ынтымақтастық атмосферасы

- Балалар, мен күнге таң қаламын. Неге десеңдер, күн сиқыршы сияқты. Жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Жан дүниеміз тыныштық пен ізгілікке бөленеді. Сиқырлы күн өкпелегенді жазады, мұңайғанды жұбатады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, мейірімді жарық,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым
Мұғалім:
- Біз қандаймыз?
- Біз көңілдіміз!
- Біз қандаймыз?
- Біз батылмыз!
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызды қалай өткіземіз?
Оқушылар: керемет қылып өткіземіз.
Мұғалім: Ал, енді, сабағымызды бастаймыз.

Қызығушылықты ояту


Шешендік өнердің қазақ халқының тарихындағы орны қандай?

-          Заң

-          Тәртіп

-          Ел бірлігі

-          Әділеттік

-          Тәрбие

-          Тапқырлық

-          Салт-дәстүр



Мағынаны тану


Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

Қандай би-шешендерді білесіңдер?

Сырымды кім деп танисыңдар?

Мағынаны тану

ЖИГСО


І топ Сырым мен Малайсары

ІІ топ Сырым мен Ақсуат

Мазмұнмен жұмыс

Композициялық талдау



  1. Оқиға қалай басталды?

  2. Оқиға қалай дамыды?

  3. Оқиға қалай шешімін тапты?

І то

Сырымның Малайсарыдан бата сұрай келуі

Малайсарының бітпеген ісі

Сырымның тапсырманы орындауы

Малайсарының риза боп, бата беруі

ІІ топ


Сырымның Ақсуаттан құн сұрауы

Сырымның орынды талабын айтуы

Бітімге келу


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Ой толғаныс

І топ

Шығармадағы қазақ салт-дәстүрлерінің көрінісі, орны



ІІ топ

Шығармадағы нақыл сөздерді табу, қызметі



Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Қасиетті Құран Кәрім туралы «Адам ата»

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,суреттер,кеспе қағаздар

Жалпы мақсаттар

1. Діни әңгімелерді оқи отырып, Ислам діні, Құран Кәрім туралы оқушылардың түсінігін кеңейту;

2. «Адам ата» әпсанасы арқылы адамзат алдындағы оң бағыт пен теріс соқпақ, имандылық пен әзәзілдіктен дұрыс жолды таңдау керектігін ұғыну;

3. Оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру;


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым!


Үй тапсырмасын сұрау


Құран Кәрім дегенде ойымызға не келеді?

  • Тарих

  • Әдебиет

  • Әдет-ғұрып

  • Салт-сана

  • Шариғат

  • Тазалық

  • Шипагерлік

  • Әділдік

Мағынаны тану


 Электронды оқулықпен жұмыс

  1. Түсінік

  2. Мәтін

  3. Сөздік

  4. Талдау

  5. Қосымша оқу

Түсінік

Жер бетіндегі халықтардың көбі бір Аллаға табынады, сыйынады. Осы үлкен сенім адам баласына көмектеседі. Осы сенімнен дін тарайды. Дүние жүзіне кең тараған төрт ірі дін тармақтары Ислам, Христиан, Будда, Католик діндерінің бәрінің де өзегі – адамгершілік, тазалық.

Алла сөзі Жебірейіл періште арқылы төрт пайғамбарға, яғни, Мұсаға – «Таурат», Ғайсаға – «Інжіл», Дәуітке – «Забур», Мұхаммед пайғамбарға – «Құран Кәрім» тапсырылады.

Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар ғалейһи-салам арқылы жіберген ақиқат жолы, дүние жүзіне ең ықпалды әрі кең тараған дін. Ислам арабша мойынсұну, амандық, татулық деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбарға түсірілген Құран Кәрімді өзінен бұрынғы кітаптардың растаушысы (барлық пайғамбарларға бұрын жіберілген өсиеттерді түгел қамтиды.) және Жаратушының ең соңғы өсиеті деп санайды.

Мұсылмандар – Мұхамбет пайғамбардың үмбеттері.

Сөздікпен жұмыс

Алла – Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы.

Уаһи – хабар.

Сахаба – пайғамбарымыздың ислам дініне үлес қосқан серіктері.

Хафиз – Құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адамдар.

Қари – Құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.

Ғайып – көзбен көрмесек те, жүрекпен, иманмен сезінетін әлем.

Сапиолла – Адам атаның шын есімі.

Уасуаса – азғыру.

Талдау

Дискуссиялық карта



Шығармадағы жақсылық пен жаман істерді талдай отырып, кестені толтыру


+

-










Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

«Соңғы сөзді мен айтамын»

Шығарманың ой түйінін анықта.

Үй тапсырмасы

Міндетті деңгейлі тапсырма

Әпсана-хикаятты мазмұндау

Оқулықтағы шығарма соңындағы тапсырмаларды орындау

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма

Адам ата мен Хауа ана екеуі тыйым салынған жемісті жемегенде не болар еді? (Шығарманың өз ойынша аяқтау)



Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет